3-анықтама. Егер екі немесе одан да көп векторлардың бастары бір нүктеде түйіскен болса, ондай векторлар үйлескен деп аталады (1.1а-сурет).
4-анықтама.Вектордың бас нүктесі мен соңғы нүктесі үйлескен болса, ол вектор нөльдік вектор деп аталады. Нөльдік вектордың бағыты анықталмаған, яғни кезкелген бағытты қабылдайды. Нөльдік векторды түрінде белгілейміз.
Ескерту: Қарастырылатын векторының бас нүктесі үшін кеңістіктегі немесе жазықтықтығы кезкелген нүктені (қажеттілігіне қарай) алуға болады. Сондықтан, олар да бос немесе ерікті векторлар деп атайды. Алдағы уақытта қарастырылатын векторларды ерікті векторлар деп түсіну қажет.