Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет71/222
Дата27.02.2023
өлшемі45,28 Mb.
#170336
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   222
Байланысты:
00121a88-02216692

«Жариялау» әдісі
Оқушыларды жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан Ә.Тәжібаевқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Ақынның өлеңінен үзінді оқиды, ой шақыру сұрақтарын қояды.
Тыңдаңдар, өзендерім, толқындарым, Тыңдап ақын қуаныш толғауларын, Көк аспаным бұлттанбай тұрсын
( Ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаев туралы болмақ.
Туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Әбділда атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Сырдария» өлеңіне тоқталамыз.
Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші Қазақ» газетінен бастайды.
Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1933 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты.
Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ә.Тәжібаевтің шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М.Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған. Сыршылдық өлеңдер: «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры» т.б.
Поэмалары. Тарихи тақырыптарға, тарихи аңыздарға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Толағай», «Мерген» т.б. поэмалары бар.
Драматургия. «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Біз де қазақпыз», Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша «Жамбыл» атты көркем фильм түсірілген. Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған. Әбділда атамыз орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің, неміс жазушысы Г.Гейненің
бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қызылорда қаласында көрнекті жазушы Ә.Тәжібаевқа ескерткіш қойылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Әбділда Тәжібаевтің есімі берілді.
Ақын Әбділда Тәжібаев 1998 жылы 89 жасқа қараған шағында өмірден озды.
-өзім мәнерлеп оқимын;
-оқушылар әр шумағын жеке оқиды;
-шумақтардан таныс емес сөздерді түртіп отыру;
Мысалы:
Гейне – Генрих Гейне неміс ақыны.
Сыр, Рейн, Днепр, Еділ - өзен аттары.
Тарас – Тарас Шевченко украин ақыны.
- сөздікті дәптерлеріне жазғызу.

Оқулық,
мәтіндер.

Ортасы
10 минут

Ойын: «Сөз тізбек» дидактикалық ойыны
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпа- ратты қабылдауға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс ай- тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Жазылым. Есептік сан есімдерді рет- тік, топтау, болжалдық сан есімдерге айналдырады, сөйлем құрайды.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, сан есім- дерге сұрақ қояды.
Оқылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.
Жазылым. Семантикалық картаны толтыр.
Айтылым. Диалогті толықтырады.

І топ.
1. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?


2. «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
ІІ топ.
3. Өлеңнен Әбділда атадан басқа қандай ақындар өз туған жарлерінің өзенін жырлағанын байқадыңдар?
4. Ананың балаға деген махаббатының қартаймайтынын, мәңгі екенін ақын қандай жолдар арқылы білдіреді? 
ІІІ топ.
5. Ақын анаға ұқсас ұғымды қалай білдіреді? Оны қай жолдардан байқауға болады?
6. Өлеңде жалқы есімдер кездесе ме?
б) «Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау.
1.Авторы. Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келген. 2.Тақырыбы. Туған жер.
3.Жанр түрі. Лирика, туған жер лирикасы.
4.Идеясы. Туған жерді бағалау, ыстық екенін ұғына білу.
5.Шумақ саны. 6 шумақ.
6.тармақ саны. 24 тармақ.
7.Бунақ саны. 2 бунақ.
8.Буын саны. 7-8 буынды.
9.Ұйқас түрі: АБВБ кезекті ұйқас.



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут

. Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Қатар бойынша үш топқа бөледі. Әр топқа бір сөзден береді


Аманжоловтың «Сырдария аңызы» өлеңімен сабағымызды аяқтаймыз. 
Сарғая ақтың сан ғасыр
Сағына бізді күткендей. 
Аралға барып айттың сыр
Дүркірей таудан үріккендей. 
Жаутаңдап екі жағаңда 
Тамыры тандыр жер жатты. 
Талатып көшін заманға, 
Қабағы қату ел жатты. 
Бойында Сырдың ер жеткен 
Берекелі елім, бай халық. 
Көтеріп күйдің дауылын, 
Сапыра Сырды жырлайды. 
Далаға төсеп бауырын, 
Дария толқын тыңдайды… 
Сарғая ақтың сан ғасыр, 
Сағына бізді күткендей. 
Еліңе құт бол, ерке Сыр, 
Құмыңнан қырсық үріккендей. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет