АС || 3. АСкесіндісі профиль орналасқан және |АС| = A3C3|. Деңгейлік кесінділердің қасиеттері сызбада кең түрде пайдаланылады. Проекциялар жазықтықтарының біреуіне перпендикуляр кесіндіні проекциялаушы кесінді деп атайды. Проекциялаушы кесінді проекциялар жазықтықтарының қалған екеуіне параллель болады. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр кесінді фронталь проекциялаушы кесінді деп аталады. Фронталь проекциялаушы кесінді фронталь проекциялар жазықтығында - нүктеге, горизонталь проекциялар жазықтығында - өзіне тең вертикаль кесіндіге және профиль проекциялар жазықтығында оның өзіне тең горизонталь кесіндіге проекцияланады. Горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр кесінді горизонталь проекциялаушы кесінді деп аталады. Оның горизонталь проекциясы - нүкте, ал фронталь және профиль проекциялары кесіндінің өзіне тең вертикаль кесінділер болады.3 жазықтығына перпендикуляр кесінді профиль проекциялаушы кесінді деп аталады. Профиль проекциялаушы кесінді3 жазықтығында - нүктеге, 1 және2 жазықтықтарында ұзындықтары кесіндінің ұзындығына тең горизонталь кесінділерге кескінделеді. 63-суретте параллелепипедтің үш проекциядан тұратын сызбасы берілген. Параллелепипедтің қырлары қалай орналасқан? Параллелепипедтің 12 қыры бар. Олардың төртеуі АD, ВС, ЕМ және ҒN - фронталь проекциялаушы кесінділер, келесі төртеуі АN, ВМ, СЕ жәнеDҒ - горизонталь проекциялаушы кесінділер, қалған төртеуі АВ, СD, ЕҒ және МN - профиль проекциялаушы кесінділер. Проекциялар жазықтықтарының ешбіреуіне де перпендикуляр болмайтын жазық фигураны жалпы жағдайда орналасқан жазық фигура деп атайды. Жалпы жағдайда орналасқан жазық фигураның проекцияларының ішінде кесіндіге проекцияланатыны болмайды. 60-суретте кескінделген АВС үшбұрышының проекциялары ішінде кесіндіге проекцияланғаны жоқ. Олай болса, АВС үшбұрышы жалпы жағдайда орналасқан. Жеке жағдайда орналасқан жазық фигураларды проекциялаушы фигуралар және деңгейлік фигуралар деп екі топқа бөледі. Проекциялаушы жазық фигуралар проекциялар жазықтықтарының біреуіне перпендикуляр орналасады және өзіне перпендикуляр проекциялар жазықтығында кесіндіге проекцияланады. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазық фигура фронталь проекциялаушы, горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазық фигура горизонталь проекциялаушы және профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазық фигура профиль проекциялаушы фигуралар деп аталады. 64, а-суреттегі АВС үшбұрышының проекцияларын қарастырайық. Оның фронталь проекциясы кесіндіге проекцияланған. АВС үшбұрышы фронталь проекциялаушы жазық фигураның мысалы бола алады. АВСD тіктөртбұрышының горизонталь проекциясына қарап, оның2, жазықтығына перпендикуляр екенін көреміз.
АВСD - тіктөртбұрышты горизонталь проекциялаушы жазық фигура (64, ә-сурет). 64, б-суретте кескінделген ЕҒМN тіктөртбұрышы3 жазықтығына перпендикуляр профиль проекциялаушы жазықтықта жатыр.