Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Қараоба орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Искакова Назгуль Нургалиевнаның
дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспары
|
Пән: Дүниетану
|
Сынып: 4 «а»
|
Оқыту тілі: қазақ тілінде
|
Мерзімі: 2016 – 2017 о.ж.
|
|
|
апта
|
2 апта 5 күн
|
сабақ
|
2
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Еліміздің мал шаруашылығы
|
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
1.Оқушылардың төрт түлік туралы ұғымдарын кеңейту, мал шаруашылығы және оның салалары, пайдасы мен маңызы, туралы әрі жетілдіру. Төрт түлік жөнінде мағлұматтар беру,түсіндіру.
2.Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру,танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық жұмыс жасау, іздену дағдыларын дамыту;
3. Қоршаған ортаны аялауға баулу.Төрт түлікті күтуге, сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
|
|
Сабақтың табыс критерийлері:
|
Төрт түлік мал туралы түсініктері кеңейеді;
Мал шаруашылығының салаларын, түрлерін түсінеді;
Мал шаруашылығының пайдасы мен маңызын дәлелдей алады;
Мал шаруашылығы қай аймақтарда дамығанын біледі;
Топтық жұмыста ынтымақтаса әрекет етуді үйреніп, танымдық қабілеттері артады;
|
|
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
|
“Дөңгелек үстел” әдісі, диалогты оқыту әдісі, Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері (талдау, жинақтау, сұрақ-жауап), «Алты қалпақ» стратегиясы, жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, бағалау түрлері, кері байланыс
|
|
|
Көрнекілігі:
|
физикалық карта, тақырыпқа қатысты суреттер, үлестірмелі материалдар, флипчарт, слайд, төрт түлік туралы бейнежазба, мультфильм, маркер, постер, стикер, смайликтер, кестелер, өлеңдер, сөзжұмбақ, интербелсенді тақта, компьютер
|
|
|
Пән аралық байланыс:
|
әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка
|
|
|
Сілтеме:
|
1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Жаратылыстану» білім саласы бойынша оқу бағдарламасы. Астана 2013. 10 бет
2. Дүниетану. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. К.Жүнісқызы, Ә.Бірмағамбетқызы, И.Нұғманов, Н.Жапанбаева. «Атамұра» баспасы, 2015. 84-86 беттер
3. Дүниетану. Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған әдістемелік құрал.
|
|
|
Сабақтың барысы:
|
45 минут
|
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Модуль
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
2 минут
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушыларға түрлі-түсті ленталарды ұстап, шеңберге тұруларын ұсыну. Шаңырақ құрып, киіз үйді бір-біріне беру арқылы бүгінгі сабаққа тілек тілейді.
-Балалар түрлі-түсті ленталарды алып, шеңберге тұра қалайық.
-Шеңбердің ортасындағы белгі неге ұқсайды?
-Ендеше, киіз үйді бір-біріне ұсыну арқылы, сабаққа жақсы тілектер тілейік.
-Ал, ендеше, бүгінгі сабақта бір шаңырақтың астында барлығымыз тату бірлестікте жұмыс жасайық.
|
Оқушылар шеңберге тұрып,
шаңырақ құрады. Киіз үйді бір-біріне ұсынып, тілектер айтады.
|
ОЖЕСОжО
ОБжК
|
Лента, шаңырақ, киіз үй,
«Детство» күйі
|
2 минут
|
Оқушыларды топқа бөлу
Қолдарыңа ұстаған түрлі-түсті ленталар бойынша топқа бөліну.
Сыныптағы оқушыларды 6 баладан 3 топқа бөлу.
1-топ – «Зерттеушілер» тобы
2-топ – «Географтар» тобы
3-топ – «Тарихшылар» тобы
|
Оқушылар түрлі-түсті ленталарды таңдау арқылы топқа бөлінеді
|
ОЖЕСОжО
|
Ленталар, топтың аты жазылған рамкалар
|
1 минут
|
Топ ережесін талқылау
- Балалар, топта жақсы қарым-қатынас болу үшін бізге не керек? (ереже)
Оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, топ ережесін қайталап, естеріне түсіру. Оқушылар бір топ, бір ұжым екенін сезініп, топ ережелеріне бағынып, өз-өздерін реттеп қалыптастырады.
|
Оқушылар топ ережесін талқылайды
1. Сабақтан қалмау, кешікпеу.
2. Тәртіпті сақтау.
3. Уақытты үнемдеу.
4. Бір-бірінің пікірін тыңдау.
5. Сабаққа белсенді араласу.
6. Өз ой-пікірін еркін айту.
7. Сабаққа кешікпеу
8. Мұғалімді тыңдау
9. Уақытты үнемдеу
10. Сабақта белсенді болу
11. Тәртіпті болу
|
ОБжК
|
Топ ережесі
|
|
2 минут
|
Топ мүшелерінің міндеттерін анықтап алу
1. Топ басшысы – топты басқарып отырады.
2. Хатшы – жазуы әдемі, нақты тыңдай білетін бала, топ басшысының көмекшісі, бағыт-бағдар беруші, қағаз бетіне түсіруші, бағалау парағын толтырушы, құрал-жабдықтардың толық болуына жауапты.
3. Тайм пикер – уақытты үнемдеуші, баланың айтқан пікірін, ойын қадағалап отырушы.
4. Тілші – ақпарат жинаушы, жаңалық ашушы, топтың шешімін баяндап, сыныпқа жеткізуші, қосымша мәлімет беруші.
5. Бақылаушы – топ мүшесін бақылап отырады, бағалайды, топ мүшелерінің пікіріне сипаттама береді.
Топ басшыларына бағалау парағын беру
|
Топта отырған оқушылар өз міндеттерін анықтап алады
|
ОБжК
|
Топ мүшелерінің міндеттері жазылған таратпа материалдар
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
5 мин
|
«Суқойма және таулы жер өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбына шағын тест
1. Өзен, көл, батпақ не деп аталады?
А.Көл
Ә. Су
Б. Суқойма
2. Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда не өседі?
А. Гүл
Ә. Жапырақ
Б. Балдырлар
3. Таулы жерде кездесетін өсімдіктер?
А. Қазжуа, жусан, жоңышқа
Ә.Көктерек, қайың, терек
Б. Селеубояу, ақсексеуіл, жүзгін
4. Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, епті батыл аң?
А. Барыс
Ә. Аю
Б. Қасқыр
Тест жауаптарын тексеру
|
|
АКТ
|
Тест
|
І. Білу
|
3 минут
|
Тақырыпқа шығу
«Қошқар мен теке» мультфильмін көру арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
-Балалар, жаңа біз не көрдік?
-Мультфильм не туралы?
-Ал, бұларды біз неге жатқызамыз?
Ендеше, біз төрт түлік туралы сөз қозғап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Еліміздің мал шаруашылығы» туралы болмақ.
Мақсат қою
-Енді, бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қоямыз?
|
Оқушылар мультфильмді көреді
Сұрақтарға жауап береді
Сабақтың тақырыбымен танысады
Сабаққа мақсат қояды
|
АКТ,
СТО
|
Мультфильм
|
ІІ. Түсіну
|
3 минут
|
Оқулықпен жұмыс.
Әр топ мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.
1-топ – 84 бет
2-топ – 85 бет
3-топ – 86 бет
“Дөңгелек үстел” әдісі бойынша түсінгендерін топта талқылау.
|
Оқушылар берілген мәтінді
түсініп оқиды
Оқығандарын толықтырып, топта талқылайды
Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады.Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар “мұғалім-оқушы” сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше “симметриялы”болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады. (Мерсер, 2005)
|
ОмОЖТ, СТО,
ТжДБО
|
Қосымша таратпа материалдар, көрме
|
ІІІ. Қолдану
|
10 минут
(4+5+1)
|
Постермен жұмыс.
Тақырып бойынша түсінгендерін постерға салғызу.
Зерттеушілер тобы – төрт түліктің түрлері, пірлері, ерекшеліктері, т.б.
Географтар тобы – мал шаруашылығын қай аймақта жақсы дамығанын, т.б.
Тарихшылар тобы – ерте заманнан бүгінгі заманға дейінгі мал шаруашылығының дамуы, ата кәсіп, т.б.
Оқушыларға салған постерлерін қорғату.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау
|
Оқушылар топта постермен
жұмыс жасап,
әр топ өз постерлерін қорғайды
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды
|
ОмОЖТ, СТО,
ТжДБО, ОүБжОБ
|
Ватман, маркер, тақырыпқа байланысты суреттер,
2 жұлдыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |