Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет40/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

МАШЫҚТЫҚ ЖҰМЫС

1 тапсырма. Кестені толтырыңыз



Сезімталдықтың даму механизмінің бұзылыстары

Механизмдері

Патогенез

Рецепторлық



Өткізгіштік




Орталық



2 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Сезімталдықтың бұзылу түрлерін атап көрсетіңіз



Бұзылыстардың түрлері

Анықтамасы, патогенезі




Сезімталдықтың мүлдем жоғалуы. Рецепторлардан шығатын серпіндердің өткізгіш жолдарында тосқауылдар болғандықтан ми қыртысының төңірегіне жетпейді




Сезімталдықтың төмендеуі тітіркендіргіштің табалдырық деңгейінің жоғарылауына байланысты дамиды




Сезімталдықтың жоғарылауы. Тітіркендіргіштің табалдырығының төмендеуіне байланысты дамиды.




Ауыру сезімталдығының тым жоғарылауы



Ауыру мен температуралық сезімталдықтың жоғалуы, ал жанасу мен терең сезімталдықтар белгілі бір төңіректерде сақталады.




Тітіркендіргіштердің әсерін керісінше бөгде түрде қабылдау (жылуды суық ретінде қабылдайды, жанасу ауыру түрінде болады)




Тітіркендіргіштердің әсерін әсер еткен орнында емес дененің екінші жағында (симметриялы нүктеде) қабылдайды.




Жеке дара тітіргенгіштердің әсері көп тітіркенгіштер түрінде қабылданады.

3 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Ауыру сезімінің түрлеріне сипаттама беріңіз.



Ауырудың ерекшелігі

Эпикритикалық ауыру

Протопатиялық ауыру

Тітіркенгіштің шығу көзі







Жасырын кезеңі







Тітіркендіргішті тоқтатқаннан соң ұзақтығы







Өткізгіш талшығының түрі







Қабылдау табалдырығы







Орнығуы






4 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығарыңыз

1. Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (жиі науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.


  1. Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай?

  2. ЖЖӘ-нің бұзылыстарының қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды?

2. Науқас С., 42 жаста, оқу оған қиындыққа түскенімен, ол өмірдің негізгі мақсаты жеке табыстарға жету, қоғамдағы өз орнын табу деп есептейтін жанұяда өскен. Институтты аяқтағаннан кейін ұйымдастыру қабілеті мен білімінің жеткіліксіздігіне қарамай, цех бастығы қызметіне қол жеткізді. Цех бастығы қызметін атқару барысында көптеген қиындықтарға тап болып, бұл өз кезегінде әкімшілік пен ұжым жағынан ескертпелер мен сөгістер алды. Дәл осы кезеңде бас ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, ұйқысыздық, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: АҚ – 170/90 мм.с.б.б., пульсі - 90 рет мин, ошақты неврологиялық әйгіленімдер анықталмаған.



  1. Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді?

  2. Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған?

ӘДЕБИЕТТЕР





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет