Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты


өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз



бет35/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.

Ағза немесе жүйе

Қызбаның әйгіленімдері

Әйгіленімдердің патогенезі

ОЖЖ

Бас ауруы, ұйқы басушылық, селқостық

балалардағы тырысқақ, селкілдек






Жүрек

Тахикардия




Ас қорыту жүйесі



Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, тіл өңезденуі. Барлық ас қорыту бездерінің сөлденістік белсен-ділігінің бәсеңдеуі. Жиырылулық немесе атоникалық іш қату.










4 тапсырма. «Қызбаның гипертермиядан айырмашылығы»

Кестені толтырыңыз

Көрсеткіштер

Қызба

Гипертермия

Себептері







Филогенезде қалыптасуы







Онтогенезде қалыптасуы







Патогенездің негізгі тізбегі







Симптомдары (әйгіленімдері)







Организм үшін маңызы







Температураны қалпына келтіру






8 тапсырма. Есепті шешу.

18 жасар Қоңырбай Б. 6 сағат бойы жағажайда демалған соң үйге келгенде әлсіздік, басының айналуын, басының солқылдап ауырғанын, дірлідеп, жүрегі айнығанын байқады. 30 минөт өтпей құса бастады, дене температурасы 39оС дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгонды қабылдағанмен, жеңілдік болмады. Температурасы 37оС дейін төмендегеніне қарамастан жағдайы нашарлай бастады. Қоңырбай жедел жәрдем шақырды. Ауруханаға барар жолда есінен танды. Сондықтан оны реанимациялық бөлімшеге жеткізді.


    1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды деп ойлайсыз?

    2. Оның мүмкіндік себептері және патогенезі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 55-60

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 216-225

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. 497 - 518

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 76-83

  4. Есембаева с.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта.. – Алматы, 2010., с.44-48

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 80-99.

  2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 235-244.

  5. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380

  6. 9.А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.

  7. 10.Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.

БАҚЫЛАУ


Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139
8 САБАҚ

16 тақырып АЛЛЕРГИЯ



Сабақтың мақсаты:

  1. Аллергиялық әсерленістердің этиологиясын, патогенезін меңгеру

  2. Теориялық білімін есептер шығаруда қолдану

  3. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас жүргізу дағдысын қалыптастыру

  4. Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру

  5. ҚР ДСМ бұйрықтарының (№442 және №575) негізгі қағидаларын аллергияны үлгілеуде қолдана білу

Оқытудың міндеттері:

  • Аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.

  • Теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

  • Теориялық білімін есептер шығаруда қолдану

  • теңіз тышқанында анафилаксиялық сілейменің үлгісінде негізгі көріністерінің патогенезін түсіндіре алуды

  • ҚР ДСМ бұйрықтарының (№442 және №575) негізгі қағидаларын тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы ( себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.

  2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сенсибилизация, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық серпілістердің І,ІІ,ІІ,ІҮ түрі патогенезінің ерекшеліктері;

а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;

б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.



  1. Аллергиялық серпілістердің алдын алу мен емдеудің патогенездік ұстанымдары. Арнайы және бейнақты гипосенсибилизацияның түрлері мен тетіктері.

  2. Стоматологиялық практикада аллергиялық серпілістер. Пародонт, ауыз қуысы шырышты қабатында, сілекей бездеріндегі аурулар дамуында аллергияның рөлі.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, тәжірибелер жасау немесе «Теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін көру, аллергиялық серпілістердің патогенезі бойынша бейнебаян көру, есептерді шешу.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін, есептерді тексеру, тест жүргізу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет