Сабақ: № Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет24/50
Дата17.02.2017
өлшемі7,61 Mb.
#9520
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50

Конус. Тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін конус дейді. Тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустың осі, гипотенуза - жасаушысы деп аталады, ал екінші катет конустың табаны болатын дөңгелекті жасайды. 74, а-суретте айналу конусының сызбасы, ал 74, ә-суретте аксонометриясы кескінделген. S нүктесі конустың төбесі деп аталады. Сонда конустың фронталь және профиль проекциялары теңбүйірлі үшбұрыштар, ал горизонталь проекциясы табанына тең дөңгелек болады. Конустың төбесі 2 жазықтығына өзінің горизонталь проекциясы болатын дөңгелектің центріне проекцияланады. Конустың аксонометриясын салу үшін аксонометриялық осьтер жүргізіп, табанының центрі - О' нүктесі координаталары бойынша салынады. Одан кейін конустың табанындағы шеңбердің кескіні болатын сопақша сызылады. Конус төбесінің аксонометриясы - S' нүктесі координаталары бойынша салынады. S' нүктесінен сопақшаға жанамалар жүргізіледі (74, ә-сурет). Конусты картоннан жасау үшін, оның бетінің жаймасын салуды қарастырайық (74, б-сурет). Қалауымызша S0 нүктесін алып, центрі осы S0 нүктесі болатын, радиусы конус жасаушысының ұзындығына тең шеңбер доғасын жүргіземіз. Доғаның бір ұшын А0 деп белгілейік. Доғаның бойына А0 нүктесінен бастап шеңбердің (конустың табанындағы) ұзындығын салу керек. Бұл арада жуықтап салу әдісін пайдаланған тиімді. Шеңберді тең 12 бөлікке (одан да көп тең бөліктерге) бөледі. А2В2 - шеңбердің 1/12 бөлігі болсын. А2В2 кесіндісін өлшеуішпен (шеңберсызармен) өлшеп алып, доғаның бойына А0 нүктесінен бастап 12 рет саламыз. Ең соңғы нүктені және А0 нүктесін S0 нүктесімен кесінді арқылы қосамыз. Сонда конустың бүйір бетінің жаймасы шығады. Оның толық бетінің жаймасын алу үшін бүйір бетінің жаймасына тақап конустың табанын салса болады. Егер төбесі мен табанының центрін қосатын түзу оның табанына перпендикуляр болмаса, конусты көлбеу конус дейді. Көлбеу конустың мысалы 75-суретте келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет