11- сынып үшін сабақ жоспары (пән) алгебра және анализ бастамалары
Мұғалім: «Тексерілді »
Оқу ісінің меңгерушісі:
--- .09.201---
Сабақ №
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Тақырыптық қайталау Көрсеткіштік теңсіздіктер және оалрдың жүйелері.
Білімділік: Оқушыларды көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушы: Оқушылардың белсенділігінің артуы, ойлау қабілетінің дамуы, ынталануы, шапшаңдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруы. өз ойын жылдам жинақтай білуі, логикалық ойлай білуі, өз білімін практикада қолдана білуі.
Тәрбиелік: оқушылардың, ұқыптылық және жауапкершілік, пәнге деген сүйіспеншілік пен сенімділік және проблемары шешу сезімінің артуы.
Сабақ типі: білімді бағалау, тексеру және түзету сабағы
Оқыту әдістері: деңгейлеп оқыту, мәселе қоя білу.
Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері – үлестірме қағаздар.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсатымен таныстыру. Өзін-өзі бағалау критерийлерімен танысу.