Келесі тапсырмада сендерге конверт беріледі «Мозаика әдісі» бойына мәтінді дұрыс құрастыру.
Жер бетінде су көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінде 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш.
Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы тәжірибе арқылы көреміз.
1 – тәжірибе.
1-топ. Суға қант салып араластырдық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.
2 – тәжірибе.
2-топ. Суға тұз салып араластырдық. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.
3 – тәжірибе
3 – топ. Суға құм салып араластырдық. Құм стақанның қалды. Құм суда ерімейді.
4 – тәжірибе.
4-топ. Суға саз салып араластырдық. Су лайланады. Саз суда ерімейді.
Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.
Не аламыз? Нені бақылаймыз?
Қант суда жақсы ериді.
Тұз суда жақсы ериді.
Құм суда ерімейді.
Саз суда ерімейді
Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар.
Үй жұмысы
Логикалық тапсырма.
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр. Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті. Неге? Қандай жағдай болды?
Житон бойынша бағалау (топ)
|
Сабақ соңы
4 минут
|
Кері байланыс.
Рефлексия
Оқушылар таудың қай жерінде тұрғаны өздері ауызша айтады.
Үйге тапсырма логикалық тапсырмалар.
Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарынан өзен ағып жатыр.
Тұз артқан түйе өзеннен жеңіл өтті де, мақта артқан түйе ауыр өтті ме. Неге? Қандай жағдай болды?
|
|