Тірек ұғымның өзектілігі (сыныппен жұмыс, әңгіме): сыртқы жадтың өзіне тән сипаттамасын айқындау үшін Д ербес компьютер архитектурасы – процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан (перифериялық) құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.
Дербес компьютердің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол үш түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Адрестік шинаның көмегімен процессор байланыстырылатын жады ұяшықтарын таңдайды. Басқару шинасы бойымен жедел жадтан процессорға бұйрықтар, ал деректер шинасы арқылы деректер жеткізіледі. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы. Мысалы, Pentium процессорларының адрестік шинасы – 32 разрядтық, яғни процессор 232 жады ұяшықтарын ажыратуға қабілетті.
Ең артық жүктелетін шина – ол видеодеректер тасымалданатын шина. Мұндай ағындар үшін жеке шина бөлінеді. Басқа барлық компоненттерге құрылғылар шинасы бөлінеді. Қазіргі компьютерлерде күнделікті пайдалану үшін USB (Universal Serial Bus) шинасы қолданылады.
Аналық тақша – қазіргі дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросхемадан тұрады:
1) Солтүстік көпір (North Bridge) – орталық процессордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы.
2) Оңтүстік көпір (South Bridge) – ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының жұмысын және сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы-концентраторы.
Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі - Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларын атап бер.
- ДК архитектурасы деп нені айтады?
- Жадтың қызметі қандай?
- Аналық тақша дегеніміз не?
- Жүйелік шинаның құрамы қандай?
- Ортақ жадты қолдану идеясы неліктен «фон Нейман принципі» деп аталады?
2 ) Сөзжұмбақ шешу және блиц-сұрақтарға жазбаша жауап беру: Көкпар» (ортақ сұрақтарды талдау). Т ұрақты жад пен сыртқы ақпарат тасымалдаушыларды салыстыра отырып, кестені толтыру жұмыстарын жүргізу.
тапсырма. Техникалық диктант.
1. Процессор – компьютердің негізгі.........
2........-(ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.
3..........- мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді.
4. Процессордың ішкі ұяшықтары........ деп аталады.
5........- мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.
2 тапсырма. Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) үшін дұрыс бес пайымдау жаз
1. Бұл компьютердің ішкі жады.