Сабақ 14. Тақырып 14: «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы»


-өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру; - халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады



бет5/7
Дата25.04.2020
өлшемі36,26 Kb.
#64652
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тоқтар Фазылұлы БГМУ-21 — Кәсіпкерлікті ұйымдастыру

-өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;

- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Бизнес-инкубаторлар - өз алаңдарына арнайы жеңілдiк жағдайда iріктелген шағын кәсiпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлiк және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететiн құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негiзгi мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсiпорындардың орнықты қызмет етуiн қамтамасыз ету болып табылады.


  Технопарк – бұл менің ойымша ғылыми зерттеу негізінде бизнес орталықтарының құрылуы. Жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми-зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциялын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университетті орталықтарда жасалады.

Технопарктерді құру еліміздегі бизнестің дамуы мен қалыптасуына әсерін тигізеді. Бизнесті дамыту елдің инновациялық инфрақұрылымын дамыту мен елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуын жүзеге асырады.

Осыған орай елімізде ірі, орта және шағын бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, халықтың жұмыссыз бөлігін жұмыспен қамту мәселесі шешіліп жатыр.

Қазақстанда технопарктерді енгізу мен жұмыс істету мынадай ерекшеліктерге ие болатын қазіргі заманғы еуропалық модель бойынша жүзеге асырылатын болады:

онда шағын кәсіпкерлік субъектілерін орналастыруға арналған ғимараттардың болуы, — бұл ұжымдық қызметтің барлық артықшылықты жүйелерін пайдаланатын жаңа шағын және орта инновациялық кәсіпорындардың үлкен бөлігін қалыптастыруға ықпал етеді; инноваторлар үшін қажетті сервистік пакетті (бухгалтерлердің, маркетологтардың және т.б. қызметі) қалыптастыратын ұйымдардан таңдап алынатын қызмет көрсету жүйесі).

Технопарктерді құру мен дамытудың ағымдағы тұжырымдамасына кейбір өзгерістер енгізген жөн. Технопаркті оның аумағына технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын міндетті түрде орналастыра отырып, шектеулі аумақ ретінде айқындау барынша орында болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар технопарктерді құру үшін жер учаскелерін беретін болады және барлық инновациялық қызметке қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару үшін оператор компанияны айқындайтын болады.

Қазақстандағы технопарктерді дамытудың негізгі проблемаларының бірі технопарктердің міндеттері мен функцияларын бірыңғай және нақты түсініктерінің болмауы болып табылады. Технопарктердің мәнін нақты түсінбестен, олардың тұрақты дамуына дұрыс тәсілді әзірлеу мүмкін емес, технопарктер жанынан экономиканың нақты секторынан алыстатылған кезекті таратылмайтын ғылыми зерттеу ұйымдарын құру қатері туындайды.

Инновациялық жобалардың бастамашылары — технопарктердің әлеуметті клиенттерінің төлем қабілеті деңгейінің төмендігі операциялық шығыстарды жабу үшін жеткілікті кіріс бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

«Технопарктерді жасау мақсаты инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру болып табылады. Олар елдің инновациялық инфрақұрылымның бөлігі болып табылады және ғылыми-зерттеулер нәтижесінде қолдану үрдісін тиімді қолдануын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет