Сабақ : Тәуелсіздік Жылдарындағы Қазақ Әдебиеті



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі31,3 Kb.
#92429
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

«Ұлтжанды азамат еді… »
Қоғабай Сәрсекеев 1939 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылында туып өсті. Осындағы өткен жылы 150 жылдығын атап өткен әрі кезінде ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсариннің өзі негізін қалаған орта мектепті бітірді. Содан кейін жазу-сызуға икемі бар талантты бозбала өзге замандастары секілді жиі өзіміз айтып әрі жазып жүрген Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне құжатын тапсырды. Оның жолы болды. Студен атанған соң, есімдері республикамызға кеңінен танымал көптеген мықты профессорлардан дәріс алды. Ол кезде журналистика мамандығына талап өте жоғары болатын. Жалғыз факультет болған соң байқау да қатал-ды. Жай әшейін қиялға салынып, осы кәсіпті игерсем деген кейбір жастар қатаң сыннан өте алмайтын. Сол талап дұрыс та болған шығар. Себебі, университеттің дипломын алған талай қазақтың жігіттері мен қыздары кең байтақ еліміздің барлық облыстарында шығармашылықпен жұмыс істеп, ұстаздары мен өздерінен үміт күткен ата-аналарының сенімін толық ақтады. Тағы бір ерекше тоқтала кетер жай, осынау жоғары оқу орнын жақсы аяқтаған және сабақ барысында өзін өнегелі жағынан көрсеткен жастарға Алматы қаласында қалып, қызмет атқаруға да мүмкіндік бар-ды. Қоғабай Сәрсекеев осындай дарынды жігіттердің санатына жататын. Сондықтан болса керек, ол бұрынғы астанада алдымен «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (бұл күндері «Егемен Қазақстан») басылымдарында жауапты жұмыстар атқарды. Қаламы қарымды, өзекті мәселелерді қозғай білетін қайсар да батыл жас журналист аз уақыттың ішінде мұндағы әріптестерінің тарапынан үлкен қолдауғаей болып, басшылардың қамқорлығына бөленді. Ол кездегі редакторлар да өмір көрген, туған жерінің нағыз патриоттары болатын. Бұдан кейін де Қоқаң беделді газет-журналдарда, мекемелерде қызмет атқарды. Бұған оның «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы – Друг читателя» газеттерінде, «Жалын» баспасында және басқа да бірқатар орындарындағы сіңірген еңбегі айқын дәлел. Талғампаз қауымға оның «САҚ» акционерлік қоғамының президенті болған кездерінің орны бөлек. Өйткені, ол осы лауазымды жұмыста бола жүріп, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын шығарды. Бұл үшін өзінің қаншама қаражатын жұмсады. Қазіргідей нарық заманында мұндай бұрыннан белгілі басылымдарды тұрақты оқырманға ұсынып отыру, тек жігіттің жігітінің ғана қолынан келеді. Мұнда қайсар азаматтың намыстылығы, ұлтжандылығы, өз ұлтын шексіз сүйетіндігі секілді асыл қасиеттер жатыр. Көркем прозаның хас шебері еді Қазақ руханиятының өркендеуіне кімдер лайықты үлес қосты? деген сауал туындаса , алдымен жерлесіміздің алғашқы көркем әңгімелері сонау елуінші жылдардыңбасында жарық көре бастады. Бұл орайда оның жұртшылықтың көңілінен шыққан «Кілт», «Қарашақаздар» деп аталатын әңгіме, повестер жинағын ерекше атап өткеніміз абзал. Жазушының есімі драматург ретінде де көпшілікке аян. Бұл орайда оның «Қол мерген», «Кестеорамал», «Ыбырай Алтынсарин», «Мұңлық-Зарлық», «Фатима», «Ашудас», «Сарбаздар» деп аталатын пьессалары республикамыздың бірқатар театрларында үздіксіз қойылып, жастарды имандылыққа, адамгершілікке баулыды. Қаламгердіңкесектуындыларынакелетінболсақ, оның қазақ халқының батыры АмангелдіИмановқа арналған романыныңалғашқыбөлігі 1979 жылы, жалғасы болып саналатын «Заманақыр» кітабы 1990 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан шықты. Аса бір ізденіспен жазылған осы бір туынды кейін орыс тілінде «Жалын» баспасынан «Смута» деген атпен жарық көрді. Оның басқа да жұртшылықтың үлкен құрметінебөленген «Ұлтұстазы» немесеАхметБайтұрсынов жайлы ой-түйін, портреттер, «Үш Арыс» және басқа да көптеген шығармалары оның қалам қарымының қандай болғандығын айқындай түседі. Қалың жұртшылық кезінде ұлтымыздың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынов бастаған Алашордашылар негізін қалаған «Қазақ» газетінің қайта жалғасын табуы шын мәнінде қандастарымыздың арасында үлкен айтарлықтай оқиға болды. Ол әу баста 1913 жылдың 2 ақпанында шығып, ұзақ уақыт бойы оқырмандарынан қол үзіп қалған еді. Кейін Қоғабай ағаның тікелей бастамасымен 2006 жылы қайтадан оқырмандарға жол тартты. Бұл басылымның ұстанған мақсаты ерекше еді. Ол ең алдымен ұлтымызға адал қызмет ету болатын. Сондай-ақ қазақтың тұңғыш журналисті Мұхамеджан Сералин негізін қалаған «Айқап» журналы да қайтадан жұртшылыққа ұсынылды. Міне, мұның бәрі де кейіпкеріміздің ар-намыс биіктігінің арқасында жүзеге асты. Бұлар зиялы қауымның тарапынан үлкен қолдауға, үлкен беделге ей болып келе жатыр еді. Алайда, денсаулығы сыр беріп, оның көптеген асыл армандары өзімен бірге кетті. Қаншама шәкірттер даярлап, осы басылымдардың тұрақты шығуына тікелей ұйытқы болды. ҚоғабайСәрсекеевтің кейінгі журналистерге тағылым болар қырлары да өте көп еді. Оның ең бастысы – еңбекқорлығы болатын. Ол ауырып АҚШ-та емделіп жатқан кезде де
шығармашылығынан бір сәт қол үзбепті. Тіпті, сол елде жүргенде өзінің «Қазақ шаруасы», «Қазақия», «Дешті Қыпшақ» деп аталатын кітаптарының тұсау кесерлерін өткізген. ҚоғабайСәрсеккев шын мәнінде елін сүйген азамат-ты. Сондай сіңірген еңбектері мемлекет тарапынан лайықты бағасыналып, қошеметке бөленді. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық ақпараттану академиясының, Еуразия академиясының академигі болды. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі ретінде талай таланты жазушыларды тәрбиеледі. Оның халықаралық «Алаш» және Бейімбет Майлин атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты .Қостанай қаласының жұртшылығы да Қоғабай Сәрсекеевті құрметті азаматымыз деп қадір тұтты. Оқырмандар қауымы оның халық үшін еткен еңбегі, азаматтық кескін-келбетін ешқашан да ұмытпайды .
Мұғалім: Иә, Торғай елінен талай елін сүйген саңлақ азаматтар ,қоғам қайраткерлері ,ақындар,жазушылардың көптеп шыққанын атап айтқым келіп отыр. Өйткені келесі баяндамашымыз да Торғай өңірінің тумасы айтыскер –ақын Айбек Қалиев жайлы айтқысы келеді.
Баяндама тақырыбы: «Торғайдан шыққан айтыскер-ақын»
«Торғайдан шыққан айтыскер-ақын »Айбек Қалиев- айтыскер ақын. Астанадағы Еуразия ұлттық университетін бітірген 1998 – 2001 жылдары Қазақ аграрлық университетінде оқытушы, 2001 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы болып қызмет етеді. Бірнеше айтыстардың жүлдегері.
Қалиев Айбек Киікбайұлы 1978 жылы, 19 ақпанда Торғай облысы, Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қаратүбек орта мектебін, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін үздік бітірген.
1998-2001жылдары Қазақ Аграрлық университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы, 2001-2009 жылдарыЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндеқазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, доценті қызметін атқарған.
2009 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы.
2006- «Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 2008- «Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты монографиясы «Нұра-Астана» баспасынан жарық көрді. Республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында, ғылыми басылымдарда отызға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген.
Орта мектептің 10 сыныбына арналған гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша «Қазақ әдебиеті» пәні оқулығының авторларының бірі. Бірнеше дүркін Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ айтыс өнерінің жұлдызы жанған уақыт болды. «Хабар» арнасының эфирінен тараған атамұра өнеріміз Алтай мен Атыраудың арасындағы сайын даланы рухымен тербетіп тұрды. Осы ретте, тәуелсіздік алған өтпелі кезеңде ұйымдастыру жағы әлсіреп кеткен айтысты қайтадан қолға алып, жоғары деңгейде өткізуге білек сыбана кіріскен Жүрсін Ерманның ерен еңбегін атап өтуіміз қажет.Ол сексенінші жылдардан бері айтыстың көрігін қыздырып келе жатқан азулы ақындармен қатар, жаңа есімдердің де жарқ етіп көрінуіне жағдай жасады. Сол жауқазындай жастардың алдыңғы легінде торғайлық Айбек Қалиевтің тұрғанын көзқарақты қауым жақсы біледі. Айбек телеайтысқа тоқсаныншы жылдардың соңында қатыса бастағанымен бірден сәтті бола қойған жоқ. Тек 2001 жылы алғашқы тікелей эфирдегі жекпе-жекте атақты Мұхаметжан Тазабековпен тең дәрежеде айтысқаны ел аузында аңызға айналды. Содан бері Торғай даласының топжарған жүйрігі талай өнер додасында қамшы салдырмай келеді. Торғай елі таланттарға кенде емес. Айтыс өнеріндегі Нұрханның ізі, Қонысбайдың қолтаңбасы өнерсүйер көпшіліктің көкейінде сайрап жатыр. Солардың бастаған тасқын жыры ешқашан саябырсыған емес. Қонысбайдың соңын ала Айбектің алдаспан өлеңі де Алаштың аспанында жарқ етті. Ол ешкімді қайталаған жоқ. Өзіндік үні, ерекше мәнерін ала келді. Қазір қайсыбір қазақтан елдік мәселені айтатын ақынды сұрасаң «Айбек» деп жауап беретініне күмән жоқ. Оның тікелей эфирлердің төрінен тіліп айтқан ұлттық мәселелері көрерменнің көңіл құмарын қандырды. Қарсыласымен қарпыса отырып, қоғамдағы әлеуметтік жағдайды тігісін жатқызып айта білу ақынға үлкен шеберлікті , білімді қажет етеді. Айбектің ерекшелігі қоғамның қордаланған мәселелерін қанын тамызып тұрып айта алатындығында. Оған оның білімі де, қарымы да жетеді.
Айбек ақындық арының алдында адал сөйлеуге талпынды. Ақиқаттың жолында ешкімнің бет-жүзіне қарамады. Мәселен, Мэлс Қосымбаевпен жекпе-жегінде «Тілімнің де тірлігі ділгір қазір, Берсек те мемлекеттік мәртебені» дей келіп,
Жастарымыз наркоман шұбырынды,
Алкаголь сұлама боп жын қуып жүр.
Тас құдайға табынған шоқындылар,
Исламның діңгегін сындырып жүр.
Мұнай, темір, пайдалы қазбалардың
Қайда кетіп жатқанын кім біліп жүр?
Шетелде небір талай Бейбарыстар
Көкелеп елін аңсап шыңғырып жүр.
Аты бар да заты жоқ қазақ тілі,
Орыс тілдің қолына су құйып жүр,
Сайқал қоғам сорпасын сорға төккен,
Қазақтың қасіретпен кіндігі бар, –
деген шумақтан өмір сүрген қоғамының бет-бейнесін көргендей боламыз.Жаһандану заманында жұтылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыз бен дүниетанымымыз ақынның жанайқайына айналған. Жанға батырып айтты екен деп ақынды жазғырудың қажеті жоқ. Себебі, шындық қашанда ащы.Ал ақын сөзі қоғамның айнасы.
Айбек ақынның атағын жалпақ жұртқа жайған айтыста Елбасыға айтқан даты болатын. Қазақтың жазылмаған дала заңында ханның алдына келіп дат сұраған адамға ойын айтуға ешкім бөгет болмаған. Баба дәстүрі бойынша «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ». Айбек сол дәстүрді жаңғыртып тікелей эфирден тілдің, жердің, ауылдың проблемасын жеткізуге ұмтылды. Әрине, айтудың жолын тапқан ақынның бұл қадамын дәстүрді жаңа заманның әдісімен сабақтастыру деп қабылдаймыз. Айбекті айтыс өнерінде жолы болған ақындардың қатарына жатқызуға болады. Сөзі келіссе әні келіспей, әні келіссе сәні келіспей жататын айтыскерлер көп. Олардың сахнадағы ғұмыры да ұзақ болмайды. Өткені айтыс синкретті өнер. Төрт аяғы тең түскен жорғадай тайпалмасаң бақ жұлдызың жана қоюы екіталай. Әдемі қоңыр дауысы, домбырашылығы, сахнадағы ұстамдылығы мен ақындығы үйлесім тапқан тұлпар айтыскердің бұл салада тұяғы тасқа іліккен жоқ.
Айбектің екінші қыры ғалымдығы. Ұстазымыз академик Рымғали Нұрғали Аманжол, Балғынбек, Дәулеткерейлермен қатар бізді де ғылымның бәйгесіне қосты. Айбектің еншісіне тигені ұлтымыздың ұясы Торғайдың ақындық мектебін жүйелеу. Өзінің бала
күнінен құлағына сіңіп өскендіктен бе, ол бұл тақырыпты қызығушылықпен індете зерттеді. Өзінің ғалымдығын дәлелдеп кандидаттық диссертация қорғады. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлындай ұлт қайраткерлерін тудырған Торғай даласынан небір дүлдүл ақындар шыққан екен. Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Күдері Жолдыбайұлы, Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Әбіқай Нұртазаұлы, Файзолла Сатыпалдыұлы, Әлмағамбет Оспанұлы сияқты ақындардың өмір тарихын алғаш Айбектің зерттеулерінен оқыдық. Ғылыми жетекшіміз академик Рымғали Нұрғали Айбектің зерттеу мақалаларын оқып Торғай ақындық мектебіне қатты таңданғанын да көзіміз көрді.Аяулы ұстазымыз «Анадай ақындық ортадан Ахмет сияқты данышпандардың шықпауы мүмкін емес» деген еді бірде. Шындығында, жоғарыда аталған ақындардың қай-қайсы болса да өлең сөздің майын ішкен майталман ақындар болатын. Тек тектілердің насихаты ғана кемшін еді. Олардың арасында Абайды оқып ақындықты қойып кеткендері де, Ахмет Байтұрсынұлына домбыра үйреткендері де, Алашорданы құруға атсалысқандары да бар екен. Соның барлығын ғылыми айналымға енгізген Айбектің еңбегі ересен.Тағы бір қырына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Ол оның ұстаздығы. Бес жылдық жоғары оқуды Ақыры айтқасын Айбектің бітіре салып еңбекке араласқан жас ақынның алғашқы қадамы С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетте ұстаздықтан басталған. Бір айтыста жарқырай көрінген Айбекті сол кездегі ректор Мырзатай Жолдасбеков Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қызметке шақырады. Еуразия университетіне топтасқан үлкен ғылыми орта мен ақындық мектеп оның жан-жақты шыңдалуына ықпал етті. Кезінде өзі білім алған қара шаңырақта табан аудармай он жылға жуық қызмет жасады. Оның алдынан болашақ ғалым да, ұстаз да, ақын да тәрбиеленіп шықты. Бүгінгі айтыстың көрнекті өкілдері Ринат Зайытов, Асхат Ізтілеу, Иранғайып Күзембаев, Еркебұлан Қайназаров, Бақытжан Қасымовтар оның алдынан дәріс тыңдады. Кейін туған елінің шақыруымен Арқалық педагогикалық институтына декан болып ауысқан кезде де қадамы сәтті болды. Торғай өңірінің ақындық мектебін жалғастырды. Айбектің тәлімін алған Тоба Өтепбаев, Азамат Мәлжанбайлар бүгінде ел танитын ақындар. Аман болса, әлі талай ізбасар ақындарды шығарады деп сенеміз.
Махамбет, енді бірде Асанқайғы,
Шын ақын шындық десе жата алмайды/.
Бұл күнде көпшік ақын көбейіп тұр,
Айтудан артылмайтын қаһан жайлы.
Біреулер сөз төркінін мақамдайды,
Айтыста айтатын бар сақал жайлы.
Біреулер жырға қосса жүлде жайын,
ал Айбек тек жырлайды жаһан жайлы:
жасайды халқыменен сол халқының,
жанына жырлайтын жан батар жайды.
Шын тұлпарды жарысқан жақта сына,
Жабыны тартсаң озбас ноқтасынан.
Қамшы салмас шын ақын қас тұлпардай,
/қамшыға қараған – мін баққа, сірә/.
Тер шығар шапқан сайын арқасынан.
Арыны мыңнан озған Құлагерім,
Сақтасын батыраштың балтасынан.
Мұғалім: бүгінгі конференция сабағымызда көптеген ақпараттармен таныстық.Тәуелсіздік жылдарындағы «проза саласы» дегенде есімізге жерлесіміз Қоғабай Сәрсекеев түссе, «поэзия саласы» бойынша айтыс өнерінің дүлділі ақын Айбек Қалиевті есімізге алатын боламыз. Сонымен, сабағымызды қорытындылай келе , «нені білемін», «нені білдім?», «нені білгім келеді? » -деген сауалдарға жауап берулеріңізді сұраймын.
Сабақты бағалау. Үйге тапсырма. «Менің мемлекетті өркендетуге қосар үлесім »
Пайдаланылған әдебиеттер:
ü Әдебиеттанушы Елдос Тоқтарбайдың мақаласы
ü «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» Әдістемелік құрал
ü Интернет беттерінен ақпарат

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет