Ортасы
|
Сынып бөлмесіндегі заттарға қатысты сөздермен карточкаларды көрсете отырып таныстыру.
Мысалы: парта, терезе, есік, үстел, орындық
Тақтаға оқу құралдарының суреттерін жабыстырып, сөздерін жазып қойып, қайталату
(Ұ) Сынып бөлмесіне қатысты жаңа сөздерді үйрену үшін сыныптың барлық оқушыларын қамту.
(Ж, Қ) Мұғалімнің қолында сынып бөлмесіне қатысты кезекпен айтатын сөздер жазылған карточкалар болады. Оқушылардың қолында осы заттар бейнеленген алты карточка бар. Егер айтылған сөз олардың суретіне сәйкес келсе, суреттің үстіне тиісті сөзді қояды. (ҚБ қол шапалақтау)
Сергіту сәті:
Кітап жатыр сөмкеде,
Қалам жатыр үстелде.
Дәптер жатыр партада,
Бәрі- бәрі орнында.
ЖЖ. Оқу құралдары және сыныптағы мені қоршаған заттар деп сөздерді дұрыс орналастыру қажет.
ҚБ «Бас бармақ» арқылы бағалау
|
Сынып бөлмесінің заттары бейнеленген карточкалар (сурет және сөз) мысалы: терезе, есік, үстел, орындық, парта, қарындаш, қағаз, кітап, қалам, қайшы, фломастер,т.б.
|