Сабақты қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады.
Дене тәрбиесі – бұл денсаулық, күш, жылдамдық, төзімділік және т.б.
Дене тәрбиесі сабақтарында, яғни өзін – өзі дұрыс ұстау, жүгіру, секіру, лақтыру тәрізді әрекеттерді орындау кезінде және қалыптан тыс жабдықтармен өткізілген сабақтарда , сапқа тұру, доппен және т.б. заттармен ойнау барысында қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау туралы әңгіме жүргізіледі.
Тазалық ережелерін, киім кию және оны ауыстыру тәртібін, сабақ өткізілетін орынның гигиенасын сақтау талаптары айтылады.
Киімді қалай жинап, спорт киімдерін қалай буып, түю керек екендігі көрсетіледі.
Бой бойынша тізбекке тұру («Тараңдар!» және «Сапқа тұр!» бұйрықтарын бірнеше рет орындау)
«Нысана» рефлексиясы. Оқушылар маркерлермен нысанаға қаншалықты сабақ мазмұнын меңгергендігін білдіріп нүкте қойып кетеді.
К иім ауыстыру орнына кету.
Маркерлер, фломастерлер, стикерлер
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.
Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: допты нысанаға лақтыруды қайталау
Қабілетті оқушыларға: нысанаға допты қозғалыста лақтырып тигізу
Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз? Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:
Фишкалар Залда фишкалардан алдын ала дайындалған түрлі-түсті фишкалар қойылған. Оқушылар өздерін бағалауда осы шеңберлердің ішіне орналасуы керек. Ақ түсті шеңберге барлығын жақсы орындадым деген оқушылар.
Жасыл түсті шеңберге көбіне жақсы орындадым деген оқушылар.
Көк түсті шеңберге кейбірін жақсы орындадым деген оқушылар.
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;
Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;
Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;
Жалпы бағалау
Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?
1:
2:
Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?