С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет115/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

14.4-сурет
Идиотиптік байланыстар


14-Тарау. Адаптивті иммунитеттің гуморалды механизмдері
235
Егер антигенге карсы антидене түзілсе, онда оған карсы 1-реттік анти- 
идиотип атты антиидиотип түзіледі. Өз кезегінде 1-реттік антиидиотип 
лимфоцит клонымен антиген ретінде танылып, оған карсы 2-реттік 
антиидиотип түзіледі. 2-реттік антиидиотип антигенге комплемен- 
тарлы антидененің активті орталығына сәйкес келеді (14.5-сурет) 
Осы жол аркылы антиидиотиптер антигенге карсы иммунды жауапты 
күшейтеді. Сонымен катар, клон ішіндегі жасушалардың селекциясы 
жүреді, яғни антигентанушы рецепторларының жоғары арнайылығы 
бар жасушалар басымдылык көрсетіп, арнайылығы жоғары антидене- 
лер түзілуін шакырады.
Антиидиотипті антидене (2-ші реттік антидене) тек бір ғана 
идиотиптік антиденелердін шығуын баяулатады, бірак баска идиотиптік 
маркерлері антиденелердің түзілуіне әсер етпейді.
Өзінің баскаша химиялык кұрылымына карамастан, антиидио- 
типтік антиденелердін белсенді орталығының кеңістіктік кұрылымы
1-реттік антиденелер түзілуін тудырушы антигеннің кеңістіктік 
кұрьшымына жакын болады. Сондыктан, көптеген иммунологиялык 
үдерістер кезінде (мысалы, иммунологиялық төзімділік даму және 
сақталу кезінде) организмде антиген болмағанда, оның кызметін 
антиидиотиптік антиденелер аткара алады.
АИТ-ІІ
14.5-сурет. 
Антиидиотиптік тор: 
А Д
— антигенге карсы антиденелер; АИТ-І — 
1-ші реттік антиидиотип; АИТ-ІІ — 2-ші реттік антиидиотип


236
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
Антиидиотиптік иммуноглобулиндер антиген ретінде антиидио- 
типтік антиденелерді түзеді (3-реттік антиденелер). Тәжірибе түрінде 
организмде бірден бірнеше реттік антиденелер бола алады (3-лік және 
4-лік). Бұл антиденелер тек бір-бірімен араласпайды, сонымен катар, 
сай келуші лимфоцит клонының антигентанушы рецепторымен байла- 
ныса алады (идиотипке және антиидиотипке комплементарлы рецеп- 
торы В-лимфоциттерде ғана емес, сонымен катар, Т-супрессорларда 
бола алады). Сөйтіп, иммунды жауаптың күрделі кен денгейлі тізбегін 
реттейтін жүйесі жасалады.
Қарапайым түрде В2 және ВЗ-клондарынын 1, 2-реттік антиидио- 
типтерімен өзара тежелуі ВІ-клонынын калыпты кызмет аткаруын 
көруге болады. Егер организмде антиген молекуласы аз мөлшерде бол- 
са, 2-реттік антиидиотип синтезделінбеуі мүмкін.
Бүл жағдай 1-реттік антиидиотипке сай рецепторлары бар Т-су- 
прессорлардың белсенуін және берілген антигенге карсы кызмет 
атқарушы лимфоциттер клондарының тежелуін шакырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет