Сабақ: №25 Сыныбы: 6 «А» Күні: 27. 11. 2015 ж. Тақырыбы: Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Мақсаты



Дата21.01.2017
өлшемі159,3 Kb.
#7536
түріСабақ
Сабақ: № 25

Сыныбы: 6 «А»

Күні: 27.11.2015 ж.
Тақырыбы: Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі.
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға таулар, таулардың пайда болуы, таулардың биіктігіне қарай бөлінуі туралы мағлұмат беріп айырмашылықтарын ажыратуды үйрету;

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Кескін картаға тауларды түсіруге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Таулардың табиғатының әсемдігін таныта отырып, табиғатты аялап қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, топпен жұмыс

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек-сызбамен жұмыс.



Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Слайд-презентация, Флипчарт, қосымша деректер, оқулық, Дүние жүзінің картасы, Қазақстанның физикалық картасы, атлас кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

1. Жанартау қалай пайда болады және құрылысын сипаттап беріңдер?

2. Сөнген жанартауды қалай ажыратуға болады?

3. Сөнбеген жанартаулар жүріп жатқан аймақтарын ата?

4. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

5.Жанартауды не үшін зерттеу қажет?


2. Ойын –жасырын сөздер, Карточкалар

А. Ресейдің қай жерінде жанартаулар жиі атқылайды? (Камчаткада);

Ә. Фудзияма жанартауы қай жерде орналасқан? (Жапонияда);

Б. Жанартаудың мойны қалай аталады? (Көмей);

В. Магманың сыртқа төгілуі қалай аталады? (Лава);

Г. Ыстық бұлақтар дегеніміз не? (Гейзер)

Ғ. Жер қыртысының жоғарғы қабаты қалай аталады? (Магма);

Д. Жанартаудың төбесі қалай аталады? (Кратер).


Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
А. Жұмбақ жасыру.

Аспаннан атасқан,

Күнмен барып достасқан,

Биік-биік асуды,

Не деп айтам табыңдар? (Тау)
Б. «Тауларды» бейнетаспадан көрсету.
Мұғалім: Балалар бейнетаспадан не көрдік?
Тау дегеніміз не? Сұрақ қойылады.

Қандай тауларды білесіңдер?


Мұғалім: Оқушылар біздерде таулар жайлы мәлеметтер аз екен,олай болса оқулығымызды алып мәтінмен танысайык.
В. Тақырыптың жоспары:

1.Таулар.

2.Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі.

3.Таулардың пайда болуы.

4. Ескі және жас таулар.
1.1. Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін т а у л а р - деп атайды.

1.2. Т а у л а р – жан-жағынан ортасына қарай биіктейді. Оның биік, жоғарғы бөлігі тау басы, оқшауланған төбесі ш ы ң ы деп аталады.

1.3. Жер бетінде жеке тұрған таулар өте сирек кездеседі. Әдетте таулар бір-біріне жалғаса, ондаған, кейде тіпті жүздеген километрге дейін созылып жатады. Мұндай жалғаса тізіліп жатқан таулар т а у ж о т а с ы деп аталады.

1.4. Тау жоталары бір-біріне тау аңғарларымен бөлінеді. Тау жоталары шоғырланып, т а у л ы ө л к е құрайды.

1.5. Тау құрылысы.

1.6. Қазақстандағы биік тау Тянь-Шань ең биік жері –Хан тәңірі (6995м) Қытайлар Тянь - Шаньды “аспанмен тілдескен таулар” деп асқақтаған. Ал Шығыс Қазақстан облысымыздағы биік тау Алтай оның биік шыңы Белуха 4506м.

Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы мен Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатауы

Тянь-Шандағы Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың қосылған жері Шелек-Кебін тау торабын құрайды

1.7.Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималай (49 сурет). Он бір шыңының биіктігі 8000 мың м-ден асады. Жер шарындағы ең биік нүкте – Жомолунгма

Жомолунгма шыңы (8848 м) Эверест. 1953 жылы 29 мамырда тауды бірінші өлшеген Джордж Эвересттің құрметіне қойылған.


2. Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Тірек-сызбамен жұмыс. Кестемен жұмыс




Таулар физикалық картада қоңыр бояумен бейнеленеді. Тау биіктеген сайын, оның бояуыда қара қоңырлана береді.

Карта бойынша таулардың биіктігін биіктік шкаласының көмегімен анықтауға болады. Таулардың жеке шыңдарының биіктігі картада цифрлармен белгіленеді.

Мысалы, Тянь-Шаньдағы Хантәңір шыңы – 6995м. Немесе Шығыс Қазақстан облысында Сауыр тауларының ең биік жері- Мұзтау 3816м.



  1. Таулардың пайда болуы.

3.1. Қ а т п а р л ы т а у - су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымының әсерінен қатпарланып, биікке көтерілген тау. Альпі, Кавказ, Кордильер және т.б.

3.2.Қ а т п а р л ы –ж а қ п а р л ы тау- тау жыныстары қатпараланудан кейін жарықтарда Бойлап жоғары-төмен лықсуынан пайда болады. Алтай, Тянь-Шань таулары т.б.




  1. Ескі және жас таулар.

4.1.Е с к і т а у л а р – уақыт өткен сайын шыңдары мүжіліп, аласарған, көп жері тегістеліп, аласа төбелерге
айналған. Мысалы: Орал тауы жер бетіндегі ескі тау.
4.2.Ж а с т а у л а р – шыңдары үшкір, беткейлері тік, басын мұз басып жатады, бұл таулардың биіктігі 5000-8000м-ге жетеді. Кавказ, Памир, Гималай, Кордильер таулары
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1.1. Таулар дегеніміз не?

1.2. Аласа таулар.

1.3. Орташа таулар.

1.4. Биік таулар.


2.Сәйкестіктерін табу. Кестемен жұмыс


Орал

«Аспан таулары» мағынасын білдіретін тау атауы




Анд

Ең ұзын тау жүйесі

Гималай

Тянь-Шань

Азия мен Еуропаны бөліп тұратын таулар

Әлемдегі ең биік таулар


3. «Венн» диаграммасы бойынша төбе мен таудың ұқсастығы мен айырмашылығы.




Төбе

Тау


V. Қорытындылау, бағалау.

Оқушыларға сауалнама беріледі


«Ашық айтқанда»
1.Сабақ кезінде менің түсінгенім.....
2.Мен үшін ең пайдалысы..... болды
3.Маған сабақ кезінде ұнағандар...

VІ. Үйге тапсырма беру.

§23 оқып мазмұндау.

Тауларға байлынысты терминдерді жазып Жер шарындағы ірі таулар және биік шыңдарды кескін картаға түсіру:



  • Таулар

  • Тау жотасы

  • Таулы өлке

  • Тау торабы

  • Биік шыңы

  • Аласа таулар

  • Орташа таулар

  • Биік таулар

  • Қатпарлы таулар

  • Қатпарлы-жақпарлы таулар

  • Ескі таулар



  • Жаңа таулар ірі таулар:

  • Гималай

  • Кордильера

  • Тибет

  • Анды

  • Карпат

  • Тянь-Шань

  • Орал таулары

  • Кавказ таулары

  • Биік шыңдары:

  • Джомолунгма 8848м

  • Аконкагуа 6960м

  • Мак-Кинли 6194м

  • Эльбрус 5642м

  • Народная 1895м

  • Килиманджаро 5895м





































































































  • Таудың



  • Жоғары бөлігі тау басы Оқшауланған төбесі шыңы



  • Тауларды

  • Тау торабы

  • Тау жотасы таулы өлке



  • Бірнеше тау

  • Таулардың бір-біріне Тау жоталарының жоталары келіп

  • Жалғасып жатуы шоғыры жүйесетін жер



  • Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі


  • Орташа таулар 1000м-2000м дейін

    Аласа таулар 400м-1000 м дейін

    Биік таулар 2000м










  • Мұғалжар, Карпат,Қырым, Гималай,Кордильер,

  • Маңғыстау, Сауыр-Тарбағатай. Альпі,Тянь-Шань.

  • Сарыарқа.

  • Слайд көрсету.

  • Бекіту.

    • Таулардың аты

    • Дүние жүзінің қай бөлігінде орналасқан?

    • Ең биік нүктесі



  • №8 «Венн» диаграммасы бойынша төбе мен таудың ұқсастығы мен айырмашылығы.


  • төбе тау






  • Қорытындылау.









  • IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • 1. Б.Ү.Ү. кестесі.

    • Білгенім

    • Үйренгенім

    • Үйренгім келеді













  • 2. Сұрақ-жауап.

  • 1. Таулар дегеніміз не?

  • 2. Тау элементтері.

  • 3. Аласа таулар.

  • 4. Орташа таулар.

  • 5. Биік таулар.

  • V. Қорытындылау, бағалау.

  • VІ. Үйге тапсырма беру.

  • Үйге: Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі.







































  • 2. Кестемен жұмыс.

  • Кесте арқылы тауларды түсіндіру.



    • Таулар

    • Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген, беткейлері қия, биік бөліктерді атайды

    • Тау жотасы

    • Таулардың бір-біріне жалғасып, созылып жатуы.

    • Таулы өлке

    • Тау жоталарының шоғырлануы

    • Тау торабы

    • Бірнеше тау жоталарының түйісетін жері



  • 3. Тірек-сызбамен жұмыс.

  • Тірек-сызба арқылы таулардың биіктігіне қарай бөлінуін түсіндіру.









































































  • 267 Орта мектеп



















  • А ш ы қ с а б а қ



  • Тақырыбы: «Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі»





  • Пәннің аты: «География»

  • Сыныбы: 6 «А»

  • Г.ғ.м.: Бугенбаева С.С.























  • Қызылорда 2015 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет