V = d__ Д V – көру өткірлігі
d – зерттеуші мен таблицаның арасындағы қашықтық
Д - әріптерді көруге болатын қашықтық
Мысалы, зерттелуші 5 м қашықтықтан таблицаның 10- шы қатардағы әріптерді көретін болса, онда көру өткірлігі І-ге тең болады. Бұл көру өткірлігінің жақсы қалпын көрсетеді. Егер осы қашықтықтан тек І-ші қатардағы әріптерді ғана көрсе (бұл қатардағы әріптерді 50 м қашықтықтан көруге болатыны жоғарыда айтылған), онда 5-ті 50-ге бөлеміз (5: 50). Сонда көру өткірлігі 0,1 ге ғана тең.
Көру өткрілігінің төмендеу себептерді әр түрлі: көз аномалиясы (бұл жағдайда көзілдіріктің көмегімен түзеуге болады), торлы қабықшаның қызметінің бұзылуы, т.б.
Оң және сол көздің және бинокулярлық көру қыралығын анықтаңыз.
Жарық көзіне түскен сәулені көздің қалыпты жағдайды сындырғыш күшін көз рефракцичсы дейді.
Рефракцияның үш түрі бар:
а) заттан шыққан сәулелер тор қабықтың үстіне түскенде, адам затты анық көреді. Егер заттан түскен паралельді сәулелер көздің оптикалық жүйесінен өтіп, сынғаннан кейін дәл тор қабықтың үстіне түссе, онда мұндай көзді қалыпты (эмметропия) көз рефракциясы дейді. Көзі осындай адамның көру қабілеті 100 процентке тең. Мұндай көз алмасының ұзындығы орта есеппен 24 мм.
ә) егер заттан шыққан паралельді сәулелерді көздің оптикалық жүйесі қалыпты көз рефракциясымен салыстырғында көбірек сындырса, онда заттан түскен сәулелердің түйісу фокусы тор қабықтың алдыңғы жағында болады. Бұл жақыннан көргіштік немесе миопиялық көз рефракциясы деп аталады. Көз алмасының диаметрі үлкен болады.
б) егер алыстағы заттан шыққан сәулелер көздің оптикалық жүйесінен өткенде жеткіліксіз сынса, түйісу фокусы тор қабықтың артында болады. Бұл алыстан көргіштік немесе гиперметропиялық рефракция деп аталады. Бұл жағдайда көз алмасының диаметрі қалыпта жағдайдан қысқа болады. (55 беттегі 2 қосымшаны қараңыз)
Жас нәрестелердің көзі алыстан көргіштік рефракциясына жатады.
Олардың көз алмасының диаметрі 17 мм болады. Балаларда миопиялық рефракция қалыптаса бастаса, көзілдірік киген дұрыс. Алғашында бұл ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Көзілдірікті тек қана дәрігердің көмегімен таңдап алу қажет. оны өз бетімен таңдауға, бөтен адамның көзілдірігін қолдануға болмайды. Соңғы кезде кейбір офтальмологтардың айтуы бойынша көзілдірік кимей- ақ, көрі өткірлігін дұрыс қалыпқа өзгертуге болады. Ол үшін көру анализаторына біршама жақсы жағдай жасау қажет: күн тәртібін сақтау, дұрыс дем алысты ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, көзбен істейтін жұмыстарға жақсы жағдай үнжасау, әрбір 25-30 мин. көзбен істелетін жұмыстан кейін үзіліс жасап отыру т.б. Жақыннан көргіштік қабілеті 6-7 диоптрийға жеткен баларады мектеп шеберханасында, мектеп бақшасында істелетін жұмыстардан босату; секіру, жүгіру сияқты оқыс қимылдар жасатпау және т.б. Бұл балалар таңертеңгілікте арнаулы жаттығулар жасағаны дұрыс.