Сабақ 14. ӨЛі табиғаттағЫ Үдерістер материктік платформалардың бір-бірімен соқтығысқан жеінде таулар пайда болады (орогенез). Геосинклиналдар



Pdf көрінісі
Дата09.11.2023
өлшемі0,66 Mb.
#190541
түріСабақ
Байланысты:
САБАҚ 14



1
САБАҚ 14. ӨЛІ ТАБИҒАТТАҒЫ ҮДЕРІСТЕР 
 
Материктік платформалардың бір-бірімен соқтығысқан жеінде 
таулар
пайда 
болады (орогенез). 
Геосинклиналдар
– таудың түзілетін яғни пайда болатын жері (1 сурет). 
Заттар айналымы
– атмосфера, гидросфера, литосфера және тірі ағзалар 
арасындағы заттардың циркуляциясы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. 
Тектоникалық қозғалыстар басым болатын геосинклиналдың даму 
кезеңдері: а – төмен майысу; ә – жоғары көтерілу; б – қатпарлы таулардың 
пайда болуы (түзілуі) (1 – фундамент (іргетасы); 2 – кесек тау жыныстары; 3 – 
құмдардың жинақталуы (пайда болуы); 4 – сазды жыныстар; 5 – карбонатты 
жыныстар; 6 – гранит 
 
Таулардың пайда болуына ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) күш 
әсер етеді. Платформалардың ары қарай бірін-бірі қысып қабаттасуынан 
қатпарлы тау жоталары қалыптасады. Жер қыртысының екі платформасының 
соқтығысқан жерінде пайда болған геосинклиналдар, шөгінді жыныстар мен 
шөгінділер бір-бірін қысудың әсерінен ұзына бойы созылған, ені біршама кең, 
қыратты-төбелі тау тізбегін түзеді.
Енді судың әсерінен пайда болатын үгілу үдерісімен танысамыз. Ағып 
жатқан сумен қатар, кішігірім жарықшақтарға сіңген сулардың да жойқын күші 
бар (2-сурет). Мысал ретінде Сарыарқаны айтсақ болады. Сарыарқа ежелде 
пайда болған таудың бұзылған орнында қалған ұсақ шоқылы, аласа таулы және 
қыратты жер. Аласа таулы бөлігінің көлдерінде немесе көл жағалауында 
жаңбыр мен желдің үгу әсерінен пайда болған табиғаттың ерекше көріністерін 
көруге болады – «Түйе», «Жеке батыр», «Сфинкс», «Жұмбақтас», «Бүркіт», 
«Оқжетпес» 
және т.б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет. 
Тау жыныстарының судың әсерінен үгілуі 


2
Заттар айналымы
– Жердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Ол экожүйе 
компоненттерінің тұрақтылығын және тіршілігін қамтамасыз етеді. Заттар 
айналымы – атмосфера, гидросфера, литосфера және тірі ағзалар арасындағы 
заттардың циркуляциясы (айналып тұруы). 3-суретте үлкен және кіші су 
айналымы көрсетілген. 
3-сурет. 
Су айналымы 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет