Сабақ 11 сынып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті



Дата05.12.2016
өлшемі46,35 Kb.
#3208
түріСабақ
Ашық сабақ 11 сынып

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы президентінің өмірі, қызметі, саяси тұлға ретінде қарастыру, атқарылған істері туралы мәлімет беру.

Тапсырмалар:

Білімділік: ҚР тұңғыш президенті туралы, президентің ел үшін жасаған істері жөнінде мәлімет алу.

Дамытушылық:Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға ізденіс қабілеттерін шыңдау, өз ойларын, қорытынды дәлел айта білетінің дамыту.

Тәрбиелік: Өз жеріне, еліне, Елбасына деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі: ауызша, оқытудың интерактивті әдістері

Сабақтың тәсілдері: жұптасып жұмыс істеу, өзіндік жұмыс, зерттеу, пікір – талас.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, слайдтар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Жаңа тақырып

Жоспар:

1.Н.Назарбаевтың өмірбаяны

2.Қызмет жолы

3.Ғылыми еңбектері

4.Елбасының жүргізген стратегиялық жоспарлары.

Қызығушылықты ояту: Қазақстан Республикасы, президент туралы шағын дерек кино көрсету. (2-3 мин)

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назабаев туралы.

Топтастыру стратегиясы: Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев

Мұғалім: Сыныпты 2 топқа бөлу. Кім жылдам «Тарихи диктант» қалып қойған сөздерді толықтырып орындау керек:

1-тапсырма:

Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны.1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауында баурайында дүниеге келді. Мектепті бітіріп, 18 –ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең біліммен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны жастайынан шыңдап шығарды. Металлург болуға бел буды. Әкесі Әбіш анасы Альжан. Нұрсұлтан Назарбаев Қаскелен ауылындағы Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірген. Н. Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртаудағы металлургия зауыты қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер- металлург дипломмен бітіріп шықты.

Н.Назарбаевтың қызмет жолы: кесте толтыру

2 тапсырма:



Жылдар

Атқарған қызметі

1960 жылы

Теміртау қаласы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады.

1960-1969жж

Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-1973жж

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия –комсомол жұмыстарында жауапты қызмет атқарды.

1973-1977жж

Қарметкомбинаттың партком хатшысы

1977-1979жж

Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшы

1979-1984жж

Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы

1984-1989жж

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы

1989-1991жж

Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы

1990ж сәуір

Қазақ КСР президенті

1991ж 1 желтоқсан бастап

ҚР тұңғыш президенті

Мұғалім: Н. Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық – саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы.

Кітапханашы бірқатар кітаптармен таныстырып өтеді.

Мұғалім: Қазір біз Нұрсұлтан Назарбаевтың екі кітабымен жұмыс жасаймыз.

Олар «Қазақстан жолы», «Ғасырлар тоғысында». Бұл тақырыпты ашу үшін интерактивті оқыту әдісінің бір түрі ол «Қытайша ет» идеясын қолданамыз. Әрбір топ бір уақытта бірдей тапсырмаларды орындап болғаннан кейін өз жұмыстарын тастап келесі топ партасына барып толықтырады: (сөйлемдерді, сөздерді, абзацтарды).

Мұғалім: Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік – экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Келесі тапсырмада «Қазақстан-2030», «Қазақстан - 2050» стратегиялық жоспарларды қарастырамыз.

Ол үшін ақылдың алты қалпағы – Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме, ол әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.



Ақ қалпақ – стратегиялық жоспарларды айқындайды.

Сары қалпақ – стратегиялардың жағымды жақтарын зерделейді.

Қара қалпақ – стратегиялық жоспарды кейбір тетіктердің дұрыс істемейтінің бағалау.

Қызыл қалпақ – стратегиялық жоспарға көзқарасты білдіру.(сезімді, болжамды)

Жасыл қалпақ – креативтілік стратегиялық жоспарға жаңа идеяларды қосу.

Көк қалпақ – бақылаушы алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқанына кепілдік береді.

Мұғалім: Болжам жасау стратегиясы бойынша мынадай тапсырма: «Егер мен президент болсам .......» шағын эссе жазу.



Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев туралы оқып білімдеріңді толықтырдыңдар.

Білімді бағалау: Ең үздік оқушыны, жеңген топты, белсенді оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0502
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0502 -> Сабақтың тақырыбы Типтің жалпы сипаттамасы. Олардың алуантүрлілігі. Бауыраяқтылар класы Мақсаты
0502 -> Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы. Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет