Сабақ ортасы
10 мин
10 мин
5 мин
|
Білу және түсіну
Міржақып Дулатұлы – тұңғыш қазақ романының авторы
Қарға тамырлы қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстарымыздың бірі - Міржақып Дулатұлы.
Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шықты. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болды. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келді, ол тергеу органдарының бақылауына алынды, артынша «Оян, қазақ!» кәмпескеленді.
Қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман-
« Бақытсыз Жамал» романы 1910 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
Ахмет Байтұрсынов : «Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған Міржақып Дулатов болды» деп алғаш пікір айтқан, романды бағалаған.
Тілдік бағдар:
Орфографиялық норма
Орфографиялық норма (грек. orfhos — дұрыс, gropho — жазамын) – тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды. Тілде жазу үш принципке сүйенеді. 1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. 2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. 3. Фонетикалық принцип бойынша сөз дер дыбыстық заңдарға сүйеніп, айтылуы мен естілуі бойынша жазылады.
4-тапсырма.Төмендегі сөздерді орфографиялық принциптерге бөліп жазыңдар, ережесін түсіндіріңдер.
|
Мәтін жазылған үлестірме қағаз;
Дидактикалық материал 2,
Таймер
|