Типі: Жаңа сабақты игерту
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Сызбалар, үлестірмелі карточкалар
Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Үй есебінің орындалуын тексеру
III. Жаңа сабақты меңгерту:
1-анықтама. Алдын ала белгісіз, тек тәжірибе нәтижесінде анықталатын бір мәнді шаманы кездейсоқ шамп деп атайды.
2-анықтама. Мәндері жеке дара тиянақты сандар болатын кездейсоқ шаманы дискретті кездейсоқ шама деп атайды.
3 –анықтама.мәндері үзіліссіз белгілі бір кесіндісінде ( мұндағы а, а және в тиянақты нақты сандар) орналасқан кездейсоқ шаманы үзіліссіз кездейсоқ шама деп атайды.
4-анықтама.дискретті кездейсоқ шаманың мүмкін болатын мәндері және олардың ықтималдықтарының арасындағы сәйкестік берілген кездейсоқ шаманың таралу заңдылығы деп аталады.
5 –анықтама.Х кездейсоқ шамасы мәндерінің сә йкес ықтималдық мәндеріне көбейтінділерінің қосындысы Х кездейсоқ шамасының математикалық күтімі деп атайды.
6 –анықтама. Х кездейсоқ шамасы мен М(Х) математикалық күтімінің айырымы, яғни Х - М(Х) ауытқу деп аталады.
7 –анықтама.Ауытқудың екінші дәрежесінің математикаклық күтімі Х кездейсоқ шамасының дисперсиясы деп аталады.
8 –анықтама.Дисперсиядан алынған квадраттүбір орташа квадраттық ауытқу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |