Сабақ №135 сабақ Тақырыбы Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді түрлендіру



Дата14.06.2020
өлшемі24,13 Kb.
#73435
түріСабақ
Байланысты:
5 Математика 4-сынып №135 сабақ


Математика пәні бойынша 4-сынып оқушыларының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан


4 (А)-бөлім

ТЕҢДЕУ ЖӘНЕ ТЕҢСІЗДІК, ӨРНЕК

Ортақ тақырып «Ғарышқа саяхат»


Сабақ

135 сабақ



Тақырыбы

Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді түрлендіру.

Мақсаты


Санды және әріпті өрнектерді түрлендіруді үйренеміз.

Бүгінгі сабақта үйренетін жаңа терминдер, ережелер

Өрнекті ықшамдау

Нәтижесінде әлдеқайда қарапайым өрнек алынатын түрлендіру-өрнекті ықшамдау деп аталады.



Ресурстар


Оқулық. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/4-synyp/ornekter?mid=00284f50-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051




Жаңа сабақты түсініп алуға тырыс

Жаңа сабақ. Түсіндірме жұмысы.

Видеотүсіндірме тыңдалады.



Теорияға шолу.

Әріптер мен сандар амалдар таңбалары арқылы байланысып тұрған жазу әріпті өрнектер деп аталады. Әріпті өрнектерде латын әліпбиінің әріптері қолданады.

Мысалы, а + с – әріпті өрнек; с - 12 - әріпті өрнек.

Әріпті өрнектің орнына сандар қою арқылы әртүрлі санды өрнектер аламыз.

Санды өрнектің мәнін есептеу арқылы әр жағдайда әріпті өрнектің сан мәнін аламыз.



Көбейтудің үлестірімділік қасиеті 4 ∙ b + 5 ∙ b түріндегі өрнектерді ықшамдауға мүмкіндік береді.


Мысалы, 4 ∙ b + 5 ∙ b өрнегіндегі бірінші қосылғыш – 4 саны мен b айнымалысының көбейтіндісі, ал екінші қосылғыш – 5 саны мен b айнымалысының көбейтіндісі. Қосуға қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті негізінде бұл қосындыны көбейтінді түріне келтіруге болады. Сонда: 4 ∙ b + 5 ∙ b = (4 + 5) ∙ b = 9b.

Қысқаша былай жазады: 4b + 5b = 9b

(былайша оқылады: төрт b плюс бес b тоғыз b-ға тең).



Көбейтудің терімділік қасиеті 3 ∙ b ∙ 8 түріндегі өрнекті ықшамдауға мүмкіндік береді.


Мысалы, 3 ∙ b ∙ 8 өрнегінде үш көбейткіш бар, олардың екеуі – сандар, 3 және 8, ал бір көбейткіш – айнымалы b. Көбейтудің терімділік қасиеті негізінде 3 ∙ b ∙ 8 көбейтісіндегі

сан көбейткіштерді топтастыруға және көбейтіндімен алмастыруға болады:

(3 ∙ 8) ∙ b, демек 3 ∙ b ∙ 8= (3 ∙ 8) ∙ b = 24 b. Қысқаша былайша жазылады: 3 ∙ b ∙ 8= 24 b



А) Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау үлгісі:

8х + 56 + 9 х + 44 = 17х + 100;

7b – 5b + 69 – 29 = 2b +40;

100 + 27 у + 250 + 63 у = 350 + 90у;

200 + 27 п – 50 – 14 п = 150 + 13п;
Ә) Көбейтудің терімділік қасиетін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау үлгісі:

10 · b · 9 = 90 b; n · 30 · 4 = 120 n ;

20 · 6 · p = 120 p; 20 · 5 · m · 70 = 7 000 m;
Б) «Өрнекті ықшамдау» орындалу үлгісі:

40 х : 8 + 32 х : 8 = 5 х + 4 х = 9х;

240 х : 4 + 320 х : 4 + 360 : 4 = 60 х + 80 х + 90 = 140 х + 90;

270 у : 3 – 210 у : 3 – 180 : 3 = 90 у – 70 у - 60 = 20 у - 60;

(a · 72) : 8 = 72а : 8 = 9а;

(a · 96) : 6 · 20 = 96 а : 6 · 20 = 16 а · 20 = 320 а;

60 : (6 · b) = 60 : 6 b = 10 b;

720 : (9 · b) : 40 = 720 : 9b : 40 = 2 b
Өрнек түрінде жазу үлгісі:

17 х пен 28 у-тің қосындысы: 17х+28у;

13 х пен 16-ның қосындысы: 13х+16;

17 х + 28 у пен 13 х + 16-ның айырмасы: (17х+28у) – (13х+16)

24 х пен 15 у-тің қосындысы: 24х+15у;

18 х пен 11-дің қосындысы: 18х+11;

24 х + 15 у пен 18 х + 11-дің айырмасы: (24х+15у) –(18х+11);


Оқушыға тапсырма


Оқулықтан берілген тапсырмаларды дәптерге орында.

№4 тапсырма, 22-бет. Үлестірімділік, көбейтудің терімділік қасиетін қолданып, өрнекті ықшамда.

№5 тапсырма, 22-бет. Мүмкін болған жағдайда өрнекті ықшамда.

№ 11А тапсырма, 23-бет. Өрнектерді ықшамда.



Кері байланыс

Тесті орында

1. Қосындының санға көбейтіндісі әрбір қосылғыштың сол санға көбейтіндісінің қосындысына тең болады. Бұл ......

А) Көбейтудің азайтуға байланысты үлестірімділік заңы.

Б) Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік заңы.

В) Көбейтудің терімділік заңы.



2.Айырымды санға көбейту үшін санды азайғыш пен азайтқышқа жеке-жеке көбейтіп, шыққан көбейтінділерді азайту жеткілікті. Бұл .....

А) Көбейтудің азайтуға байланысты үлестірімділік заңы.

Б) Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік заңы.

В) Көбейтудің терімділік заңы.



3.Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін, бірінші санды екінші мен үшінші сандардың көбейтіндісіне көбейту жеткілікті. Бұл ....

А) Көбейтудің азайтуға байланысты үлестірімділік заңы.

Б) Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік заңы.

В) Көбейтудің терімділік заңы.


«Парақшадағы диалог» тәсілі.

*Бүгінгі сабақта қандай математикалық термин сөздермен таныстың немесе пысықтадың? Есіңде қалды ма? Мағынасын түсінбеген сөздер болды ма?

*Үй тапсырмаларын орындау барысындағы өзіңнің іс-әрекетіңді қалай бағалайсың?

*Қандай тапсырма орындау ұнады? Қиындық тудырған сәттер болды ма?

(Оқушылар параққа өз ойларын жазады.

Мұғалім оқушылардың жазба жұмыстарымен танысып, жекелеген оқушыларға қосымша түсіндіру жұмыстарын жоспарлайды, тапсырмалар дайындайды)



Әзірлеуші: Мергенбаева Назигуль Оразбаевна

№148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.



Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет