Үйге тапсырма беру: Ермексаздан адам тұлғасының мүсінін жаса.
Сабақ: №25
Сабақтың тақырыбы:
Ертегі кейіпкерлерін мүсіндейік.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер
иллюстрацияларымен таныстыру. Бейнелеу өнерінің
түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы оқушыларды
таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген
қызығушылықтарын арттыру.
ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,
ой- өрісін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман
мінездерден жиренуге әдеттендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, ертегі кейіпкерлерінің иллюстрациялары, ертегі кейіпкерлерінің мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, ермексаз, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қандай ертегіге арнап мүсін жасау керек екендігін айтады. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Бұл жерде суретші жазушының кітапта баяндаған оқиға желісін қағаз бетіне түсіру жұмыстарымен айналысады. Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батырды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді ертегінің негізгі идеясын анықтау үшін басты кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелік. Суретте зор тұлғалы, тұлпарға мінген батыр келе жатыр. Кең жазық дала көрінісі ашық аспан астында көсіліп жатыр. Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Батырларын қастерлеп биікке көтеріп, оларға өлең-жырлар арнаған. Осы суретте бейнеленген «Қобыланды батыр» жырындағы мейірімділік пен қатыгездікті, қорқақтық пен батылдықты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Жырдағы басқа кейіпкерлермен қатар жануарлар бейнесі де жан-жақты қарастырылып көрсетіледі. Ертегі, аңыз мазмұнындағы жануарлар мен аңдарды, құстарды мүсіндеу үшін олардың бейнесін көбірек нобай (эскиз) жасап, жаттыққан абзал. Ол үшін жануарлар мен аңдарды сыртынан әбден бақылау, зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Үйге тапсырма беру: Аңыз, ертегілер мазмұнына арнап шағын нобай иллюстрациялар жаса, мүсінде.
Сабақ: №26
Сабақтың тақырыбы:
Адамның тұлғасының мүсіні.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі – мүсін өнері жайлы
оқушыларды таныстыру, олардың мүсін өнеріне деген
қызығушылықтарын арттыру. Адам тұлғасының өн
бойымен яғни, адам тұлғасының анатомиясымен
оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
ә) Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін,
ой- өрісін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, жаман
мінездерден жиренуге әдеттендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, мүсін шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Адамның тұлғалық формасын дұрыс мүсіндеу үшін оң бүйір, сол бүйір, алдынан, ту сыртынан қарап жасау арқылы нақтылай түсу қажет. Мүсін - ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Әр өнердің бізді қоршаған дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі - бояу, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта ғана кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей етіп, толық мүсіндейді. Кенеп бетіндегі суретті біз үнемі бір қырынан, бір қалпында ғана көреміз, ал мүсінді жан-жағынан әр қалыпта көреміз. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады. Металдан мүсін сомдау үшін оның моделі жасалады, сонан соң сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын қондырғы және монументтік түрге бөлінеді. Статуя - адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін.
Адамның тұлғалық мүсінін жасау үлгісі
Жас суретшілердің мүсіндік қолтаңбасы
Достарыңызбен бөлісу: |