Сабақ №1 Өсімдіктер жасушасының физиологиясы және биохимиясы. Ферменттердің белсенділігін зерттеу әдістері



бет1/3
Дата11.12.2021
өлшемі26,29 Kb.
#79068
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ЗТС-1 Ферменттер каз (1)


Зертханалық-тәжірибелік сабақ №1

Өсімдіктер жасушасының физиологиясы және биохимиясы.
1. Ферменттердің белсенділігін зерттеу әдістері.

2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тапсырманы орындау.



Ферменттер – ақуыздық катализаторлар. Олар барлық тіндерде, жасушаларда, жасушаішілік органеллаларда және биологиялық сұйықтықтарда болады. Ферменттердің арқасында тірі организмдердегі метаболизм дене температурасында және күшті химиялық реагенттердің қатысуынсыз жоғары жылдамдықпен жүреді.

Ферменттер катализатор ретінде: 1) термодинамикалық заңдар бойынша мүмкін емес реакцияларды тудырмайды; 2) қайтымды химиялық процестің алға және кері реакцияларының жылдамдығын арттырады; 3) химиялық өзгеріссіз қалады; 4) өте аз мөлшерде олар субстраттардың пропорционалды емес үлкен массасын түрлендіруге қабілетті.

Температураға және рН реакцияға байланысты инвертаза белсенділігін анықтау әдісі.

Инвертаза ферменті немесе сахараза (или β-фруктофуранозидаза), сахарозаның глюкоза мен фрук­тоза гидролиз реакциясын катализдейді:

С12Н22О11 + Н2О → С6Н1206 + С6Н1206

сахароза инвертаза фруктоза глюкоза


Өсімдік әлемінде кең тараған инвертаза ферментін берілген жұмыс мақсатында қолданылатын ашытқыдан оңай бөліп алуға болады. Әр түрлі жағдайда инвертаза белсенділігінің жуық сандық шамасын алу үшін өзінің құрамында мыс тотығы (көк түсті) болатын Фелинг ертіндісін қолданады.

Егер Фелинг ерітіндісіне глюкозаның тобына жататын құрамында редукциялы қанттар бар (яғни бос альдегид тобы бар) ерітіндіні тамшылатып қосса, онда ерітіндінің көк түсі сарғыш қызыл түске айналады, өйткені мыс тотығы тұнба түзіп, мыстың шала тотығына дейін тотықсызданады.

Инвертаза ферментінің субстраты — сахароза редукциялы қасиет көрсете алмайды, ол кезде гидролиздің бір өнімі ретінде глюкоза Фелинг ерітіндісінде мыс тотықсыз қалпына келтіреді.

Осы әдіспен, инвертаза неғұрлым белсенді болса, соғұрлым глюкоза көп жиналады және мыс тотығының мысты шала тотығына айналуы тез жүреді. Бұл инвертазаның белсенділігін анықтау үшін қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет