Кеңселік жиһаз өзінде жоғары функционалдылықты, түрлендіру мүмкіндігін, тұтастықты, сәнділікті, икемділікті қамтуы тиіс.
Кеңсе үстелдері. Кеңсе үстелдерін бірнеше топтар мен санаттарға бөлуге болады.
Қызметкерлерге арналған үстелдерді нысаны бойынша тік кеңселік үстелдер және бұрыштық деп бөлуге болады. Тік кеңселік үстелдердің құралымдары барынша қарапайым және бөлшектерінің саны барынша аз болып келеді.
Бұл әдетте АЖТ-дан жасалған екі тірек, царга (тіректер арасындағы өтпе) және үстелдің беті. Сондай-ақ олар жалғаспалы суырмаларымен және оларсыз да болуы мүмкін. Екінші жағдайда тумбасы жоқ үстелді икемді жылжымалы төрт дөңгелекті тумбамен жинақтауға болады, бұл тумбаны сол жаққа да, сондай-ақ оң жаққа да қоюға мүмкіндік береді.
Бұрыштық кеңселік үстелдер. Өзінің құралымдары бойынша бұрыштық үстелдер (үстелдің төменгі бөлігі) тік үстелдерге ұқсас, үстел бетінің нысаны мен қосымша тіректің болуымен ғана ерекшеленеді. Кеңсеге арналған бұрыштық үстелдер әдетте, жалғаспалы тумбаларсыз жасалады. Көбінесе осы үстелдерге үстелдің жалғасы сияқты болып көрінетін жалғаспалы тумбалар беріледі, тумба үшінші тірек болып табылатын үлгілер де жиі кездеседі. Бұрыштық кеңселік үстелдер өзінің пропорционалды еместігінен сол жақтық және оң жақтық деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырыс беру кезінде бұрыштық үстелдердің тұрпатын бірден көрсету керек.
Қызметкерлерге арналған үстелдерді өздерінің дизайны бойынша тіректері және үстел беті сол АЖТ-дан жасалатын арзан үстелдерге және металл тіректі үстелдерге бөлуге болады.
Кеңселік үстелдерді мақсаты бойынша негізгі үш санатқа бөлуге болады, бұл басшыларға арналған үстелдер, қызметкерлерге арналған үстелдер және мәжіліс бөлмелерінде келіссөздерге және кеңестерге арналған үстелдер.
Кеңселік шкафтар. Кеңселік шкафтар бір-бірінен әртүрлі құрылмалармен, толықтырулармен және өзінің мақсаты бойынша ерекшеленеді. Оларды мақсаты бойынша басты екі тұрпатқа бөлуге болады – бұлар қызметкерлерге арналған жұмыс шкафтары мен сәндік шкафтар және басшыларға арналған қабырғалық шкафтар.
қызметкерлерге арналған шкафтардың мақсаты кеңседегі ағымдағы және жедел құжаттарды сақтау болып табылады. Кеңсе жиһаздарын әртүрлі өндірушілердің шкафтарының мөлшері мен құралымдары бір-бірінен сәл ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, үстіңгі қақпағы фасадтың бетінде немесе фасадтың сыртында жасырылуы мүмкін. Құжаттарға арналған шкафтар ашық та (сөрелер), сондай-ақ толық немесе белгілі бір ұяшықтары (әдетте төменгі) жабық та болуы мүмкін.
Шкафтар немесе басшылардың кабинеттеріндегі қабырғалық шкафтардың ең бірінші кезекте сәндік бағасы бар. Әдетте, олар құжаттарды сақтау үшін емес, кабинетті сәндік безендіру үшін қолданылады.
Басшыға арналған шкафтарда кітаптар мен журналдардың жинақтары, ал ашық сөрелерде заттардың әртүрлі жинақтамалары сақталады. Сондықтан басшыларға арналған қабырғалық шкафтарды өндірушілердің барлығы дерлік әйнектелген қасбеттерді немесе ашық секцияларды көп пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |