Проблемалық сұрақтар 1. Ақын осы өлеңі арқылы қандай ой айтпақ болды?
2. Өлеңнен ананың баласына деген қандай сезімі, қандай қасиеттері танылады?
3. Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай дәрежеде?
4. Ана туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?
5. Аналар неліктен бір –біріне ұқсайды?
берілген тақырыптар бойынша тапсырмалар орындайды.
Берілген мәліметтерді топта талқылайды, талдайды. «
І жазушы тобы – аналарына хат жазады.
ІІ ақын тобы – ақын-жазушылардың аналарының есімін жазады.
ІІІ ағартушы тобы – ана туралы ән орындайды.
ІV көсемсөзші – ана туралы мақал-мәтел жазады.
Өлеңге сатылай кешенді талдау.
1. Авторы: М.Дулатов
2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған
3. Жанр түрі– поэзия ( өлең)
4. Идеясы– ананың бар арманы, өмірінің мәні – баласы, соның амандығы
5.Шумақ– аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
6.Тармақ— өлеңнің әр шумағы
7. Бунақ– белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ
8. Буын саны– сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. ( 8,11 буын)
9.Ұйқас. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
10. Арнау– бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына
қайрыла арнай сөйлеу.Олар кейде лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы
құрылады. ( Сұрай арнау)
12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – балаға ана қадірін құтыру, ананы сүюге,қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Kahoot арқылы топта бірлесіп тест сұрақтарына жауап береді.
1. Мен үшін Міржақып Дулатұлының өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор…
2. Алаш арыстары аңсаған армандарына біздер жетіп отырмыз…
3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…
Өлеңге сатылай кешенді талдау.
Kahoot тест алу. Жаңа тақырыпты меңгергендерін тексеру үшін тест тапсырмасы арқылы топпен жарысады.
«Мен үшін...» әр жеке тұлғаның Міржақып Дулатұлы бойынша өз ой – пікірлерін тыңдау