Балалар әдебиеті 1-тәжірибелік сабақ 1-тақырып:Балалар әдебиеті – рухани қазына 1.«Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрлері»
Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал – мәтелдері болсын, жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүйюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәріде балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. Қазақ халқының тұрмыс – салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу – сызу болмаған кздің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.
Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1. Имандылық пен адамгершілік
2. Патриоттық
3. Эстетикалық
4. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
5. Өнер
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1. Ертегілер
2. Жұмбақтар
3. Жаңылтпаштар
4. Мақал–мәтелдер
5. Тыйым сөздер
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер,батырлықертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармылығында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.