Өлке табиғатының биоалуантүрлілігі дегеніміз-берілген аумақтың өсімдік түрлерінің және басқа да тірі ағзаларының алуантүрлілігі,өлке флорасы мен фаунасының бірлігі.Облыстағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің байлығы табиғат жағдайларының әртектілігімен анықталған.Ал аумақ бойынша орналасуы ендік,аймақтық және биіктік белдеулік заңына бағынады.
Шығыс Қазақстанның флорасы 3000-нан астам өсімдік түрлерін біріктіреді.Флора-нақты бір жер аумағында өсетін өсімдік түрлерінің тарихи қалыптасқан жиынтығы.Солардың ішінде,400 түрі-сирек,эндемик және ежелгі өсімдік түрлері,ал 57 түрі «Қазақстанның қызыл кітабына» енгізілген.Біздің облысымыздың фаунасы 20 мың омыртқасыз және 615 омыртқалы жануарлар түрлерін біріктіреді.Фауна-нақты бір жер аумағында мекендейтін жануарлар түрлерінің тарихи қалыптасқан жиынтығы.Ежелгі түрлер(реликтер»-осы уақытқа дейін сақталған өсімдіктер мен жануарлардың көне түрлері.Эндемиктер- шағын аймақтардатаралған өсімдіктер мен жануарлар түрлері.
Өсімдік белдемелері жер бедерінің әртүрлі биіктігінде орналасқан және біздің өлкеміздің табиғи-аймақтық өңірлері құрамына кіреді.Бұлар:Қазақстандық Алтай(Батыс немесе Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай),Қалба жотасы, Ертіс жазығы,қазақ және Көкпекті-шар ұсақ шоқыларының шығыс бөлігі,Сауыр-Тарбағатай,Зайсан,Алакөл ойпаңдары.Бұлай бөлуге негіз-климат,топырақ,грунт суларының ерекшеліктері және басқа да факторлар болып келеді.Біздің облыстың өсімдік белдемелері: шөлді,таулы-далалы,таулы-ормады,биік таулы шалғынды-тундралық,нивальді-тундралы.Өсімдік белдемелерінің өзіндік ерекшеліктері жануарлардың сан алуан түрлерінің мекен етуіне ерекше жағдайлар жасайды.
Сұрақтар
Тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары :
1)Флора деген не?
2)Фауна деген не?
3)Шығыс Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрлері бар?
4)Жан-жануарлардың қанша түрі кездеседі екен?
Орында
Тапсырма №1
1.Бүгінгі тақырыптан негізгі 5 ұғымды анықта.
2.Маңызды деген 5 сөйлемді жаз.
Тапсырма №2
Биіктік-аймақтық белдемелер
Флораның негізгі түрлері
Фаунаның негізгі түрлері
1.
2.
3.
4.
5.
Рефлексия
Мен білемін…
Енді мен жасай аламын…
(сабақ критеийіне байланысты жазасыз )
Үй тапсырмасы
Шығыс Қазақстан облысының «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарларын анықтап келу.