Информатика 6 «А» сынып Информатика пәнінің мұғалімі Г.К.Даулетбаева
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 1
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру.
Табыс критерийлері:
1.Қауіпсіздік ережесін жатақа айта алады.
2. Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алады.
3. Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете аладыы сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін біледі.
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері" ойыны. Жаңа сабақты байланыстырып топқа бөлу. "Миға шабуыл" әдісі, "қарлы қағаз" ойыны, "Ой қозғау" тәсілі, "Есте сақтайық"жаттығуы,"Критериалды бағалау" әдісі. Сабақтың барысы:
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин.
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңберін» құрғызу.
Орындарынан тұрғызып жазғы демалыс кезіндегі қызықты оқиғаларын айту арқылы жаңа сабаққа қызықтыра отырып жаңа оқу жылында информатика сабағына белсене қатысып информатиканың шыңына үлкен білім ұшағына мініп жетуіміз қажет екенін айтыу.
«Қарлы қағазы» ойыны
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
|
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар бір- қағаздан алып жаңа оқу жылына бір-біріне тілек жазады да шеңбер болып тұрып аспанға лақтырады. Қағып алған оқушы сол тілектерді өз жадында сақтайды.
Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
|
Қағаздар
|
Тұсаукесер
5 мин.
|
Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.
1.Информатика.
2.Компьютер.
«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?
Жалпы қандай қауіпсіздік ережелерін информатика кабинетіне қосуға болады?
|
Атауларға байланысты шағын топқа бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
8 мин
15 мин
7мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру».
« Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру » тақырыбында конспекті жазу.
«Есте сақтайық» ойыны жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.
Жалпы қауіпсіздік таларптар:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, разеткаларға тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Үстелге дербес компьютердің жанына сөмке, портфель, артық заттар қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жату керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?
Ол үшін мына талаптарды орындау керек.
Мониторға дейіінгі арақашықтықты 55-65 см –ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығы)
Компьютер алдында жұмыс 25 минуттан аспауы керек.
Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.
Экранның ортасына қарау керек.
Компьютермен жұмыс істегенде әрбір 10-15 минут сайын көзге арналған жаттығуларды орындай отыру керек.
Көзге жасалатын жаттығуларды түсіндіре отырып жасап көрсету.
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады.
Оқушылар 5 минут жұптасып ақылдасады, бір біріне бағыт бағдар береді.
Мәтінді жазу, өз ойларын салыстыра отырып қорғау.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін айтып шығады.
|
АКТ
Дәптер
Дәптер
Сағат
|
Қорытынды
5 мин
|
Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.
Кері байланыс.
Сабақ түсінікті болды. Сабақ түсініксіз болды.
Үйге тапсырма беру. Қауіпсіздік ережесін жаттау.
|
Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Смайликтер.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 2
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық көрінісі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсініктерін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерін білуге дағдыландыру.
Табыс критерийлері:
Ақпарат түсінігін ұғына аламын. (1-4бал) 3деген баға
Адам өмірінде ақпараттық рөлі қандай екенін білемін. (5-8) 4деген баға
Ақпарат үдерісі дегеніміз не екенін білемін. (9-10) 5деген баға
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Сұрақ-жауап", "Миға шабуыл", "Түртіп алу", "Диалогты оқыту", "Критериалды бағалау"
Сабақтың барысы:
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин.
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Техника қауіпсіздік ережесі тақырыбындағы үй жұмысын сұрақ –жауап арқылы сұрайды.
Компьютер сыныбында қандай ережелерді орындап жүру қажет.
Көзге жасалатын жаттығулардың түрлерін атаңдар?
Бірден компьютерден сұрақтардың жауабының нәтижесі көрсетіледі.
Информатика кабинетінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жайлы үйге тапсырма берілген.
|
Оқушылар алдымен өздеріне жылы лебізін білдіріп содан соң бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Сұрақтарға жауа береді.
Компьютер кабинетінде қауіпсіздік ережесі жайлы түсінік береді.
|
Слайдтар
|
Тұсаукесер
5 мин.
|
Топқа бөлу.
Сыныпты 3 топқа бөлу. Бүгінгі сабаққа қатыстырып топқа бөлу:
Ақпаратты сақтау.
Ақпаратты есту.
Ақпаратты көру.
«Миға шабуыл» Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінеміз?
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
|
Негізгі бөлім
15мин
15 мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Әлемнің ақпараттық көрінісі »
Оқулықтағы §2 Әлемнің ақпараттық көрінісі тақырыбын топтарға оқыту. Сол тақырып бойынша оқушылар өздеріне қажетті сөйлемді дәптерлеріне түртіп алу керектігін, содан сон оқушылар топтың ішінде бір-біріне түсіндіру керектігі айтылады. Постер қорғалады.
«Түртіп алу» стратегиясы.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді ұғымды білдіреді information сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат , күделікті тұрмысқа ғылымның әр түрлі саласына кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл –қозғалыс түрінде бере аламыз. «Ақпарат сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Адам ақпаратты үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда , сезім мүшелері, ақылмен ойлау, сөзбен жеткізу.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
-Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақытқа дейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақыт мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін қағаз, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті жерді түртіп алады да мағлұматтарын дәптерлеріне түсіреді, өз тобында талқылайды, постерге түсіріп 3 топ бір-біріне түсіндіреді.
Тақырыпты ортаға салады.
Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.
Оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.
Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
|
АКТ
Оқулық
Постер
Маркер
АКТ
Компьютерлер.
|
Қорытынды
5 мин
|
Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.
Білдім. Білгім келеді.
Үйге тапсырма беру. §2
|
Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Смайликтер.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 3
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Ақпарат ұғымын қайталай отырып, ақпарат саны мен ақпаратты өлшеу жолдары туралы мағлұмат береу, оқушыларға өз беттерінше әр бір ақпаратты өлшету, өлшем бірліктері туралы мәліметті қалыптастыру. Ақпараттың қасиеттерімен олардың арасындағы айырмашылығы жайлы түсінік беру.
Табыс критерийлері:
Ақпараттың қасиеттерін білемін. (1-4бал) 3деген баға
Ақпараттың дәлдігіне анықтама береіп мысал келтіре аламын. (5-8) 4деген баға
Ақпараттың қандай жағдайда құнды екенін білемін. (9-10) 5деген баға
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Сұрақ-жауап", "Миға шабуыл", "Диалогты оқыту", "Критериалды бағалау"
Сабақтың барысы:
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин.
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Ақпарат және ақпараттық үдеріс тақырыбындағы үй жұмысын сұрақ –жауап арқылы сұрайды.
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпараттық процесс дегеніміз не?
Ақпарат пен мәліметтердің айырмашылығы?
Ақпараттық процестер?
Адамның ақпаратты қабылдау тәсілдері неше топқа бөлінеді?
Бейнелеу тәсілі бойынша неше топқа бөлінеді?
Бірден компьютерден сұрақтардың жауабының нәтижесі көрсетіледі.
|
Оқушылар алдымен өздеріне жылы лебізін білдіріп содан соң бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Сұрақтарға жауа береді.
|
Слайдтар
|
Тұсаукесер
5 мин.
|
Топқа бөлу.
Сыныпты 2 топқа бөлу. Бүгінгі сабаққа қатыстырып топқа бөлу:
Ақпаратты өлшеу.
Ақпараттың қасиеттері.
«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар адам ақпаратты өлшей алады ма? Ақпараттың қасиеті дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
|
Негізгі бөлім
15мин
15 мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Ақпараттың қасиеттері »
Оқулықтағы §3 Ақпараттың қасиеттері тақырыбын топтарға оқыту.
ЖИГСО әдісі бойынша екі топқа тақырыпты оқуды беру
Ақпараттың қасиеттері – шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.
Кез келген нысан сияқты ақпараттың да қасиеттері бар. Термометдің көмегімен температураны өлшеу арқылы сендер құралдардың нақтылығына дәлдігі тәуелді ақиқат ақпарат аласыңдар. Ақиқат ақпаратты тек қана дұрыс өлшеу құралдары арқылы алуға болады. Мысалдан көргендей, адамның түйсігіндегі ақпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Тапсырмалар:
1.Ақпараттың қасиеттерін түсіндіретін мысалдар келтіріңдер: шындық, толықтық, дұрыстық, дәлдік, өзектілік, құндылық.
2.Сөйлемдерді аяқтаңдар:
Егер ақпарат біреуге қажет болса және оны пайдалану мүмкін болса, онда ... . Ақпарат . . . шындықты бейнелейді.
Барлығына түсінікті тілімен берілген ақпаратты . . . деп атайды. Егер ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті болса, . . .. Дәл уақытында алынған ақпарат . . . болады.
3.Қандай жағдайларда қысқаша ақпарат қажет?
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздеріне қажетті жерді оқып шығып, миларына сақтап алады да постерге түсіріп 2 топ бір-біріне түсіндіреді.
Тақырыпты ортаға салады.
Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар тапсырмаларды орындап дұрыс жауаптарын өз дәптерлеріне жазып, қорғап шығады.
|
АКТ
Оқулық
Постер
Маркер
АКТ
Дәптер,
Оқулық.
|
Қорытынды
5 мин
|
Бағалау критериясы
|
Аты-жөні
|
сыныбы
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
Ақпараттың қасиеттерін білемін
|
|
|
|
|
2
|
Ақпараттың дәлдігіне анықтама береіп мысал келтіре аламын
|
|
|
|
|
3
|
Ақпараттың қандай жағдайда құнды екенін білем
|
|
|
|
|
Кері байланыс.
Үйге тапсырма беру. §3
|
Бағалау критериясы кестесін толтырады.
Смайликтерді жабыстырады
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Бағалау парағы
Смайликтер.
Күнделік.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 4
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақпаратты қорғауға, зақым әкелетін нысандарды анықтауға және вирус жұққан файлдарды емдеуге сондай-ақ файлдардың немесе операциялық жүйенің тұтастай зақымдануының алдын алуға үйрете отырып вирусқа қарсы программалдарды қолдану тәсілдерін қалыптастыру.
Табыс критерийлері:
Вирус деген не екенін білемін.
Компьютерде вирустар қалай тарайтынын білемін.
Вирусқа қарсы программалармен жұмыс жасай аламын.
Вирусқа қарсы программалардың түрлерін білемін.
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Мені түсін", "Шеңбер бойымен әңгіме", "Мені түсін", " Критериалды бағалау "
Сабақтың барысы:
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
3 мин.
7 мин
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Осы шеңберді бұзбай біз «Ақпараттың қасиеттері» тақырыбында не білетіндерін білу мақсатында үй жұмысын сұрайды.
«Шеңбер бойымен әңгімелесу» ойыны.
Ойын шартымен таныстыру. Ортада тұрған мұғалім кез-келген оқушыға нұсқау береді, мәтінді ойдан жаңғырту ойыншы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз. Ең белсенді оқушыны анықтаймыз.
|
Оқушылар бір-бірлеріне есімдерінің бас аріпі бойынша жаныдағы достарына жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Оқушылар өткен тақырып бойынша сабаққа дайындығын көрсетеді.
|
|
Тұсаукесер
5 мин.
|
Топқа бөлу.
Сыныпты 2 топқа бөлу. Жаңа сабаққа байланыстырып топқа бөлу:
Вирус.
Антивирус.
«Миға шабуыл» Вирус дегенді қалай түсінесіңдер?. Вирусты биз коре аламыз ба?
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
15мин
10 мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар»
«Мені түсін» ойыны
Шарты: Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді.
Қарсылас топтардын түйін сөздерімен салыстырып бір-бірін оқытады. Кімнің осы түп нұмқамен сәйкес келген сөздері көп болса сол оқушыға қошемет корсетеді.
Содан соң жеке дербес компьютерге отырады.
Компьютерде тапсырмалар орындау:
Оқушыларға оқулықтағы 25 беттегі Адеңгейлі, В деңгейлі, С деңгейлі тәжірибелік жұмысты компьютерде орындаттыру.
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын парақшаларға түсіреді қарсылас топтардын түсінігімен
салыстырмай тұрып топтың мүшелері топ ішінде талкыға салып өздерінің арасында әнгіме жүргізеді. Топтармен салыстырады.
Оқушылар берілген тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындайды.
Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
|
АКТ
Оқулық
Дәптер
АКТ
Оқулық
парақша
АКТ
Компьютерлер.
|
Қорытынды
5 мин
|
Өзіңді тексер!
Вирус – ол . . .
А) дискілерді тексеру құралы.
В) файлдарды көшіруге арналған программа.
С) операциялық жүйедегі қателердің салдары.
Д) көбебге қабілетті зақымдаушы программа.
2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?
А) модем
В) электрондық пошта
С) қатты диск
Д) ажыратып алынатын тасығыштар.
3. Антивирус – ол . . .
А) Файлдарды сығуға арналған программа.
В) файлдарды көшіруге арналған программа.
С) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа
Д) вирустарды құруға арналған программа.
Критерийлері арқылы өздерін бағалайды.
Кері байланыс. Түсті үлдер арқылы. Қысыл түс өте жақсы түсіндім, сары түс жақсы түсіндім, көк түс түсініксіз болды.
Үйге тапсырма беру.§4
|
Тест сұрақтарына жауап береді.
Әр топ ішінен топ басшысына бағалау парағы берілген. Бағалау парағы арқылы бағалау.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Интербелсенді тақта
Смайликтер.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 5
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программасы.
Сабақтың мақсаты Оқушыларға ақпаратты сығу, олардың түрлері, ақпараттың қызыметтері туралы түсініктерін қалыптастыру. Мұрағаттау программаның маңызы жайында түсінікті қалыптастыра отырып, Win RAR.exe, Rar.exe маңызын түсіндіру. 7-zip программасы архивтеуші программаға байланысты екендігі жөнінде хаабардар бола отырып, екі мұрағаттаушы программаның айырмашылықтарын қалыптастыру.
Табыс критерийлері:
Мұрағаттаушы программаға анықтама бере аламын.
Мұрағаттау программасының түрлері мен атқаратын қызметін білемін.
Компьютерде файлдарды мұрағаттай аламын және оны қайтадан мұрағаттаудан босата аламын.
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Қалай оқу керектігін үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шеңбер ішіндегі әңгіме", "Миға шабуыл", "Мазайка", "Критериалды бағалау"
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
3 мин.
7 мин
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
Осы шеңберді бұзбай біз «Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар» тақырыбында не білетіндерін білу мақсатында үй жұмысын сұрайды.
«Шеңбер ішіндегі әңгіме» ойыны.
Ойын шартымен таныстыру. Ішкі және сыртқы шеңбер болады. Бұнда ішкі шеңбердегі оқушылар тақырып бойынша білгендерін сыртқы шеңберге әңгімелейді сағаттын тілімен қозғалып отырады. Содан кейін сыртқы шеңбердегілер әңгімелейді.
|
Оқушылар бір-бірлеріне есімдерінің бас аріпі бойынша жаныдағы достарына жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Оқушылар өткен тақырып бойынша сабаққа дайындығын көрсетеді.
|
|
Тұсаукесер
5 мин.
|
Топқа бөлу.
Сыныпты 4 топқа бөлу. WordPad мәтіндік редакторының пернелері арқылы топқа бөлу:
Ақпаратты сығу
Ақпаратты қорғау
Ақпараттың қасиеттері
Ақпарат
«Миға шабуыл» Мұрағаттау деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
15мин
10 мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары»
«Мазайка» әдісі бойынша төрт топқа тақырыпты оқуды беру.
1.топ Мұрағаттаудың қажеттілігі.
2.топ Мұрағатты қалай құра аламыз.
3.топ Ақпараттарды қаншалықты сығуға болады.
4.топ Мұрағаттан шығу жолдары.
Содан соң жеке дербес компьютерге отырады.
Компьютерде тапсырмалар орындау:
Оқушыларға оқулықтағы 30 беттегі Адеңгейлі, В деңгейлі, С деңгейлі тәжірибелік жұмысты компьютерде орындаттыру.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
1.Мұрағаттар қандай мақсатта құрылады?
2. Мұрағаттық файлға қандай ақпарат кіреді?
3. Қандай деректерді мұрағаттаған жөн, ал қандай деректерді мұрағаттаған дұрыс емес.
4.Деректерді қаншалықты жиі мұрағаттау керек.
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқулықтан тақырыпты оқып шығады да өз топтарының ішінде талдау жасайды, түсінгендерін басқа топ мүшелеріне түсіндіріп береді.
Оқушылар берілген тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындайды.
Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша бақылау сұрақтарын жауап береді.
|
АКТ
АКТ
Оқулық
парақша
АКТ
Компьютерлер.
|
Қорытынды
5 мин
|
Критерийлері арқылы өздерін бағалайды.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үйге тапсырма беру.§5
|
Бағалау парақшалары арқылы өздері бағалайды.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Бағалау парағы.
Смайликтер.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 6
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны.
Сабақтың мақсаты Оқушыларды есептеу техникасының даму тарихымен таныстыра отырып, компьютердің буындарын салыстыра отырып түсініктерін қалыптастыру.
Табыс критерийлері:
Электронды есептеуіш машинасының буындарын білемін.
Алғашқы санау құралдары қай жылы және қай қаларда пайда болғанын білемін.
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Қалай оқу керектігін үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шеңбер ішіндегі әңгіме", "Миға шабуыл", "ЖИГСО", "Критериалды бағалау"
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
3 мин.
7 мин
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.
Орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, жақсы тілектерін айтқызады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
«Қарлы кесек» шарты оқушылар ақ қағаз алып сол ақ қағазға өткен тақырып бойынша сұрақтар жазады да оны қар тәріздес етіп орап бір біріне лақтырады. Оқушылардан Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары тақырыбында сұрарақтар дайындаттыру.
|
Оқушылар бір-бірлеріне есімдерінің бас аріпі бойынша жаныдағы достарына жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Оқушылар өткен тақырып бойынша сабаққа дайындығын көрсетеді.
|
Қағаздар
|
Тұсаукесер
5 мин.
|
Топқа бөлу.
Сыныпты 4 топқа бөлу. Жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушыларды топқа бөлу:
І буын
ІІ буын
ІІІ буын
ІV буын
«Миға шабуыл» Қандай есептеу құрылғыларын білесіңдер?
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
15мин
10 мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны»
«Мазайка» әдісі бойынша төрт топқа тақырыпты оқуды беру.
1.топ ЭЕМ І буыны (1946-1958),
ЭЕМ ІІ буыны (1958-1964)
2.топ ЭЕМ ІІІ буыны (1964-1972),
ЭЕМ ІV буыны (1972 ж бүгінге дейін)
3.топ Болашақ V буын
4.топ Есептеу құрылғылары.
Тапсырмалар орындау:
Кестені толтырыңдар:
Буын (жылдары)
|
ЭЕМ элементтік базасы
|
Жаңалықтары
|
Артықшылықтары
|
Кемшіліктері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Компьютерде тапсырмалар орындау:
Оқушыларға оқулықтағы 43 беттегі Адеңгейлі, В деңгейлі, С деңгейлі тәжірибелік жұмысты компьютерде орындаттыру.
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқулықтан тақырыпты оқып шығады да өз топтарының ішінде талдау жасайды, түсінгендерін басқа топ мүшелеріне түсіндіріп береді.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар орындаған тапсырмаларын қорғап шығады.
Оқушылар берілген тәжірибелік жұмыстарды компьютерде орындайды.
Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
|
АКТ
АКТ
Оқулық
парақша
АКТ
Компьютерлер.
|
Қорытынды
5 мин
|
Критерийлері арқылы өздерін бағалайды.
Енді сабаққа рефлексия жасайық
«Екі жұлдыз бір тілек» атты ,яғни өздерінің сабақ туралы 2 жақсы жағын айта отыра 1 тілек жазыңыздар/ауызшада/
Үйге тапсырма беру.§6
|
Стикерларды жапсыру арқылы сабақты өздері бағалайды.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Смайликтер.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 7
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дербес компьютер сәулетінің заманауи даму бағыттары туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, осы замандағы компьютерлердің басқару блогының құрылымын жетік білуге, басқару блогтың жұмыстарын, атқаратын қызыметтерін өз еркімен үйренуге бағыт бағдар беру арқылы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Табыс критерийлері:
Компьютердің сәулеті дегенді түсіне білемін? (3-4 бал) 3деген баға
Ақпараттық құралдардың құрамына кіретін (жүйелі блокта орналасқан) құрылғыларды білемін. (5-8 бал) 4 деген баға
Дербес компьютердің сәлетінің қажеттілігін білемін. ( 9-10 бал) 5 деген баға
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Алтын күз", "Ой қозғау", "Білімдарлар", "Он сұрақ", "Критериалды бағалау"
Сабақтың барысы:
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин.
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.
Шаттық шеңберін құрғызып, оқушыллардың көздерін жұмғызып қанекей балалар көз алдымызға көгілдір аспанды елестетіп, өз-өздеріне деген ыстық ықыласымызды білдірейік және менің айтқан сөздерімді қайталаңыздар «мен оқуға келдім», «менің оқығым келеді», «мен жақсы оқимын» деп қайталатқызу. Енді балалар көзімізді ашып, жанымздағы достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».
|
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мұғалімнің айтқан іс-әрекеттерін орындайды.
|
Қағаздар
|
Тұсаукесер
10 мин.
|
Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.
1.Ақпаратпен қамтылу.
2. Программамен қамтылу.
Орындарына отырғызып өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «Алтын күз» ойынын қолдану. Енді оқушылар қалай ойлайсындар бұл ойынның «Алтын күз» деп аталу себебі неде? Күз мезгіліндегі қандай мерекелерді білеміз? Соның ішінде бүгін қандай күн? Түркістан жайлы не білеміз?
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
«Миға шабуыл» Компьютердің сәулеті дегенді қалай түсінесіңдер?
(Яғни компьютердің сәулеті деп отқанымыз бұл компьютердің басқару блогының орналасу бөліктерінің құрастырылуы).
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар алдында жапырақ бейнесіндегі сары қағаздарға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазады да қарама – қарсы топ мүшелеріне береді және топтағы әр бір оқушы өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.
Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
10 мин
8мин
5мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
«ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары »
Біз өткен сабақта сіздермен электронды есептеуіш мамшинаның даму кезеңдерін өткен болатынбыз, ал бүгінгі сабақта дербес компьютердің заманауи даму бағыттарына тоқталып өтпекпіз. Заманауи компьютерлердің қазіргі таңда қандай түрлерін білеміз? Ия соның ішінде бүгінгі сабағымызды сендердің алдарыңда тұрған дербес компьютердің жүйелік блогында орналасқан құрылғылармен таныстырып өтейін. Экранға назар аударыңыздар.
«Компьютерді жүйелік блогы» тақырыбында видио көрсету.
Слайдтар арқылы жаңа сабаққа шолу жасау.
«Білімдарлар» оқыта үйрету ойыны. Оқушыларды келесі тапсырманы орындауға беремін.
1 топ постер арқылы жұмыс жасайды.
2 топ жүйелі болктың ішкі құрылғыларын құрастырады.
Содан соң жеке дербес компьютерге отырады.
Компьютерлік тәжірибелік жұмыс.
«Салыстыру», «Ой қозғау» СТО
1тәжірибе. «Компьютердің сәулеті» деген 49 беттегі суретті компьютерге енгізу.
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарын ортаға салады.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Тақырып бойынша түсіндірмені тыңдайды.
2 топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды да қарсылас тобы жасаған жұмстың қатесін қарап шығып сипаттамасына мән берді, ал келесі топ құрастырған құралдардың дұрыстығын анықтайды.
Өз пікірлерін постер арқылы қорғайды.
Оқушылар 5 минут жұптасып ақылдасады, бір біріне бағыт бағдар береді.
Топтың ішінен бір оқушы шығады, ол оқушы маңдайында не жазылғанын табу қажет, мысалы:Бұл тұлға ма? Бұл электронды есептеуіш машинасының құрылуына үлес қосқан ба? Дегендей сұрақтарды қоя отырып маңдайында жабыстырылған сөзді табады.
Оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды.
Оқушылар компьютерде жасаған мәліметтерін қалай жасағандығын айтып қорғап шығады.
Сол арқылы оқушылар бір-бірінің қателерін анықтайды.
|
АКТ
Видио ролик.
Постер
Маркер
Компьютерлер.
Постер
Маркер
Дәптер
Сағат
|
Қорытынды
5 мин
|
Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.
Кері байланыс.
Сабақ түсінікті болды. Сабақ түсініксіз болды.
Үйге тапсырма беру. §7
|
Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Смайликтер.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 8
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер және оның орындалушылары.
Сабақтың мақсаты: Алгоритм және орындаушы туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оны қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру.
Табыс критерийлері:
Алгоритмді орындау керектігін және алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыруды білемін. (3-4 бал) 3деген баға
Алгоритмді орындау принципінің мәнін түсіндіре аламын. (5-8 бал) 4 деген баға
Алгорим командасын орындаушы командасы жүйесімен сәйкестендіре аламын. ( 9-10 бал) 5 деген баға
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық», « Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».
Стратегиялық іс-әрекеттер: "Шаттық шеңбері", "Миға шабуыл", "Ыстық орындық", "Ой қозғау", "Өзің оқып үйрен ", "Кім жылдам", "Кір жаятын жіп" , "Критериалды бағалау"
Сабақтың барысы:
Уақыт өлшемі
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5 мин.
|
Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі. «Шаттық шеңбері» құрғызу.
Шаттық шеңберін құрғызып, достармыздың көңілін көтеру мақсатында оларға деген жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер. «Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».
|
Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
Қағаздар
|
Тұсаукесер
10 мин.
|
Топқа бөлу.
Жаңа сабақты байланыстыра отырып 2 топқа бөлу.
1.Алгоримнің орындаушылары.
2. Алгоримнің жазылу формалары.
Орындарына отырғызып өткен тақырып бойынша не білетіндерін білу мақсатында «ыстық орындық» ойыныны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
ДК сәулеті дегеніміз не?
Сәулеттің қандай сипаттамаларын білесіңдер?
Ашық сәулет принціпінің мәні не?
Шинаның негізгі сипаттамасы?
Жедел жады не үшін керек?
Аналық тақшаның қызметін ата? Т.б сұрақтар арқылы өткен тақырып бойынша не білетіндерін байқау.
Оқушылардың назарын сабаққа аударады.
«Миға шабуыл» Алгорим дегенді қалай түсінесіңдер.
|
Атауларға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.
Сабаққа дайын екендігін көрсетеді.
Оқушылар танымдық қабілеттерін пайдаланып өз ойларын, білгендерін ортаға салады.
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
8 мин
10мин
7мин
|
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз
« Алгоритмдер және оның орындалушылары.
Жалпы алгоритм туралы мұғалім шағын кишкене түсінік беру.
Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл - Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.
Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
Алгоритм ұйғарымдары сондай - ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект. Көбіне алгоритм орындаушысы - АДАМ. Адам орындайтын алгоритмдердің санында шек жоқ. Өйткені адам жасайтын әрбір әрекетті алгоритм деп қарастыра аламыз. Мысалы: таңертең тұрғаннан кешке ұйқыға кеткенше жасалатын бар шаруалар., тамақтану, үй жинау, су тасу, сабақ оқу, жұмысқа келу бәрі – бәрі.
«Өзің оқып үйрен» әдісі.
1.Алгоримнің орындаушылары.
2. Алгоримнің жазылу формалары.
Екі топқа тақырыптарды беріп, осы тақырыптар бойынша «өзің оқып үйрен» әдісі арқылы оқыту.
«Кім жылдам» ойыны. Оқушыларды келесі тапсырманы орындауға беремін.
1 топ «Ағаш отырғызу» алгоритм құрыңдар.
2 топ «Сурет салу» алгоритм кестесін толтырыңдар.
«Кір жаятын жіп» әдісі. Мұғалім тақырып бойынша жаңа сабақты меңгеру кезінде кездесетін термин сөздер мен тірек сызбаларды жаздыртады.
|
Жаңа сабақ тақырыбымен танысады.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша мағлұматтарды оқып, ортаға салады.
Тақырып бойынша екі топ түсініктерін тыңдайды.
2 топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.
Оқушылар «Кір жаятын жіп» әдісіне жаңа термин сөздерді жазады және сызба түрінде көрсетеді.
|
АКТ
Оқулықтар
|
Қорытынды
5 мин
|
Табыс критерийлері арқылы өздерін бағалайды.
Кері байланыс.
Үйге тапсырма беру. §8
|
Смайликтерді табыс критерийлері бойынша түсінген өздеріне кажетті жерге жабыстырады.
Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазады.
|
Смайликтер.
|
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________________
Сабақ : № 9
Күні:_____________
Пән атауы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің жазылу пішімі.
Сабақтың мақсаты: Алгоритм жазылу пішімі туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оны қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру.
Табыс критерийлері:
Алгоритмді орындау керектігін және алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыруды білемін. (3-4 бал) 3деген баға
Алгоритмді орындау принципінің мәнін түсіндіре аламын. (5-8 бал) 4 деген баға
Алгорим командасын орындаушы командасы жүйесімен сәйкестендіре аламын. ( 9-10 бал) 5 деген баға
Достарыңызбен бөлісу: |