Практикалық сабақ № 8 Мектептің ауа- жылу режимін гигиеналық тұрғыдан бағалау Мектептегі ауа-жылу режимінің гигиеналық нормаларға сәйкес келуі оқушылардың үлгерімі мен жұмыс қабілетінің қажетті басты шарты. Ауа ортасының физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы микроклимат деп аталады. Мекен жайлардың микроклиматы метеорологиялық компоненттерден тұрады: ауаның температурасы, ылғалдылығы, қысымы, қозғалғыштығы, көміртегінің мөлшері және т.б. адамдар болатын жабық бөлмеде ауаның ластануының жанама көрсеткіші болып табылады. Оның болатын ең жоғарғы концентрациясы мектептерде - 0,1% құрайды. Оның мөлшері 0,08-ге жеткеннің өзінде төменгі сынып оқушыларының мінез-құлқында өзгеріс байқалады: тәртіп нашарлайды, зейін қою қабілеті төмендейді.
Сынып бөлмелеріндегі ауаның температурасы солтүстік аймақтарда 21-22 0С, орталық аймақтарда 18-200С, ал оңтүстік аймақтарда 17-180С болуы керек. Сыныптағы ауа температурасының айырмашылығы көлденең (горизонталь) жазықтық бойынша 20С- тік (вертикаль) жазықтық бойынша 30С аспауы қажет. Бөлме қабырғаларының температурасы ауа температурасынан 30С-тан төмен болмауы тиіс. Ауа жылдамдығы 0,2 м/с болуы керек.
Мақсаты: Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына, олардың ден-саулығына, жұмыс қабілетіне әсер ететін мектептің ауа-жылу режимін гигиеналық бағалауды үйрену.