Оқушыларға жоғары оқу орындары, Қазақстандық білім жүйесі туралы мағлұматтар бере отырып, КазҰУ туралы мәліметтер беру; Оқушылардың синтаксистен алған білімдерін дамыту, тексеру, мәтін арқылы оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау,Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын арттыру, оқу- танымдық құзіреттілігін дамыта келе, ҰБТ- ге дайындықтарын күшейту.
Оқушыларға мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар сілтей отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
«Қазақ тілі» оқулығы 11-сынып Алматты «Мектеп» 2011, мұғалімдерге арналған әдістемелік хат
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Cинтаксистен алған білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдануға,жоғары оқу орындарына түсу үшін білімдерін шыңдап, ізденуге, жетістікке жетуге үйренеді.
Негізгі идеялар:
Қазақ тіл пәнінен білімдерін арттыру арқылы ҰБТ – де нәтижеге жету
Дереккөздері және көрнекіліктер:
интернет материалдары, www. ustaz.kz
Интерактивті тақта, плакаттар, стикерлер, смайликтер, үлестірмелі текшелер, бағалау парақтары
Қолданылатын модульдер: «Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуда басқару және көшбасшылық»,«Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Бөлімі
Бөлімнің мазмұны
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс -әрекеті
Ресурстар
Кіріспе
Психологиялық ахуал.
Ұйымдастыру кезеңі
Тұлғааралық байланысты орнату.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені сабағымызға көптеген қонақтар келген. Мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
«Егіз лебіз»
Түрлі түсті жалаушалар арқылы топтарға бөлу. Жалаушаларға жазылған әріптерден топтың аты құралады.
Сол жалаушалардың артқы бетінде әр оқушының сабақтағы міндеті белгіленеді.
«Мен қалаған мамандық» тақырыбында жазған эсселерін оқыту.
Оқушылар бір- біріне қарама-қарсы тұрып, сәттілік тілейді.
Оқушылар топқа бөлінеді.
«Дара» тобы
«Дана» тобы
Жалаушаның артқы жағында жазылған өз міндетін орындайды. Сол оқушы сабақта
Топ басшы
Бақылаушы
Хатшы
Баяндамашы
қызметін атқарады
Оқушыларға бағалау критерийлері жазылған парақ көрсетіледі. Оқушылармен келісіледі
Әр топтан ортаға бір ойыншыдан шығады.
Сұрақтарға жауап береді.
Жазған эсселерін оқып шығады.
Қима қағаздар. Гүлдердің қимасы.
Тұсаукесер
Қызығушылықты ояту
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу
«Бүгінгі мектеп түлегі -ертеңгі елдің тірегі» дегендей, мектеп бітірген соң сендер алдарыңа қандай мақсат қойып отырсыңдар?
ҰБТ-ден өткен соң қандай жоспарларың бар?
Қандай жоғарғы оқу орындарына түскілерің келеді?
Алматы қаласында қандай жоғарғы оқу орындары бар?
Ендеше біз сендермен «Үлкен білім ошағы» болып табылатын, республикамыздың ең ірі, танымал жоғарғы оқу орны
Әбу Насыр Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті туралы танысып, қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ге дайындығымызды арттыру мақсатында, білім нәтижесін көрсетіп, жоғарғы көрсеткішке жету үшін сөйлемнің бірыңғай мүшелері және оның тыныс белгілері тақырыбында ашық сабағымызды өтеміз.
Сабақтың тақырыбымен мақсатын ашады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауаптарын айтады?
Өз ойларын, қөзқарастарын жеткізеді.
интерактивті такта
Негізгі бөлім
Мағынаны тану
Сергіту сәті
КазҰУ туралы бейнебаян
көреді.
Мәтінмен жұмыс
Әкі топқа мәтінді екі бөлікке бөліп беру.
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.
Глоссарий:
Ең ірі-самый крупный
Қолданбалы математика-прикладная математика
қалашык-городок
түкпір –түкпірінен-со всех концов
екі сатылы-двух ступенчатый
Мәтіннен
І топқа
Қалашықта әкімшілік ғимараты, оқу орындары, Студенттер сарайы, жатақханалар бар.
ІІ топқа
Мұнда агробиологиялық стансы, зоологиялық, ботаникалық мұражай, спорт кешені бар.
Сөйлемдерін бөліп беріп, сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы білімдерін тексеру.
Тапсырма 1.3
Бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгілерін қойыңдар
Тапсырма 1.4
Берілген сөздерді қатыстырып, бірыңғай мүшелі сөйлемдер құраңдар
Тапсырма 1.7
Сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді қолданып,бірыңғай мүшелі сөйлем тұлғасында жауап беріңдер.
«Сіз табысқа жетесіз» слайд.
«Ойлан, тап» - сөзжұмбақты шешіп, негізгі сөзін анықтау.
ҰБТ жұмыс дәптерлерін толтырту
Тестілеу
Ьейнебаян туралы ойларын айтады.
Мәтінді оқып, әр бөлікке тақырып қояды.
«Сен маған, мен саған» стратегиясы
Бірінші топ екінші топка сұрақ қояды ,екінші топ жауап береді,екінші топ бірінші топқа сұрақ қояды бірінші топ жауап береді.
«Жұптас-ойлан-бөліс» стратегиясы бойынша оқушылар жұптасады, ойлана отырып диалог құрастырады
Сөздікпен танысады
Бірыңғай мүшелер туралы түсіндіреді, талдау жүргізеді.
Бүгінгі сабақтан соң мынадай қорытындыға келдім,................» Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады.
Мақсатына лайық
Мамандығын алады, Биік болсын көгілдір аспанымыз,
өскелең еліміздің асқарымыз.
Ғылымы мен білімі шарықтаған
21 ғасырдың жастарымыз!
Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма беру
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Бағалау парақшалары бойынша жиынтық баға шығару
109 бет 1.6 - тапсырма
Стикерлер
Бағалау парақшалары
Бағалау парағы
Пән:
Сыныбы:
Өткізілген күні:
Оқушының аты жөні:_____________________________
Үй тапсырмасы
Сұрақ
жауап
Мәтінмен жұмыс
Ережелер
Талдау
Тапсырмалармен
жұмыс
Өз ойларын еркін жеткізе білуі
Жиынтық бағасы
«5»- 8-7 балл «4»-6-5 балл «3»-4-3 балл
«О.Жандосов атындағы орта мектеп» коммуналдық -мемлекеттік мекемесі
«Қазақ тілінен ҰБТ -ге дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы аудандық семинарда Сүлейменова Шамсия Ержанқызының
11 «В» сынып оқушыларымен өткізген ашық сабағының жоспары
Тақырыбы:
Үлкен білім ошағы
Қызылжар -2015
1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қандай тыныс белгілері қолданылады?
А. нүкте В. нүктелі үтір. С. қос нүкте Д.тырнақша Е. үтір
2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
Әсет мұғалімдерін, тәрбиешілерін және жолдастарын мейраммен құттықтады.
А. бастауыш В. баяндауыш С. толықтауыш Д.анықтауыш Е. толықтауыш
3. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
Еліміздің ұлдары мен қыздары қаһармандықпен еңбек етір жүр.
А. бастауыш В. баяндауыш С. толықтауыш Д.анықтауыш Е. толықтауыш
4. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
Күреспен,күшпен, білекпен
Төгілді жерге жаңа нұр.
А. бастауыш В. баяндауыш С. толықтауыш Д.анықтауыш Е. толықтауыш
5. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
Түледі біздің дала, қыр
Күшті еңбекпен
А. бастауыш В. баяндауыш С. толықтауыш Д.анықтауыш Е. толықтауыш
6. Жалпылауыш сөзбірыңғай мүшелердің алдынан келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?
А. нүкте В. нүктелі үтір. С. қос нүкте Д.тырнақша Е. үтір
7. Бірыңғай мүшелер қандай шылаулар қайталанып келгенде,олардың арасынан үтір қойылады.
А) да,де,та,те. В) қой,ғой,ақ. С) мен,бен,пен. Д) дейін,кейін. Е) және , мен
8.Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Балалар, біз тірі тұрғанда апам кедейшілікті ойлайтын адам емес.
А. қыстырма сөз В. қаратпа сөз С. одағай Д. бірыңғай мүше Е. жалпылауыш сөз
9. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алатын сөйлем мүшелерін белгілеңіз:
А. бастауыш В. тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер С. толықтауыш
Д.анықтауыш Е. толықтауыш
10. Бірыңғай мүшелер қалай байланысады?
А. жалғаулықты, жалғаулықсыз В. жалғаулықты С. жалғаулықсыз Д. дұрыс жауабы жоқ Е.жалпылауыш сөз
1-ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
2-ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.
3-ереже: Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады
4-ереже: Бірыңғай мүшелер және мен, бен, пен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылмайды,ал да ,де,та,те, шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады.
«Ойлан, тап» - сөзжұмбақты шешіп, негізгі сөзін анықтау.
Берілген сұрақтардың жауабынан күрделі сөз шығу керек.
Қ
О
С
Ы
М
Ш
А
С
А
Л
А
Л
А
С
Е
З
У
Л
І
К
Д
А
У
Ы
С
Т
Ы
Қ
О
Р
С
И
Н
Т
А
К
С
И
С
І
Л
С
Т
И
Л
Ь
К
І
Р
М
Е
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.Түбірден кейін жалғанатын тілдің бөлшегі?
2.Баяндауыштарды тиянақты, тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі?
3.Ерін мен езудің артқа қарай шегінуі арқылы жасалатын дыбыстар?
4.Ауаның өкпеден кедергісіз шығуы арқылы жасалатын дыбыстар?
5.Тілді дамытатын, байлығын, көрсететін сөздік ....(не?)
6.Сөйлем мен сөз тіркесін қарастыратын тіл білімінің саласы?
7. «Ғылым» сөзінің синонимі?
8.Публицистикалық, ғылыми, көркем шығарма....(несі?)
9.Басқа тілден енген сөздерді қалай атайды?
ІІ. Қарлы кесек ойыны. Ойынның тапсырмалары:
«Дана» тобына
Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрі. (жалаң сөйлем).
2. Атаулы сөйлем дегеніміз......... (іс - оқиғаны баяндамай, тек заттың, құбылыстың, мекеннің, мезгілдің атауын білдіретін сөйлем).
Бастауышы мүлдем болмайтын сөйлемнің түрін ата. (Жақсыз).
«Дара» тобына: 1. Тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүшелердің қатысуымен жасалатын сөйлемнің түрі. (жайылма сөйлем).
2. Толымды сөйлем дегеніміз.....( айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлем).
3 Бастауышы бар, жоқ болса, сұрақ қою арқылы тауып алға болатын сөйлемнің түрі қалай аталады? (жақты).
4. Қыс. Қаңтар айы. Айсыз бұлтты түн. Жай сөйлемнің қай түрі? (Атаулы)
Бағалау парағы
Пән:
Сыныбы:
Өткізілген күні:
Оқушының аты жөні:_____________________________
Үй тапсырмасы
Сұрақ
жауап
Мәтінмен жұмыс
Ережелер
Талдау
Тапсырмалармен
жұмыс
Өз ойларын еркін жеткізе білуі
Жиынтық бағасы
«5»- 8-7 балл «4»-6-5 балл «3»-4-3 балл
Бағалау парағы
Пән:
Сыныбы:
Өткізілген күні:
Оқушының аты жөні:_____________________________
Үй тапсырмасы
Сұрақ
жауап
Мәтінмен жұмыс
Ережелер
Талдау
Тапсырмалармен
жұмыс
Өз ойларын еркін жеткізе білуі
Жиынтық бағасы
«5»- 8-7 балл «4»-6-5 балл «3»-4-3 балл
Ашық сабақ "Мамандық таңдау"
Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі.
Мақсаты:
білімділік – оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, болашақта мамандық таңдауына ықпал ету, ой бөлісу;
Дамытушылық – жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту;
Тәрбиелік – оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, мамандық суреттері, бейнебаян, төс белгі, алма, ұлттық тағам, ұлттық киім;
«Халық пен халықты, адам мен адамды
Теңестіретін нәрсе – білім».
М.Әуезов
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені сабағымызға көптеген қонақ келген екен. Мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бүгінгі мектеп түлегі-ертеңгі елдің тірегі». Бұл тәрбие сағатымыздың мақсаты – сендердің білім шыңына талпынудағы алғашқы қадам жасауларың үшін бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы және болашақ таңдаған мамандықтарың туралы ойларыңды білу, ой бөлісу
Сабақтың жоспары:
Даналардан шыққан сөз
(пікірлесу)
Армандарға жетсек деген тілекпен
(тілек айту)
Осы тәрбие сағатына орай сендерді алдын ала үш топқа бөлген болатынмен, яғни бүгінгі тәрбие сағатында топ бойынша жұмыстанамыз. Топтық жұмысымызды бастамас бұрын тақырыпқа сай шағын кіріспе сөзге назар аударайық.
Сендерді алдарыңа қойған басты мақсат – білім шыңына талпыну және қалаған мамандықтың иесі болу.
Мұнан әрі сабақ жүргізу тізгінін ертеңгі елдің тірегі болатын болашақ журналистика мамандығын таңдап отырған мектебіміздің «Алтын белгіден» үміткер оқушысы Мейрембаева Гүлжазираға беремін.
Жүргізуші:
«Шен-шекпенге жасыңнан-
Құмар болма» депті Абай.
«Милары жоқ масылға,
Сыңар болма» депті Абай
«Бүкіл абзал адамның
Баласы бол» депті Абай.
«Атаң менен анаңның
Панасы бол» депті Абай.
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр кім қалай?
(Пікірлесу) Абай атамыздың қалдырып кеткен өсиетін кім қалай түсінеді?
І бөлім
«Даналардан шыққан сөз»
Үш топқа қанатты сөздер беріледі. Сол қанатты сөздердің мағынасын ашу, түсіндіру керек.
І – топ: «Адам мақсатына арамдықпен жете алмайды» К.Маркс
ІІ – топ: «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» Абай
ІІІ – топ: «Біле бер қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле». Ж. Баласағұн
Ой қозғау: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Ж.Аймауытов
ІІ бөлім
«Өз жұлдызыңды жақ» деп аталады.
Бұл бөлімнің аталуындағы жұлдыз мағынасын мамандық деп түсінуге болады, яғни өз мамандығыңды адаспай тап деген мағынада. Жаңа өмір табалдырығын аттар алдында әр талапкер үшін «Кім болам» деген қиын сұрақ тұрады. Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау - әр шәкірттің арманы. Әркім өзінің жұмысының қызықты да табысты болуын қалайды. Дұрыс шешім қабылдау оңай емес. Сондықтан, сендерге үйге өз таңдаған пәндерің бойынша мамандықтар туралы, олардың бүгінгі таңдағы жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат жинап келу туралы тапсырылған болатын.
Жүргізуші:
Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады.
Мақсатына лайық
Мамандығын алады,- дей келе әр топқа сөз кезегін береміз.
«Өз жұлдызыңды жақ» бөлімінің ІІ-туры жоба құрастыру.
Ол үшін сіздерге плакат, маркер береміз. Жобаны өз мамандықтарыныңыздың қызығы мен қиындығын, жетістігі мен кемшілігін түсіне отырып болашақта өз таңдаған мамандық саласы бойынша мақсатыңызды жоба түрінде көрсетіп беріңіздер. (3 минут уақыт беріледі)
Келесі бөлім яғни ІІІ бөліміміз«Мен қалаған мамандық» деп аталады.
Ол бойынша әр топ өз қалаған мамандығы бойынша көрініс көрсетеді. (сәттілік тілеймін).
Қорытынды бөлім
Соңғы ІV бөліміміз « Армандарға жетсек деген тілекпен» деп аталады.
Болашақта ҰБТ сынынан мүдірмеу өтіп, Қазақстанның символына айналған бәйтеректей әрқайсысымыз қалаған мамандығымыздың бәйтерегіне айналайық деп бір-бірімізге жақсы тілектер арнайық.
Құштарлық болған жерде, табандылық болған жерде алға қойған мақсат та орындалады. Білім шыңына шығуымызға, қанаттарымыздың қатаюына ұстаздардың еңбегі ерен. Ұстаздың еңбегін бағалап, білім жолындағы қанатымыз талмай, білім көліне самғай берейік.
Мамандықтың жаманы жоқ. Оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың иесі үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.
Бәйтеректей биік, тұғыры берік,
Жастық шақтың көктемі.
Еліміздің ертеңі
Мерейі-үстем, көңілі көктем,
Білімі қарымды, жанары жалынды,
Жан-жақты дамыған, бәрін таныған,
Бар нәрсені тең көрген,
Компьютерді меңгерген.
Биік болсын көгілдір аспанымыз,
өскелең еліміздің асқарымыз.
Ғылымы мен білімі шарықтаған
21 ғасырдың жастарымыз!
2) Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сынып оқушыларының дайындық барысын бақылау.
Сыныпты 2 топқа бөлу. І. «Дарын» тобы; ІІ. «Талап» тобы.
«Дарын» тобына: 1. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрі. (жалаң сөйлем). 2. Атаулы сөйлем дегеніміз......... (іс - оқиғаны баяндамай, тек заттың, құбылыстың, мекеннің, мезгілдің атауын білдіретін сөйлем). 3.... Сол күні қарлы жаңбыр жауған екен. Ұлпа уәделі жерге келсе, аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ.!.. Үзінді қай әңгімеден алынған? Авторы кім? Бірінші сөйлем жай сөйлемнің қай түрі? (С. Мұқанов «Есіл бойында»; жақты, жайылма, толымды). 4. Бастауышы мүлдем болмайтын сөйлемнің түрін ата. (Жақсыз). 5. Айтылуғатиістімүшелердіңбірітүсіпқалатынсөйлем. (толымсыз).
«Талап» тобына: 1. Тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүшелердің қатысуымен жасалатын сөйлемнің түрі. (жайылма сөйлем). 2. Толымды сөйлем дегеніміз.....( айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлем). 3.... Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір - бір ауыздан ән салды. Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы? Бірінші сөйлем жай сөйлемнің қай түрі? ( Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі. Жақты, толымсыз, жайылма). 4. Бастауышы бар, жоқ болса, сұрақ қою арқылы тауып алға болатын сөйлемнің түрі қалай аталады? (жақты). 5. Қыс. Қаңтар айы. Айсыз бұлтты түн. Жай сөйлемнің қай түрі? (Атаулы)
Мұңды бір дауыс жақындап келеді. Елбасымыздың сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстан қарыштап дамып келеді. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, Жаманның жамандығын айт, құты қашсын.
Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды. Астана. Бәйтерек. Самаладай жарқыраған шамдар. Халыққа әділет, жанашырлығымен жағатын адам.
Қарлығаштар тағы келді. Сүйікті қарындасым. Желтоқсан айы. Бұлтты күн. Жер қалың қар. Тыңдай білу тыңғылықтылығы – ойлай білудің кілті екен. Кең байтақ Отанымыздың жүрегі – Астана қаласы. Қазақстан – қазақтың ақ бесігі. Сөз анасы – құлақ. Әңгімешіл, сөзуар сөзімен көпті үйіргіш адамдар бар. Еркіндіккөктемі. Дербес ел болу көктемі.
Венн диаграммасы. Әр топтан екі оқушы шығып, «Жақты және жақсыз сөйлем», «Толымды, толымсыз сөйлем» өзіндік белгілерін және ортақ белгілерін жазады. Екі топтың қалған оқушылары «Жалаң және жайылма « сөйлемдердің өзіндік және ортақ белгілерін жазады.
Сәйкестендіру тесті. 1. Жақты сөйлем 1. Кілең ығай мен сығай, жайсаң мен жампоз. 2. Жақсыз сөйлем 2. Боран ұйытқи соғып тұр. 3. Жалаң сөйлем 3. Әлі жауап қатпаған Абайды сөйлеткісі келді. 4. Жайылма сөйлем 4. Дос жүрегіне сенеді. 5. Толымды сөйлем 5. Өзім сөйлесемін. 6. Толымсыз сөйлем 6. Ақан бүгін шиті мылтықпен киік атып әкелді. 7. Атаулы сөйлем 7. Аспан бүгін тап - таза.
Үйге тапсырма беру
«Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында толғау жазу.
Бағалау
«Өзін - өзі бағалау парағы» бойынша оқушылар өз жауаптарын бағалайды.