V.Сабақты бекіту.-Өздерің осы өлеңнен қандай әсер алдыңдар?Әсер бөлісу хатын жазыңдар.
Жазып болған соң оқып береді.
Жазира:Шолпан,сен бұл өлеңнен өзіңе үлкен әсер алып отырғаныңды сезіп отырмын. Мен де өзіме үлкен әсер алдым.Ақын аңаның балаларын сүюі туралы айтқан екен.Ал мен баланың аналарын сүюі туралы айтқым келеді. Күнделікті күйбең тірлікте өз анамның тілін алмай,немесе кейбір ұрысқан кездеріне аузымды бұртиып,өкпелеп қалған сәттерімді есіме алып,өз-өзімнен ұялып отырмын. Осы сәттен бастап өз анамды түсіне түскендеймін.
Ақын өлеңінен өзіме үлкен әсер алдым.
Айман:Біз Шолпан екеуімізді бірдей дүниеге әкелген анамызды құрметтеп жүреміз.Себебі бізді дүниеге әкелу кезінде қиналғандығын айтады. «Екі егіз қызым дүниеге келгенде қатты қуандым»деп айтып отырады.Осы ақын өлеңінен кейін анамды қатты жақсы көретіндігімді паш еткім келеді.
Мадина:Мен өз анамды жарқыраған күнге теңеймін.Себебі күннің нұры жылы,шуақты,сәулелі.Біз ашық әдемі күнде көңіліміз де көтеріліп жақсы көңіл күйде жүреміз.Олай болса,анамыз да,ананың құшағы да жылы,шуақты,нұрлы,ол жерден біз пана табамыз.Кейбір анасы жоқ балаларды аяймын.,
VI.Сабақты қорыту.-Бүгін біз не үйрендік?
-Білім қорымыз қандай мәліметтермен толықты?Ана,шеше,бала,әке деген сөздердің мағынасын аша алдық па?
VII.Білімдерін бағалау.
VIII.Үйге тапсырма.Әке мен бала,ана мен бала арасындағы махаббатты бейнелеп әңгіме жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |