Сабақ : «Су, су айналаның барлығы су»



Дата23.08.2017
өлшемі77,03 Kb.
#25665
түріСабақ
«Су ханшайымы» атты тақырыппен алынған жаратылыстану пәндер апталығынын он күндігін қорытындылау мақсатында конференциялық сабақ : «Су, су айналаның барлығы су» тақырыбында өтілді.

Тақырыбы: «Су, су айналаның бәрі су».
Мақсаты: Табиғаттың жалпы заңдылықтарын суды мысалға ала отырып химия, физика, биология тұрғысынан, тірі организм үшін маңызын, физиологиялық үрдістерге қатысуын таныстыру, суды ластаудан сақтауға тәрбиелеу және демонстрациялық тәжірибелер көрсету арқылы химия, физика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері: Затты, оның құрылысын физика, химия, биология тұрғысынан қарау.

2.Судың химиялық, физикалық қасиеттерінің маңызын, мәнін ашу.

3.Тірі организмдегі судың мәнін, рөлін көрсету. Суды қорғау қажеттілігі тұрғысынан қарастыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан су туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тақпақтар жазылды. Тәжірибе көрсетуге қажетті реактивтер ретінде су туралы нақыл сөз жазылған плакаттар, физикалық, географиялық карта және тәжірибе көрсетуге қажетті реактивтер: Na, Li, Ca, Mg, H2O сынауық, колба, спирт шамы, кристаллизатор, капилярлық түтіктер, суы бар кен ыдыс, лезвия қолданылды.

Тақтада нақыл сөз: « Жердегі тіршіліктің нәрі болуға Суға сиқырлы билік берілген». (Леонардо де Винчи).



Жоспар:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Бейне роликтер көрсету.

3.Су туралы көрініс: «Су және тіршілік».

4.Маман иелерімен кездесу.

5.Қорытындылау.



І. Ұйымдастыру кезеңі. (Конференцияның мақсаты, өтілу жоспары).

Жер бетінде су-ең көп таралған физикалық, химиялық сыры мол, биологиялық, геологиялық, географиялық үрдістерге қатысатын ең қажетті заттың бірі. Сі тек тірі организмнің тіршілігіне ғана емес сондай-ақ өлі табиғатқа қозғау салып, тірі организм үшін қызмет жасайды. Демек, су бар жерде өмір бар. Судың болмауы өлімге әкеліп соқтырады. Мысалы, өсімдік тұқымы сусыз жерде еш өзгеріссіз жата береді, ал су тисе-ақ болды тіршілік үрдісі басталып, өніп, өсе бастайды.Біз пайдаланып жүрген судың қасиеті бізге таныс болғанымен шын мәнінде біз білмейтін сыры көп екендігі айтылып, судың бұл қасиеттеріне тоқталу үшін сабаққа келіп отырған делегаттар-дәрігер, физик, физиолог, географ, химиктерге сөз кезегі берілді.



ІІ. Оқушылар дайындаған бейне роликтер. (Қайрат 11а сынып, Али 10а сынып дайындаған).

ІІІ. Көрініс: «Су және тіршілік».

Алдымен екі оқушының әңгімесі тыңдалды.

-Иә, су кімге керек, кімге керек? (үзіліс).

Ол кімге керек емес, ойланайықшы?! (ойланып) Гүлге де, жеміс жидекке де ағаш-бұтақ, ұшқан құс, жүгірген аң мен адамға жан-жануарға бәріне су керек. Жапон халқының аңызға айналған ертегісін білесіз бе?


....Бір күні мыстан кемпір мен су патшасы шахмат ойнап, әлемдегі бар затты мыстан кемпірге ұттырып алады. Ақылсыз патша енді не ойынға тігерін білмейді, сол кезде

мыстан кемпір патшадан әлемдегі суды тігуін сұрайды. Бірақ су патшасы одан да ұтылып қалады. Міне, осы екзде не болды дейсіз ғой, сұмдық: өзен, көл, мұхит, бәрінің суы тартылып, өсімдік құрғап, жан-жануар су іздеп қаңғып кетіп, қырылу шегіне жетеді. Осы кезде бақа жан-жануарды жинап:

-Достар, босқа өлмейік су патшасына барып мұңымызды айтайық деп, пілді, жолбарыс, түлкі, қораз, жылан, т.б. ертіп, су патшасына барады. Бірінші болып әңгімені бақа бастайды:

-тақсыр патша ием не істедіңіз, не бүлдірдіңіз, әлем апат болатын болды ғой. Су керек, бізге су керек,-деп зар қағңып жылайды.

-Су жоқ, не істе дейсіздер, маған, бәрін ұтқызып жібердім.

Сол кезде бақа жұлып алғандай:

-Бұлтты да ма,-депті.

Патша: -Дұрыс айтасың, бұлт бар екен ғой,-деп бұлттарды жинап, жауын жауғызады. Жер көктеп, тіршілік қайта қалпына келеді. Сай-сала, өзен, көл қайта суға толады.

-Иә, су деген тіршіліктиің тірегі ғой, сусыз тіршілік жоқ. Егерде әлемде бір минут болмай қалса, жан-жануар, өсімдік мүсәпір қалпына түскен болар еді. Ең ақырында жердің бетін жансыз әлем басар еді.



IV. Мамандық иелерімен кездесу.

1. «Дидар» газетінің тілшісі( Жадыра): Судың химиялық құрамын анықтаған ғалымдар кімдер? Химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде айтып көрсете аласыз ба? (Қайрат, Жансая 11а сынып).Судың химиялық қасиетіне химик тоқталады. Суды алғаш 1781-1782 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш синтездеді. 1783 жылы А.Лавуазье сутек жанғанда оттекпен қосылып суға айналатынын дәлелдеді. 1785ж. Ж.менье судың сандық құрамын анықтады. Су-оттектің бір атомы мен сутектің екі атомынан құралған күрделі зат. Судың молекулалық формуласы-Н2О. Олай болса су белсенді металдармен бөлме температурасында әрекеттесе отырып, негіз түзеді.

1-тәжірибе. Судың металл Li әрекеттесуі. Сынауыққа су құйып оған металл литийдің бір кесегін салады. Li+H2O=LiOH+H2↑. Реакция механизмі түсіндіріледі. Индикатор қағазы арқылы түзілген орта анықталады (лакмус, фенолфталеин, метилоранж).

2-тәжірибе. Судың металл Са әрекеттесуі. Сынауықтағы суға металл Са салынады. Негіз түзіліп, сутек газ күйінде бөлінеді. Са+2Н2О=Са(ОН)22

3-тәжірибе. Судың металл Na әрекеттесуі. Сынауықтағы жылы суға металл Na салынады. Na сумен әрекеттесіп, жалын шығарып жанады. Na+2H2O=NaOH+H2↑.

Су бетінде безектеп

Металл натрий жүзеді,

Суда еріп жоқ болып

Қандай қосылыс түзеді?

4-тәжірибе. Магнийдің сумен әрекеттесуі. Mg+2H2O=Mg(OH)2+H2↑.

Ұзын сапты темір қасық пен металл магнийдің спирт шамында ұстайды. Магний қып-қызыл болып жанып, ыстықтай күйде суға салғанда жануын тоқтатпай қызыл жалын шаша жана береді, себебі бөлініп жатқан сутек жануды қолдайды.

«Егемен Қазақстан» тілшісі(Берік): Су адам ағзасында қандай қызмет атқарады және маңызын айтыңыз.Судың физиологиялық рөлін физиолог айтып береді. (Қанағат 11а сынып)

Су-тірі организмнің қажетті заты, өйткені денедегі биохимиялық үрдістер тек суы бар ортада орындалады. Тіпті тіршіліктің өзі суда пайда болған. Жер бетіндегі ең қарапайым

организмнің құрамында су болады.Мысалы, барлық өсімдіктердің 75-95%-ын, жануарлардың 60-98%-ын су құрайды.

Адамның бүкіл салмағының 3/2 бөлігі судан тұрады. Адам организмінде су негізінен қанның, сілекейдің қарын сөлінің, жасушаның құрамына енеді. Организмге қажетті органикалық, минералдық заттар тек суда еріген түрінде ғана енеді. Денеге сіңген қоректік заттар сілекей, қарындағы сөл сияқты заттардан ыдырап, қан мен лимфа жүйесінің көмегімен бүкіл денеге тарайды.

Нәтижесінде денеде жаңа заттар құралады. Ол тотығу үрдісінде түзілген қажетсіз заттар, мысалы: мочевина судың артық мөлшері, тұздары, көміртектің қос тотығы суда еріген күйінде бүйрек, тері, өкпе сияқты мүшелердің көмегімен сыртқа шығады. Бірақ оның орны қайта толтырылып отырады. Су алмасудың бұзылуы шөлдеуді туғызады. Адам өз бойындағы су салмағының 6-8% жоғалтса, есінен тана бастайды. 10% жоғалтса сандырақтап сөйлейді және жұтыну рефлекісін жоғалтады. 12% жоғалтса, жүрек тоқтап адам өледі. Демек, су-өмір. Адамның суды қажет етуі жасқа байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, тәулігіне 11-13 жастағылар үшін 1,8-1,9л, 14-17 ждастағылар үшін 1,9-12,0л, ересек адамдар үшін 2,0-2,1л су қажет. Судың осы мөлшерінің 800-1000 мл дейін тамақтық заттардың құрғақ бөлігі, ал қалғандары сұйық бөлігі арқылы енеді.

«Парасат» журналының тілшісі (Ануар): Кез келген тұщы судың пайдалы екенін білеміз, сонда ағып жатқан өзен суларын ішуге пайдалана беруге болама? Күнделікті пайдаланылатын судың құрамын дәрігер баяндайды. (Самал 11а сынып)

Адам организмінде 65-75% су болуына байланысты аз ауырады, өйткені судың жылу сіңіргіштігінің жоғары болуынан дене бірден суынбайды, болмаса қызбайды. Су адам организміндегі түрлі биохимиялық реакцияларға қатысады. Оның белок, май, көмір су ыдырауы негізінде қажетті ғылымда белгілі. Мысалы, 100г белок көмір су 120г су қажет етеді екен. Табиғатта химиялық таза су жоқ, оның құрамында еріген газдар, қатты заттар болуы мүмкін. Міне солар судың дәмін, иісін, қасиеттерін белгілейді. Осыған орай біз табиғи судың қандай түрін және қалай пайдаланамыз деген сұрақ туады. Ауыз суы тек тұщы ғана емес санитарлық талапқа сай болуы керек. Мысалы, жаңбыр суында минералдық газдар аз, бірақ бұлттан жерге түскенге дейін түрлі улы газдарды күкіртті газ, азот тотығы, азоттың қос тотығы, машина маторынан шыққан газдар, т.б. шаң-тозаңдарды ерітіп, ауыз суы үшін жарамсыз күйге айналады. Ауыл мен қала тұрғындары көбіне өзен суынан пайдаланады, оны арнайы өндеуден өткізбей ішуге болмайды, өйткені құрамынеда еріген органикалық, минералдық заттар және ішек ауруын туғызатын микроптар, ірілі-ұсақты бөгде заттар болады.

Қазіргі кезде ауыз суды залалсыздандыруда хлорлау әдісі кең таралған. Хлор әсерінен микроптар өледі, ал органикалық заттар тотығады. Хлорды 1л суға 1,3-1,5миллиграмм келетіндей етіп салады. Бұдан артық мөлшер тіршілігіне зиян.

«Квант» журналының тілшісі (Ерасыл 10а сынып)): Судың үш күйіне толығырақ сипаттама бер? Судың физикалық қасиетін физик айтып береді. (Әсел 11а сынып).

Су-түссіз сұйықтық, иіссіз, дәмсіз, 1000 С қайнап, 00С қатады. Судың аномалиялық күйімен танысайық. Судың бірінші аномалиясы-оның тығыздығының 140С –тан жоғары не одан төмен болуы тығыздығын өзгертеді.

Судың екінші аномалиясы-оның қайнауы мен қатуы. Қайнау-сұйықтырушы буының қысым мен оның бетінде түсетін сыртқа қысымның теңелетін температурадағы булану әрекеті. Сұйық ішінде әрдайым болатын ауа көпіршіктерінің қайнауы мен қатуы қысымға байланысты. Егер су өзін қалыпты ұстаса, жер бетінде тек бу күйінде ғана болар еді. Таудың биік шыңында су 800С-та қайнайды екен. Судың жасырын балқуы мен


жылуы деп сәтсіз аталатын тағы бір аномалиясы бар. Кристалды қатты заттар сұйыққа айналу үшін белгілі бір мөлшерде жылулықты керек етеді.

Судың тағы бір ерекше қасиеті динамикалық тұтқырлығы. Судың бұл қасиеті майда құм тәрізді сүзгілерден оңай өтіп тазартуда үлкен рөл атқарады. Немесе тағы бір қасиеті-булану, транспирация, сублимация. Булану-заттың сұйық не қатты күйден газ тәрізді күйге ауысуы. Қатты заттардың қыздырудан сұйық күйге айналмай булануы сублимация деп аталады. Судың тағы бір ерекше қасиетінің бірі-дыбысты жылдам өткізетін акустикалық қасиеті, магнитті қабылдағыштығы. Жарық сәулесіңн жақсы көрсетуі. Су-мәңгі қозғалыстағы айналымдағы сұйықтық, оның бұлай болуын ауырлық күш гравитациялық күш әсер етіп тыным таптырмайды. Судың қасиеттерін физика тұрғысынан көрсете аласыңдар ма? (Тәжірибе көрсету Азамат 10а сынып).

V. Қорытынды.

“Су-ырыстың көзі, еңбек-кірістің көзі”, “Егер жерді әке десек, онда суды ана дейміз”, “Суы тасыған жердің көгі тасыр”. (қазақ мақалдары)


“Су-сұйық қозғалғыш және бәрін еріткіш зат есебінде барлық дүниенің бастамасы болады”.

(Грек ойшылы Фалес).


“Біз табиғатта өз құрамында су сақтамайтын, ешбір қатты затты көргеніміз жоқ”.

(Академик В.И.Вернадский).


Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тәмам бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.



Сонымен бір тамшы судың құпиясы туралы бір с абақта айтып жеткізу мүмкін емес болса да оқушылар судың қасиетін терең ұғына алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет