Екінші топ: Топыраққа зерттеу жұмыстарын жүргізу. Ылғалдылығы аз топырақтың су режимін анықтау.
Сабақ мазмұны.
1 тапсырма.Топырақтың ылғалдылығын анықтау және сұлбасын салу.
3 суретте қуаң аймақтарда өсімдіктердің өсіп-өну дәуіріндегі табиғи ылғал Е және суару арқылы топырақ ылғалының бағыты көрсетілген.
2 тапсырма.Топырақтың су режимін реттеуді жүргізу.Ылғалдың топырақтағы қоры үздіксіз өзгеріп тұрады. Олар жауын-шашын суымен Р, жер асты суымен С, жер бетімен ағатын сулар мен v0 , және топырақ дылқылының суға айналуы (конденсация), А арқасында толықтырылып тұрады. Сондай-ақ , олар судың өсімдіктердің жапырақтарының және топырақ бетіне буланып Е, жер асты суының қайтуы О және белгілі жерден жер беті суларының ағып кетуіне жұмсалады. (S) Егерде топырақтағы, жер астындағы және жер үстіндегі судың көбею, немесе азаю мөлшерін w мен белгілесек, онда топырақтың су балансын белгілі есепке алынған мерзім ішінде төмендегі теңдік арқылы көрсетуге болады:
W = (P+C+V0+A) – (E+O+S)
Бұл теңдіктегі қосылғыштардың барлығы мм, немесе м3/га арқылы көрсетіледі.
А) Әрі қарай топырақтың булануын табу.
Б) Н.Н.Ивановтың формуласын қолдану арқылы буланудың айлық мөлшерін анықтау.
3 тапсырма.Топырақтағы ылғалдың қорын анықтау. Топырақ ылғал қоры гектарына текшеметр есебімен саналады және оның мөлшерін екі әдіспен анықтауға болады:
Есепке алынған топырақ қабатының көлем салмағы α е/см3 есебімен және оның дымқылдығы γв , құрғақ топырақтың салмағынан процент есебімен белгілі болған жағдайда, сол есепке алынған топырақ қабаты h(м) 1 гектар жерде 10000*h м3 көлемге тең болып, оның құрғақ күйіндегі салмағы 10000*h*α тоннаға тең болады. Ал енді ылғалдың осы көлемдегі салмағы төмендегі формуламен анықталады:
W=10000* Ув/100=100* h* α*γ,
гектарына тонна есебімен, немесе гектарына текше, бұнда: W-топырақ ылғалының қоры, гектарына текше метр есебімен.
h- есепке алынған топырақ қабатының көлем салмағы, г/см3 есебімен;
α- есепке алынған топырақ салмағынан процент есебімен;
γ- топырақ дымқылдығы, құрғақ топырақ салмағынан процент есебімен.
Сабақ №9
Пән: Жерді қорғау.
Тақырып: Жер асты суларын ластанудан қорғау.
Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді.
Суды 400-дей түрлізатластауымүмкін.
Егер судағы санитарлық-токсикологиялық (судың мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі) көрсеткіштері, сульфат, хлорид, нитрат, уытты ауыр металдар мөлшері шектеулі межеде тартып кетсе, су ластанған болып есептеледі. Тағы суда араласқан оттегі мөлшерінің азаюы, радиоактивті элементтердің, ауруға ұшырататын бактериялардың пайда болуы да оның ластанғанын көрсетеді.
Өндірістік ластанудың көздері мыналар:
электроэнергетика;
химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп;
ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;
қара металлургия;
түсті металлургия;
машина жасау өндірісі;
көмір өнеркәсібі;
мұнай өңдеуші өнеркәсібі;
жеңіл өнеркәсіп;
құрылыс материалдары өнеркәсібі;
тамақ өнеркәсібі;
тұрмыстық жиынды сулары;
өзен және теңіз кемелерінің жиындысулары;
қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы.
Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын) және уытсыз болып келеді.
Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырау құлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.
Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий жәнет.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.
Механикалық ластану суға әр түрлі механикалық қоспалардың (құм, шлак, балшық, т.б.), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады.
Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жер үсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, улыгаздардың (күкірт сутегінің, метанның) бөлінуіне әкеліп соғады.
Жер үсті немесе жерасты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе әдеттегіден жоғары температурадағы сулардың, не басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
Шайынды сулар – адамның тұрмыстық не өндірістік қызметінде қолданылғаннан кейін шығарылатын сулар және елдімекендер территорияларынан, өнеркәсіптік объетілерден және ауылшаруашылық өрістерден атмосфералық жауын-шашынның нәтижесінде ағылатын сулар.
Өндірістік шайынды сулар технологиялық үрдістерде суды қолданғаннан кейін әртүрлі өнеркәсіптік объектілерден түседі. Ластаушы заттарға қышқылдар, сілтілер, әртүрлі металдар тұздары, күкірттік қосылыстар кіреді. Оның ішінде улылары, мұнай өңдеуші және мұнай химиялық зауыттардың органикалық синтез, синтетикалық каучук және пластмасса өндіріс орындарының, коксхимиялық зауыттардың, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өндіріс орындарының жуынды суларында болады.
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Су қоймалары үшін целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің жуынды сулары өте қауіпті. Осы мекемелердің жуындыларында ағаш үгіндісі, ағашталшықтары, шайыр болады.
Ауылшаруашылық жуынды сулар. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемінің, өсімдіктерді зиянкестерден және арамшөптен қорғау құралдары тез өсуіне, химиялықзаттардың жаңбыр суымен жуылып су қоймаларына және жер асты суларына түсуіне әкеледі.
Жаңбырлық және нөсерлік ағынды сулар. Жаңбырлық (нөсерлік) сулар атмосфералық жауын-шашын түсуінің нәтижесінде пайда болады
Техногендік әрекет нәтижесінде қалыптасатын өзгерістер географиялық жүйенің құрылымын өзгертеді де, бұл өзгерістерді жоюға немесе қайта құруға бағытталған реакция тудырады. Осылардың салдарынан ландшафтардың техногендік модификациясы қалыптасады.
Жер асты суын қорғау
Жер асты суын қорғау – жер асты суын жинауға арналған құрылыстарды пайдалану тәртібі оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиістілігін қадағалау. Газ, мұнай, көмір және басқада кен байлықтарды іздестіруге, барлауға және пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізген кезде ашылған жер астындағы су шығатын қабаттар олардың ластануын болдырмайтын сенімді оқшаулау мен қамтамасыз етілуге тиіс. Суы өздігінен құйылып жатқан ұңғымалар, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануы доғарылған реттегіш құрылғыларымен жабдықталуға, тоқтатып қоюға немесе жойылуға жатады. Өнеркәсіптік пайдаланылған ақабасуды төгуге арналған сіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымалар ауыз сумен және тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жарамды немесе пайдаланылып отырған су шығатын қабатты ластаудың көзі болып табылуы мүмкін реттерде тыйым салынады. Cіңіргіш ұңғымаларды бұрғылауға бұлұңғымаларды бұрғылау ауданында арнайы зерттеулер жүргізілгеннен кейін берілген табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын, кен және санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың оң қорытындылары болған кезде жол беріледі. Сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты сулары түзілетін және олар жатқан жерлерде қатты және сұйыққалдықтар, төгінділер жинағыштар құрылысын орнатуға, сондай-ақ жер асты суларын ластау көзі болып табылатын басқада нысандарды салуға жол берілмейді. Жер асты суларын пайдаланатын кәсіпорындар оларды қорғаужөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суымен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығы мен шұғылдануға болады. Бірақ халықшаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл — терең қабатаралық жер асты суы.
Артезиан сулары.Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық казылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.
Минералды сулар.Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген. Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.
Сабақ №10
Пән: Жерді қорғау.
Тақырып:Артезиан сулары.
Жер асты сулары жер қыртысында жатуына, гидравликалық және гидродинамикалық ерекшеліктеріне, пайда болуына, құрамы-на байланысты эртүрлі топтарға белінеді. Жер асты сулары: топырақтық, үстіңгі қабаттық су, грунтты және артезиандық болыи бөлінеді. Жыныстардың су сіңіру сипатына байланысты саңылаулық, сызықтық, кратерлік, қабаттылық болады. Гидравликалық белгілері бойынша сулар қысымсыз - грунттық және қысымды артезиандық: гидродинамикалық жағынан ақпайтын бассейн және жарықтардан тез ағатын сулар, ал жер асты сулары одан басқа тұщы, ащы түзды және өте тұзды болып бөлінеді.
Адам организмінде емдік, шипалық қасиеті бар химиялық элементтер (8, Ғе, Аз, С, Вг т.б.) ертіндісі бар сулар минералды су деп аталады. Минералды сулар өздеріңің құрамындағы тұздарға байланысты түщы және ащы, ал аниондарының құрамына байла-нысты карбонатты, көмір қышқылды, сульфатты және хлоридті болып бөлінеді.
Карбонатты суларга негізнен тұщы өзендердің, көлдердің жэ^ жер бетіне жақын жататын жер асты сулары жатады. Сульфат сулар көбіне ащылау, ащы және тұзды болады. Оларға тұзды кө сулары, шөлейт аудандардың жер асты сулары жатады.
Хлоридті суларға - Дүние жүзілік мұхит сулары және өте тереңдегі тұзды сулар мен мұнайлы аудандардың қойнауындағы артезиан сулары жатады.
Артезиан суы. Өз атын Париж маңайындағы Артуа өңіріпс байланысты, мүлда 1126 жылы жер бүрғылаған кезде су жер бетінс атқылап шыққан, яғни артезиан суы қыртыстар арасында қысым мен түрғандықтан, қүбырларда атқылап, жер бетіне табиғи фонтан ретінде шығады. Артезиан суының көтерілу деңгейінің қүбмр зандылығына байланысты, яғни иілген қабаттар арасындағы су аршылған кезде, олардың көтерілу деңгейі қоректену облысымен ағу облыстарының биіктік айырмашылықтарына байланысты.
Артезиан суларының ерекшеліктері: көбінесе артезиан бассей іні деп аталады, ірі ойпаттарда; су откізбейтін жыныстардың ара-лықтарында; көбінесе оте тереңдікте; температурасы бірқалыпты, бірақ тереңдеген сайын үлғаятын; су қүбылымы коп озгермейтіп және қысымды қоректену мен таралу облысы кошу мен агу облысымен сәйкес келмейтін жерлерде кездеседі.
Су қүрамы жагынан түщы, түзды және түздық болуы мүмкін. Бүл сулар озінің сапасы, температурасы және гигиеналық жағынан әртүрлі жағдайға байланысты қалқымалы беткі және жер асты суларынан артықшылығы бар. Артезиан сулары көп жагдайда жергілікті жердегі ең басты ауыз суы болып саналады. Егістікті суғару үшін де коп қолданады (әсіресе Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде).
Минералды артезиан суларының емдік қасиеті бар. Мысальу атақты Сарыағаш, бүрынғы ТМД-дагы Кисловодск және Есентуки суларын айтсақ жеткілікті.
Қорытып айтқанда, жер асты сулары беткі сулармен (озен, көлі бірге, осы түрде және тиімді игерген жагдайда көптеген халық-шаруашылығын сумен қамтамасыз ету проблемасын шешеді жәнежоғарғы өнім алуға көмектеседі.
Жер асты суларының геологиялыц іс қасиеті. Жер қабығындз жер асты, оның ішінде артезиан сулары үлкен жүмыстар атқарады. Жер беткі суларына қарағанда жер асты сулары гидрохимиялық, яғни тау жыныстары мен минералдарды ерітуде басты роль атқарады.
Тау жыныстарын бүзу және еріту мен қатар, олар жер кырты-сында қуыстар, үңгірлер, түздардың жылжуын және жаңа минерал-дардың қүрылуын қамтамасыз етеді. Өте ылғалданған және жер асты ағысы нашар жерлерде батпақтану байқалады. Жерасты суларының маңызы жан-жақты. Бір жерде осы геологиялық дэуірде еріту үрдісі басым болса, ал екінші жерде керісінше жаңа минерал-дар түзіліп жатады. Жыныстардың түзілуі, жылжуы, үгілуі және диагенез - жер асты суларының геологиялық іс-эрекетіне байла-нысты.
Карст. Оның пайда болуы және ерекшелігі. Жеңіл еритін жыныстардың (карбонаттар, гипстер, түздар) жер асты суларының эсерінен еріп, жердің қойнауында қуыстардың, үңгірлердің пайда болуы, ал оның бетінде шұңқырлардың, тереңдіктердің және жабық аймақтардың қүралуын карст деп атайды.
Карст пайда болуы үшін, мына жағдайлар болуы қажет:
Жеңіл еритін жыныстар қалыңдығының жеткілікті болуы.
Қоршаған ортаға қарағанда жазық немесе ептеп колбеу бетін, биік орналасып, онда су жиналып, сынықтарынан су темен қарай ағу керек.
Жер асты суларының деңгейі төмен орналасу керек, яғни тік бағытта аққан суға орын болуы керек.
Жер асты суларының жату деңгейіне байланысты карстар терең және таяз боп бөлінеді. Карстар ерекше бедер түзеді: карсты шұқырлар, қүдықтар, үңгірлер, аңғарлар, жер асты карст өзендері. Бүлардың ішінде ерекшеленіп көзге түсетін карст үңгірлер және ойпаттар.
Үңгір деп, жер асты сулары жеңіл еритін жыныстарды ағызып алып кеткеннен кейін пайда болған қуыстарды айтамыз. Бүлардың ішінде ең үзақ сақталатындары экті немесе доломитті үңгірлер, ал тас түз бен гипстер үзақ сақталмай опырылып түсіп кетеді.
Жер шарындағы ең үлкен үңгір АҚШ-тағы Кентуки штатын-дағы Мамонтов үңгірі. Оның көптеген залдарын, дәліздерін бір-бірімен қосқандағы ұзындығы 100 км жуық.
Көшкін деп қапталдардағы топырақ массасының өз салмак күшімен жылжуын айтамыз. Бұған эртүрлі геологиялық жағдайлар себеп болады, олардың ішінде ең бастылары болып, атмосфералық, беткі және жер асты суларының біріккен іс-эрекеті жатады. Үстіңгіылғалга қаныққан жыныстардың астыңғы жұмсақ иленгіш балшык-ты қабаттан шығуына алып келеді. Әсіресе, мұндай құбылымдар балшықтар мен құмдар алма-кезек орналасқанда және олардыц бойлай еңістікке қараған жағдайда жиі кездеседі.
Ауыл шаруашылығына көп зиян келтіретін беткі және майда (5 м дейін) көшкіндер, олар топырақтың орналасу ретін бұзады, мэде-ни өсімдіктер (жүзімдіктер) өсуін тоқтатып, ағаштардың тамыр-лары үзіліп, жолдар бұзылып, топырақ бедері өзгереді.
Сабақ №11
Нұсқау карта № 4
Сабақтың тақырыбы: Эрозияғақарсықолданылатынқұралдарменмашиналар
Сабақтың мақсаты: Эрозияға қарсы күрес шараларын, жүргізу ерекшеліктерін және қолданылатын құралдарды білу.
Тапсырма:
Топырақты эрозиядан қорғау шараларын жүргізу, сұлбасын салу.
Топырақты жел және су эрозиясынан қорғау үшін қолданылатын машиналар.
Топырақты эрозиядан қорғау шараларын жобалау.
Сабақ жүргізілетін орын: колледж зертханасы.
Сабақты жүргізу әдістемесі.
Оқытушы: Белгілі бір аймаққа – тәжірибе жүгізу. Топырақтың су және жел эрозиясымен күресу шараларын және қолданылатын машиналармен жұмыс жасау.
Оқушыларды екі топқа бөліп:
Бірінші топ: Топырақты жел эрозиясынан қорғау шараларын жүргізу.
Екінші топ: Топырақты су эрозиясынан қорғау шараларын жүргізу.
Сабақ мазмұны.
1 тапсырма.Топырақты эрозиядан қорғау шараларын жүргізу, сұлбасын салу.
Бұл тапсырмада біріншіден құнарлы топырақты қорғау шараларын жүргізеді.
2 тапсырма.Топырақты жел және су эрозиясынан қорғау үшін қолданылатын машиналар.
ОПС-3.5, КПЭ-3.8 агрегатымен жұмыс жүргізу. Топырақты культивациялау үшін әр түрлі культиваторлар қолданылады. Олар КПС-4, КРН-4.2, КРН-5.6, КОН-4.2, КПП-2,2, КШН-3.6 және басқа культиватор жатады.
3 тапсырма.Топырақты эрозиядан қорғау шараларын жобалау.
Жер бетінде өсімдік жамылғысы жақсы дамығанда ол желдің күшін азайтып, топырақ түйіршіктерінің желмен ұшып кетуіне кедергі жасайды. Ал өсімдік жамылғысынан айырылған жерлерде эрозия процесі күшті жүреді. Өсімдік жамылғысының жоғалып кетуіне топырақ өңдеу тәсілі және малды ретсіз жаю үлкен әсер етеді. Топырақ эрозиясының пайда болуына әсер ететін күшті фактор — адамдардың шаруашылық іс-әрекеті.
Су эрозиясы – топырақтың құнарлы қабатының су әсерінен жуылып-шайылуы болып табылады.
Қазір Қазақстандағы суғармалы жерлердің жартысына жуығы су эрозиясына ұшырап құнарлығын нашарлатқан. Сондықтан су эрозиясы осы түріне қарсы күрес кең көлемде, аса мұқият және кешенді түрде жүргізілуі қажет. Олар төмендегідей болып бөлінеді:
Шаруашылық - ұйымдық шаралар. Жерді дұрыс игеріп, тегістеу жұмыстарын жүргізу қажет. Топырағын мұқият зерттеп, эрозияға тез ұшырайтын жерлерде топырақ шайылуына төтеп бере алатын бидай, жоңышқа сияқты тар қатарлап егілетін дақылдар үлесін арттырған жөн.
2. Агротехникалық шаралар. Бұл шараның ең басты мақсаты: эрозиялық үрдістің пайда болуын болдырмау. Мүмкіндіктерін іске асыру, топырақтың сумен шайылуына, жыралып бұзылуына тоқтау салу және топырақтың ылғал сіңіру қасиетін арттыру.
3. Орман-техникалық мелиорация. Ағаш көшеттерін отырғызу арқылы сол жердің табиғи және экологиялық жағдайларын жақсарту. Арық жағаларындағы және су аймақтарындағы жерлерге егілетін ағаш көшеттері жүйесі сол жердегі қар және оның суларын реттеп, топырақтың су режимін жақсартады. Эрозияға қарсы қолданылатын екпе ағаштарға жергілікті және климат жағдайларына төзімді ағаштар жатады.
Жерді аудармай сыдыра жырту, жер эрозиясына қарсы қолданылатын техникалар
Жердің беткі қабатын себер алдында өңдейтін техникалар
Достарыңызбен бөлісу: |