ІІІ. Физикалық дамуды индекс әдісімен анықтау Физикалық дамудың индексі- әр түрлі антропометриялық белгілердің арақатынасын математикалық формулалар көмегімен көрсету. Бірақ адам денесінің өлшемдерінің өзгеруі біркелкі болмағандықтан физикалық дамудың индекстерін жобамен қолдану қажет.
І. Семіздік немесе Кетле көрсеткіші: СК =__Р_ L Р- дене салмағы (г); L- бойдың ұзындығы. Бұл көрсеткіш семіздікті анықтайды- бой ұзындығының І см- не дене салмағының неше грамы сәйкес келетіндігін көрсетеді. Физикалық даму мықты болса бұл көрсеткіш: ер балаларда 400- 410 г/см, қыз балаларда 370-380 г /см болады.