Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет60/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

30-тақырып. №5 Аралық бақылау
Тақырыптар: «Ас қорыту патофизиологиясы», «Бауыр патофизиологиясы», «Бүйрек патофизиологиясы» .

Мақсаты:

  • студенттердің білімін дәрісханалық және дәрісханадан тыс өткен тақырыптар бойынша бағалау

  • билет бойынша ауызша сұрауда коммуникациялық дағдысын бағалау

  • ситуациялық есептер шығару дағдысын бекіту


Бақылау міндеттері:

  • өткен материалдар бойынша білімді нығайту

  • ситуациялық есептер шығару дағдысын бекіту

  • ауызша және жазбаша түрде өз ойын айта алуды дамыту


Студенттер білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ас қорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.

  2. Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.

  3. Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары. Сиалоаденит, сиалолитиаз туралы түсінік. Шайнау құралы мен ауыз қуысы тіндері дерттерінде сілекей бездері қызметі бұзылыстарының маңызы

  4. Дисфагия синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  5. Асқазанның диспепсиялық синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Асқазанның сөл бөлу және қимылдық қызметінің бұзылыстары, даму тетіктері, салдарлары.

  6. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «озбырлық факторлары» мен «қорғаныстық факторлардың» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.

  7. Қуыстық және қабырғалық ас қорыту, этиологиясы, патогенезі. Біріншілік және екіншілік мәлабсорбция туралы түсінік, патогенезі.

  8. Ауыз қуысының, сілекей бездерінің патологиясының асқазан мен ішектегі ас қорыту үрдістеріне әсері және байланысы

  9. Бауыр жеткіліксіздігі, анықтамасы, этиологиясы, түрлері. Гепатиттер, бауыр беріштенуі туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі

  10. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасу, физиологиялық жүйелер функцияларының өзгерістері, патогенезі.

  11. Бауырдың уытсыздандырушы қызметі, тәжірибе жүзінде зерттеу.

  12. Бауырлық кома, патогенезі.

  13. Сарғыштану, түсініктемесі, түрлері. Гемолиздік сарғыштану, себептері, даму тетіктері, көріністері.

  14. Механикалық сарғыштану, себептері, даму тетіктері. Холемия және ахолия, салдарлары. Өт-тас ауруы, этиологиясы, патогенездің негізгі теориялары.

  15. Ұлпалық сарғыштану, себептері, негізгі көріністердің патогенезі.

  16. Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер.

  17. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері

  18. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

  19. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі

  20. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

  21. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

  22. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі

  23. Нефриттік және нефроздық синдромдардың этиологиясы мен патогенезі (гломерулонефриттер мен пиелонефриттер мысалында)

  24. Несеп-тас ауруының этиологиясы мен патогенезі.

  25. Уремия, түсінік. Уремия кезінде организмдегі өзгерістердің патогенезі. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) кезіндегі тіс-жақ төңірегіндегі өзгерістер.

Ситуациялық есептерді «бақылау-өлшегіш құралдары» бөлімінен №№ 50-64 қараңыз


14 САБАҚ

31 тақырып: «АНЕМИЯЛАР» .



Сабақтың мақсаты:

    1. Анемиялардың этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру

    2. Гемограммалар мен есептерді шығарғанда теориялық білімін қолдана білу

    3. Әртүрлі анемиясы бар науқастардың қан жағындыларын сараптау дағдысын қалыптастыру

    4. Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру


Оқытудың міндеттері:

    • әртүрлі анемиялардың этиологиясы мен патогенезін зерттеу

    • анемия кезінде ауыз қуысы тіндердегі өзгерістердің патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

    • Әртүрлі анемиясы бар науқастардың қан жағындыларын сараптауды үйрену

    • Әртүрлі анемиясы бар науқастардың гемограммасын сараптауды үйрену

    • Берілген тақырып бойынша ситуациялық есептер шығарып үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қан көлемінің өзгерістері, жіктелуі, сипаттамасы.

  2. Қауырт қансырау, қансыраудың ауырлығын анықтайтын жайттар. Жедел теңгеру жолдары

  3. Эритроцитоздар, анықтамасы, организм үшін маңызы.

  4. Анемия аныктамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу негіздері.

  5. Жедел постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен сатылары, қандағы өзгерістері.

  6. Созылмалы постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі. қандағы өзгерістері.

  7. Гемолиздік анемиялар, этиологиясы, патогенезі, эритроциттердің қан тамыр ішіндегі, тамыр сыртындағы гемолизі. Туа және жүре пайда болған гемоиздің анемия негізіндегі қан өзгерістері.

  8. Аплазиялық анемиялар, этиологиясы, патогенезі, қан түзілуінің бұзылыстары, клиникалық көріністері.

  9. Анемия кезіндегі ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері, патогенезі.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: Оқытушының қатысуымен және бақылауымен ауызша талдау және пікірсайыс жүргізу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, гемограммаларды сараптау, қан жағындысын сипаттау, есептер шығару, тест жүргізу.
Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тапсырмалардың орындалу қорытындыларын тексеру, тест жүргізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет