Сабақ №26 Сабақтың тақырыбы Жақсылықтан жақсылыққа Сілтеме



Дата21.07.2017
өлшемі61,33 Kb.
түріСабақ
4-ші сынып Өзін-өзі тану пәнінен «Жақсылықтан жақсылыққа» тақырыбына өткізілген сабақ жоспары

Өзін-өзі тану

Күні 16.03

Сабақ № 26


Сабақтың тақырыбы

Жақсылықтан жақсылыққа


Сілтеме

Өзін-өзі тану пәнінің әдістемесі, оқулық


Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту. Оқушыларды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу

Оқу нәтижелері


Отбасы, жақын туыстың арасындағы сыйластық қарым-қатынасты түсінеді, бір-бірін сыйлайды.

Негізгі идеялар

Топтық жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарастары қалыптасады және білімдерін жүйелейді, қорытындылайды.

Оқыту модульдері

Диалогтік оқыту, Оқуды бағалау,оқушының өзін-өзі бағалауы, сұрақ-жауап, ролдік , АКТ


Ресурстар

Интерактивті тақта, плакаттар, маркерлер, стикерлер, үлестірме материалдар, оқулық


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық


Тыныштық сәті

ІІ Үй тапсырмасын сұрау


ІІІ. Қызығушылығын ояту

ІY. Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс

Дәйексөз


YI. Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс

Жаңа ақпарат

YII. Қорыту

YIII. Бағалау

IX. Үйге тапсырма

X. Кері байланыс


Оқушыларды түрлі суреттер арқылы топқа бөліп алады.

І топ:Аялы алақан ІІ топ: Шуақты күн ІІІ топ: Мейірімді жүрек

Баяу әуеннің ырғағымен оқушылар жақсылық әлеміне саяхат жасайды. Үйге берілген тапсырма «Сабыр түбі-сары алтын» сахналап келу берілген болатын. І топ: «Асыл шөп» ІІ топ: Егінші мен қасқыр» ІІІ топ: Сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер?- деген сұраққа жауап береді. Бәріңнің көңіл-күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын. Ендеше оқушылар біз экраннан мына бір бейне таспаны тамашалайық. Мұқият қарап отырыңдар.Жақсы бейнетаспаны көре отырып, қандай шешімге келер едіңіздер.

Иа оқушылар бүгін біз «Адам болам десеңіз» деген тарауының қорытынды сабағы. Бұл еңбекқорлықты еріншектіктен ажырата білуді, ашуды ақылға жеңдіруді, сабырлы болуды, қуаныш сыйлауды,талаптана білуді үйрендік, төзімділік, табандылық, батылдық,өжеттік ұғымдарын үйрендік. Ал осы үйренгендеріміз бізді жақсылық жасауға жетелейді.Олай болса балалар бүгінгі жаңа сабағымыз «Жақсылықтан жақсылыққа» деп аталады.

Топ оқушыларына тапсырмалар беріледі.


Кеңесбек Демешов «Мөлдір бұлақ» ертегі

І топ: Мәтіннің бірінші бөліміне постер қорғау. ІІ топ: Мәтіннің екінші бөліміне постер қорғау ІІІ топ: Мәтіннің мазмұнын айтып беру.

-Жаман болу-өзіңнен,-деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?

-Ақынның «Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын»?-деп ойла деген сөздеріңе көзқарастарың қандай?

-Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар? Сол сәтте қандай сезімде болдыңыздар?

«Жақсылыққа жақсылық жаса» дәйексөзді оқушылар дәптерге жазып алады және өз ойларын айтады.

Мұғалім түсіндіріп береді.

Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық,жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді.Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ғана ойлап, жақсылық жасауға ұмтылса,онда әлемде тыныштық орнайды,адамдар бақытты өмір сүреді .

Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді.

Үш топқа тапсырмалар беріледі.Ертегіні өз ойларыңмен аяқтаңдар.

І топ: Қарлығаш пен дәуіт Халық ертегісі

Бір қарлыға балапандарына ұя салып асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп,, қатты қорқып,қорғап қалатын арашашы іздейді.

ІІ топ: Аю мен тышқанЛатыш ертегісі

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.Аю шошып оянып, құлағын баса қояды:

Менің құлағым – сенің інің деп пе едің?-деп ақырды. –Өзіңді жақсылап сабайын ба? –Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.-Бармақтай болып, не керегіме

жарармын дерсің,-деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді....

ІІІ топ: Бір күні орманда шөп жанып кетіп,өрт басталады. Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі. Тек тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды. От тасбақаға жақындап қалады. Ол енді қалай құтылмақ? Өз ойларымен мәтінді аяқтап, ортада қорғайды.

Оқушыларды смайлик арқылы бағалау

Үйге берілген сұраққа байланысты жағдаят құрастырады.

Сұрақ: Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?

Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, жақсылық ағашына ілу


Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді.

Оқушыларды үйден жазып келген өлеңдерін оқиды.

Сабырлылық-адам бойындағы сезімнің, ойлаудың тереңдігі.Сабырлы адам-ақылды,шыдамды,байыпты, ұстамды болады. Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына, мұратына жетуіне мүмкіндік береді.


Оқушылар берілген сұрақтарға ойланып өз ойларымен жауап береді.

Жақсылық жасау-адамдарды достастырады,сабырлы болуға,денсаулығын сақтауға,көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді.Әр айтылған сөзді жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Топ болып ақылдаса отырып, әңгіме құрастырады,ортаға постермен қорғайды.

Бүгінгі сабақ бойынша ой қорытады.

Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады

Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс ой пікірлерін жазып жапсырады



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет