3.1.5 АІЖ жататын аурулар
Таралған инфекциялар: сепсис, бактериальдышок, вирусемия және т.б.
Шектелген инфекциялар
Тері жамылғылары және тері асты клетчатка инфекциялары: инъекциядан кейінгі абсцесстер, омфалит, тілме, пиодермия, тері асты клетчаткасының абсцессі және флегмонасы, парапроктит, мастит, дерматомикоздар және т.б.;
Респираторлы инфекциялар: бронхит, пневмония, плеврит және т.б.;
Көз инфекциялары: конъюнктивит, кератит, блефарит және т.б.;
ЛОР-инфекциялар: отиттер, синуситтер, ринит, мастоидит, ангина, ларингит, фарингит және т.б.;
Стоматологиялық инфекциялар: стоматит, абсцесс жәнет.б.;
Ас-қорыту жүйесі инфекциялары: гастроэнтероколит, энтерит, колит, холецистит, гепатит, перитонит және т.б.;
Урологиялық инфекциялар: пиелонефрит, цистит, уретрит және т.б.;
Жыныс жүйесі инфекциялары: эндометрит және т.б.;
Буын және сүйек инфекциялары: остеомиелит, артрит, омыртқа аралық дискіинфекциялары;
Орталық жүйке жүйесі инфекциялары: менингит, ми абсцессі және т.б.;
Жүрек-қан тамырлар жүйесі инфекциялары: эндокардит, миокардит, перикардит, ота жасалғаннан кейінгі медиастинит [7].
Достарыңызбен бөлісу: |