554
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
қамтамасыз ететін иммундық жауаптың маңызды реттегіші болып
табылады.
ИНТЕРЛЕЙКИН-11
(адам хромосомаларынын
19-жұбы).
Бұл
молекулалык салмағы 26 000 Д гликозидтелмеген нәруыз. Ол
фибробласттармен, трофобласттармен бір катар стимулдардын (ИЛ-1,
форболдык эфирлер, О^Ғ-(3) әсерінен өндіріледі, бірак шеткері кан
жасушалары ИЛ-11-ді синтездемейді.
Осы тұкымдастыкка жататын цитокиндер сиякты (м.ү., ИЛ-6)
ИЛ-11
плейотроптық цитокин болып табылады. Гемопоэздік жүйеге
белсінділік көрсете алатындықтан, ИЛ-11 қан түзудің алғашқы
бастауыштарының
(алғашкы бағаналы жасушалары, эритроидтік
бастауыш жасушалары және мегакариоциттердің бастауыш жасу-
шалары) көбеюін негіздейді, сүйек кемігінін бағаналы жасушаларын
ИЛ-З-тін әсерін кабылдауға дайындайды,
миело- және эритропоэзді,
мегакариоциттердің дамуын сүйемелдейді, сонымен катар анемияны
шакыра алады.
ИЛ-11-дің бауырға
катысты
(жедел
фазасының
нәруызары
синтезінің индукторы), стромалык (аркаулык) жасушалар жүйесіне
катысты (адипоциттердін пісіп-жетілуін тежеу) және ішектің эпителий
жүйесіне катысты (корғау/регенерация) белсенділігі байкалады. ИЛ-6
сиякты, ИЛ-11 Т- және В-лимфоциттеріне тікелей әсер көрсетпейді.
ИЛ-11 нейтрофилдердің жетілуін сүйемелдеп, иммундық жауап
пен кабынудың дамуын коздырады, липопротеиндік липазаның
белсенділігін төмендетеді.
Біркатар эффектілер бойынша ИЛ-11
ИЛ-
6
-ның қызметтерін
қайталайды.
Мысал үшін, ИЛ-6 сияқты, ИЛ-11 антидене өнді-
руші жасушаларының саны көбеюін шакырады және тышкан плаз-
мацитомасының ИЛ-6-тәуелді жасушалык тізбегін коздырады, адам
мегакриобласттарының тізбектеріне аутокриндік өсу факторы ретінде
әсер етеді, бауырда жедел фаза нәруызары өндірілуінін стимуляторы
болып табылады. ИЛ-11 мен ИЛ-6-ның
рецепторлык компоненттері
ортак болғандыктан (§р 130) кызметтері де ұксас.
ИНТЕРЛЕЙКИН-12
(тектері: р40 суббірлік үшін — хромосомалар-
дың 5-жұбы; р35 — 3-жұбы). 35 000 пен 40 000 Д молекулалык салмағы
бар полипептидтік тізбектен кұралған гетеродимер. Бактериялармен,
жасушаішілік паразиттермен немесе олардын өнімдері мен коз-
дырылған макрофагтар/моноциттермен, дендриттік жасушалармен
және бактериялык өнімдермен белсендірілген В-лимфоциттермен
өндіріледі.