Сабақ № Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың практикалық негіздері


Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары және олардың көздерінің есебін жүргізу



бет7/24
Дата28.02.2023
өлшемі2,6 Mb.
#170445
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Практ сабактар - КОЭБ

Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар
шығарындылары және олардың көздерінің есебін жүргізу

1. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындалары және олардың көздерінің есебін жүргізу (бұдан әрі - шығарындылардың есебін жүргізу) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шекті рұқсат етілген шығарындалары нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылады.
2. Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізудің негізгі мақсаты:
атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының әсер ету дәрежесін бағалау үшін және кәсіпорындар бойынша тұтастай алғандай, сондай атмосфералық ауаның жекелеген көздері бойынша атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шекті рұқсат етілген шығарындылардың нормативтерін белгілеу үшін түпкі деректерін алу;
ластаушы заттар шығарындыларының сандық сипаттамаларын айқындау; қаралып жатқан объект үшін мемлекеттік есепке алынуына және нормалануына тиіс зиянды (ластаушы) заттардың тізбесін айқындау; шаңгаз тазарту құрылғылары қызметінің тиімділігін бағалау; шикізат ресурстарын пайдалану және кәсіпорындағы қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімділігін бағалау; атмосфералық ауаны қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау болып табылады.
3. Шығарындылардың есебі тікелей аспаптық өлшемдер немесе зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есептері бойынша жүргізіледі.
4. Есебін жүргізуді кезең-кезеңімен бес жылда бір рет, сондай-ақ зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының жаңа стационарлық көздері пайда болғанда, кәсіпорын технологиясы қайта құрылған немесе өзгерткен жағдайда жүргізіледі.
6. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізу жөнінде әдістемелік басшылықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
7. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаратын көздері бар табиғат пайдаланушылар атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын және олардың көздерiн есепке алуды жүзеге асыруға, атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарудың белгiленген нормативтерiнiң сақталуына бақылау жүргiзуге тиіс.
8. Есебін жүргізу бойынша жұмыс мына кезеңдерді қамтуы тиіс:
9. дайындық;
а) зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізу зерттеулерін жүргізу;
ә) зерттеу нәтижелерін өңдеу және есебін жүргізу материалдарын ресімдеу.
10. Жұмысты орындаудың дайындық кезеңінде атмосфералық ауаның ластаушы көзі ретінде кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы, негізгі технологиялық процестердің сұлбасы мен бейнелеуі жасалады.
11. Зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының есебін жүргізудің зерттеулерін жүргізу кезеңінде нәтижесі бойынша атмосфералық ауаға ластаушы заттардың және атмосфералық ауаға оның шығарынды көздері айқындалуы тиіс, шаңгазтазартқыш құрылғылар жұмысының тиімділігін белгілейді.
12. Шығарындылардың есебін жүргізу қорытындылары бойынша атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары және олардың көздерінің есебін жүргізу бланкілері толтырылады (қосымша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет