Пәні: математика, 5 «Б» сыныбы. Күні 17.01.2015 ж.
|
Тақырыбы:
|
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейтуге есептер шығару.
|
Мақсаты
|
1.Білімділік: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту ұғымымен таныстыру, есептер шығаруды үйрету.
2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже
|
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейтуді біледі.
|
Ресурстар
|
Кеспе қағаздар, стикерлер, маркерлер
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Ыстық» орындық, «Кім жылдам?»
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеуін сұрайды. Өрмекші торын пайдаланады.
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Қызығушылықты ояту. 14 минут
|
Жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
Аралас сандарды қалай қосамыз?
Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
Аралас сандарды қалай азайтамыз?
Мысалдар келтір.
|
«Ыстық» орындық стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
ІІ. Мағынаны тану. 23 минут
|
Оқушының өздігінен білім алуға мүмкіндік туғызу.
Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.
Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалдырады.
№746 - 749
|
Мысалдарды талдай отырып, ережелерді меңгереді
|
|