Сабақ №1 тақырыбы: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту



Дата18.12.2019
өлшемі75,5 Kb.
#53729
түріСабақ
Байланысты:
1 тапсырма физ оку


  1. Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1

ТАҚЫРЫБЫ: Қолданыстағы бағдарлама бойынша физиканы оқыту

Мақсаты: Орта мектеп физика оқулығы мен қолданыстағы бағдарламаларды талдау.

ТАПСЫРМА:

1.7-11 сынып бағдарламасы.

2. 7-11 сынып оқулығы.

Жоспары:

1. Физика бойынша бағдарлама – мұғалімнің негізгі құжаты. Деңгейлік және кәсіптік бағыт үшін бағдарламалар пакеті. Оларды салыстырмалы талдау.

2. Физика оқулығы. Физикадан қазіргі заманғы жаңа оқулықтар, оларды салыстырмалы талдау. Қолданыстағы физика оқулығына бағдарламаның сәйкестігі.

3. Жаңа оқу-әдістемелік оқулық.



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР :

7-11 сынып бағдарламасының мазмұнын, құрылымын қарап шығу. Бағдарлама бойынша оқулықты талдау.



ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.


Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі.

Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады.


2. Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 2-3

ТАҚЫРЫБЫ: Физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау. Сабаққа дайындық

МАҚСАТЫ: Мектеп физика мұғалімінің жұмысын жоспарлау ерекшелігі. Тақырыптық және сабақ жоспарын құрып үйрену.

Жоспары:

  1. Жұмысты жоспарлау – оқу жұмысының негізгі кезеңі. Жоспарлау барысындағы тірек құжаттары.

  2. Тақырыптық жоспар.

  3. Сабақ жоспары.

  4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Семинардың соңында әрбір студент мектеп физика курсының тақырыптарының бірі бойынша тақырыптық жоспар құруға тапсырма алады.

ТАПСЫРМА:

  1. 7-11 сыныптарға күнтізбелік жоспар жасау.


3. Мектепте фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі.

Тақырып: «Мектепте фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу әдістемесі. Физикадан экскурсияларды дайындау және өткізу» (2 с.)

Фронталь лабораториялық жұмыстарды өткізу технологиясымен танысу, оларға әдістемелік нұсқаулар жиынтығын жасау. Физика бойныша экскурсиялардың міндеттерін, мақсатын және жоспарын жасау.



Тақырып: «Мектеп физикалық экспериментінде компьютерлік технологияларды, моделдерді қолдану» (2 с.)

Виртуаль лабораториялық жұмыстарды орындау және рәсімдеу, компьютерлік технологияны қолданып өткізген сабақтың фрагментін рәсімдеу және орындау.



Тақырып: «Механика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (3 с.)

Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Мензурканың бөлік құнын анықтау. Дененің көлемін анықтау», «Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау», «Кішкене денелерді өлшеу», «Серпімді деформацияны зерделеу», «Сұйықтағы дененің жүзу шартын анықтау», «Архимед заңын тексеру», «Рычагтың тепе-теңдік шартын анықтау», «Денені бірқалыпты көтерген кезде атқарылатын жұмысты анықтау», «Көлбеу жазықтықтың ПӘК анықтау», «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау», «Суда толқынның таралу жылдамдығын анықтау».



Тақырып: «Молекулалық физикадан лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Температурасы әртүрлі сұйықтарды араластыру кезінде жылу мөлшерін салыстыру», «Мұздың жылу сыйымдылығын анықтау», «Металдардың молярлық жылусыйымдылығын салыстыру», «Тамшы әдісімен сұйықтың беттік керілуін анықтау»



Тақырып: «Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Өткізгіштерді аралас жалғауды зерделеу», «Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру», «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», «Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөлігіндегі ток күшін, кернеуді өлшеу»



Тақырып: «Электр және магнетизм бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Электр тогының қуаты мен жұмысын өлшеу», «Ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін анықтау», «Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу», «Электромагнитті жинау және оның әсерін тексеру»



Тақырып: «Оптика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Жинағыш линзаның оптикалық күші мен фокус қашықтығын анықтау», «Судың сыну көрсеткішін анықтау», «Жазық пластиналардың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау».



5. Физика сабағы және оны талдау
Тақырып: Физика сабағы және оны талдау (2 с.)

Мақсаты: Физика сабағына қойылатын негізгі талаптарды зерттеу. Физика сабағын талдаумен танысу.

Жоспары:

  1. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

  2. Физика сабағына қойылатын талаптар.

  3. Сабақ түрлері.

  4. Жаңа материалды меңгеру сабағы.

  5. Физика сабағын талдау.



6. Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы
Тақырып: Физика сабақтарында оқушылардың құралдармен жұмыс жасауы (2 с.)

Мақсаты: Физика бойынша зертханалық сабақтардың түрлерімен танысу, олардың мектеп курсындағы орнын анықтау.

Жоспары:

  1. Физика курсындағы зертханалық жұмыстардың мәні.

  2. Зертханалық сабақтардың түрлері.

  3. Фронталь жұмыстарды жүргізу әдістемесі.

  4. Физикалық практикумдар.

  5. Зерттеулік зертханалық жұмыстар.



7. Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу
Тақырып: Білім, іскерлік және дағдыны тексеру және бақылау, тіркеу (1 с.)

Мақсаты: Білімдерді тексеру және бақылау әдістері мен формаларын зерттеу, оқушылардың білімдерін бақылау үшін нақты тапсырмалар құруды үйрену.

Жоспары:

  1. Білімді, іскерлікті және дағдыны жүйелі тексерудің мәні.

  2. Оқушыларды жеке (индивидуальды) және фронтальды сұрау.

  3. Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі.

  4. Білімдерді тексерудің жаңа формалары: физикалық диктант, дидактикалық карточкалар, перфокарталар, бағдарламаланған тапсырмалар және т.б.



8. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану
Тақырып: Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолдану (1 с.)

Мақсаты: Физиканы оқыту барысына тарихи материалдардың мәнін көрсету, тарихи материалдардың мазмұнымен танысу.

Жоспары:

  1. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды қолданудың мәні және орыны, ролі.

  2. Орта мектепте физика бойынша тарихи материалдарды қолданудың негізгі бағыттары: ғалымдардың өмірбаянын, ашылулардың тарихын, ұғымдардың қалыптасу тарихын меңгеру.

  3. Мектеп физика курсында тарихи материалдарды пайдаланудың формалары мен әдістері.



9. Физика сабағын талдау
Тақырып: Физика сабағын талдау (мектепте жүргізіледі) (1 с.)

Мақсаты: Физика сабағына қатынасу және оған толық талдау.

Жоспары:

Сабақты бақылау барысында студент келесі кезеңдеге көңіл аударуы керек:



  1. Үй тапсырмасын тексеру қалай жүргізілді? Сабақ материалы өткен сабақпен қаншалықты байланысты болды?

  2. Мұғалім оқушыларға қандай бағалар қойды? Олар дұрыс бағаланды ма?

  3. Сабақтың тақырыбы ашылды ма және мақсатына жетті ме?

  4. Материалды баяндау кезінде қандай әдістер қолданылды?

  5. Мұғалім мен оқушылардың құралмен жұмыс жасауы.

  6. Оқушылардың өз беттерінше жұмыстары қалай ұйымдастырылды?

  7. Сабақтың басы мен соңы қалай ұйымдастырылды?

Сабақтан соң ұсынылған жоба бойынша сабақ талданады.

10. Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы. Оқу конференциялары



Тақырып: Білімдерді жалпылау және қайталау сабағы. Оқу конференциялары (1 с.)

Мақсаты: Білімдерді жалпылау және қайталау сабақтарының мақсатын және әдістемесінің мәнін анықтау.

Жоспары

  1. Қайталау – білімдерді меңгеру процесінің міндетті және қажетті бөлігі.

  2. материалды қайталаудың формалары мен әдістері.

  3. Қайталу-жалпылаушы сабақтар.

  4. Орта мектептің физика курсындағы оқу конференциялары.

11. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар



Тақырып: Физикадан сыныптан тыс жұмыстар (1 с.)

Мақсаты: Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен және оларды жүргізу әдістемелерімен танысу.

Жоспары:

  1. Сыныптан тыс жұмыстың мәні.

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формалары.

  3. Физикадан сыныптан тыс жұмысиардың жаңа формалары.

Семинар соңында студенттер тапсырма алады.

  1. Оқытушы ұсынған тақырып бойынша физикалық кештің жоспарын жасау.

  2. Физикалық КВН-ды, викториналарды өткізу жоспарын жасау.

  3. ИФМ, Физика журналдарындағы сыныптан тыс жұмыстарға арналған мақалаларға шолу жасау.


12. Білім берудегі жаңа технологиялар
Тақырып: Білім берудегі жаңа технологиялар (1 с.)

Мақсаты: Физиканы оқытудағы компьютерлік технологиялардың ролін, оның тиімділігін көрсету.

Жоспары:

  1. Оқыту процесіндегі компьютерлік технологияның орны мен ролі.

  2. Компьютерлік технологияны қолданып физика сабағын өткізуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

  3. Физикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік моделдеу – ғылыми таным әдісі ретінде.

  4. Компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру.

  5. Физика сабақтарындағы оқушылардың компьютермен өздік жұмысы.

  6. Компьютерлік технологияларды қолданудың кейбір мәселелері.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет