Өлең құрылысына талдау жасау.
«Қамқор анаң көз жасын көлдететін,
Бетін жуған жасымен сорлы анаңа,
Төбесі көкке жетсін»деген өлең жолдарында әсірелеу (гипербола)кездесіп тұр.Адам бетін сумен жуады ғой,жаспен жумайды.Төбе ешқашан көкке жетпейді,бұл жерде аса қатты қуанған адамның түрін келтіреді.
-Ал,балалар өткен жолы «Өздерің өз анаңа деген махаббатыңды қалай жеткізесің,анаңды кімге,неге теңер едің,қалай суреттеп,бейнелеп келер едің?»деген тапсырма бергенмін.
Соны кім қалай қабылдап,қалай орындап келді екенсіңдер.Тақтаға оқушы шығып салған суретін іліп,өз сөзімен қорғайды.
Шолпан:Мен қос аққудың суретін және гүлдің суретін салдым.Себебі:мен анамды аққуға теңеймін.Аққу киелі ,қасиетті құсқа саналады ғой,сондықтан мен өз анамнан тек сол көлдегі жүзіп жүрген аққудың бойында қандай қасиет болса соны көремін.Аққуды әрі сұлулықтың,әдеміліктің рәмізі дейміз.Анам да әдемі,сұлу болып жүргенін қалаймын.
Баян: Мен баласын көтеріп тұрған ананың суретін бейнеледім. «Баласыз-ананың құшағы жетім»деген сөзді қосқым келеді.Анасыз бала,баласыз ананы көз алдыңа келтіру мүмкін емес.Сондықтан ана мен баланы,бала мен ананы тәңірім ажыратпасын.Мен өз анамды жақсы көремін.
Бұл «галерея шарлау»әдісі болып саналады.
Келесі топ суретке тақырып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |