Сабақ №1 Өсімдіктер жасушасының физиологиясы және биохимиясы. Ферменттердің белсенділігін зерттеу әдістері



бет2/3
Дата11.12.2021
өлшемі26,29 Kb.
#79068
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ЗТС-1 Ферменттер каз (1)

Тапсырмаларды орындаңыз:

1.Инвертаза әсер ететін қосылыстың астын сызыңдар: целлюлоза, инулин, глюкофруктозандар, сахароза, пентоза, фруктоза, амилоза, амилопектин, крахмал.

2. Температураға және рН реакцияға байланысты инвертаза белсенділігі қалай өзгеретіндігін сызбада қисық сызық түрінде көрсетіңдер.

3. Ферменттер әрекетінде төменде көрсетілген элементтердің қайсысы активатор (тұтас сызықпен сызыңдар), қайсысы ингибитор (қос сызықпен сызыңдар) болып саналады:

натрий, қорғасын, сынап, магний, мырыш, мыс, вольфрам, темір, күміс, калий, рубидий, кальций, молибден, кобальт, марганец, алюминий.

4. Реакция жылдамдығының фермент концентрациясына байланысты екендігін сызбада көрсетіңдер (субстрат жеткілікті болғанда).

5. Егер фермент төмендегі заттарды катализдейтін болса, оның талғаулық түрін атаңыз:



  • тек бір ғана белгілі зат;

  • құрылысы жақын зат топтары;

  • белгілі стереоизомерлер.

6. Ферментативтік реакция жылдамдығының субстрат концентрациясына байланыстылығын сызбада көрсетіңдер.

7. Тұтас сызықпен энергия бөлетін (экзергоникалық) және энергия сіңіретін (эндергоникалық) реакциялардың астын сызыңыз:

изомеризация, заттардың қалпына келуі, бір қосылыстан екінші қосылысқа топтардың тасымалдануы, тотығу, гидролиз, АТФ-тың синтезі, полимеризация, органикалық қосылыстардың тотықтырғыш декарбоксилденуі.

8. Төменде көрсетілген энергетикалық сұлбадан А→В+С реакциядан 1 санымен фермент катализдейтін, 2 санымен – катализдемейтінін көрсетіңдер.



1 сурет. Бос энергияның фермент катализдейтін және катализдемейтін реакцияның өзгерісі
9.Төменде көрсетілген процестердің қайсысын катаболизмге, қайсысын анаболизмге жатқызуға болады:

а) күрделі молекулалардың жай заттарға дейін ыдырауы;

б) синтетикалық реакция;

в) экзергоникалық реакция;

г) эндергоникалық реакция.

10. Дегидрогеназдың қандай компоненті (кофермент немесе апофермент) тотығатын субстратқа қатал (дәлме-дәл) ерекшелігін сақтайды?

11. НАД және НАДФ коферменттерінің толық атауы…………………….

ФАД и ФМН коферменттерінің толық атауы ……………………….

12. Төменгі реакцияларды катализдейтін ферменттер дегидрогеназдың қай тобына жатады?

а) СООН­ СООН

| |

СН2 + НАД → СН2 + НАДН++



| |

СНОН С= О

| |

СООН СООН



б) СН3 – СНО + Н2О + О2 → СН3СООН + Н2О

13. Аэробты дегидрогеназа – бұл………………………………….

Анаэробты дегидрогеназа – бұл……………………………….



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет