|
|
бет | 4/5 | Дата | 06.02.2022 | өлшемі | 23,89 Kb. | | #80471 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 7,4 Адамның ішкі әлемі5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Тапсырма: Өсиет әңгімені оқыңдар. Өсиет әңгіменің астарынан нені аңғардыңдар?
Мәтіндегі жағдайды адамның мінез-құлқымен, өмірімен байланыстырып, кестені дәптерге толтырыңдар
Бір орманда өзен жиегінде ағаштар өсетін еді. Ол ағаштар бар күшін биік болып өсуге жұмсап, тамырын дамытуға күштері қалмайтын. Олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінетін… Өздерінің биіктігімен, әдемі гүлдерімен басқаларды тамсандырған ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы да өсетін. Лавр ағашы бар күшін тамырына жұмсайтын еді. Барлығы оны үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, менсінбей қарайтын. – Лавр, сен, бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы, жапырақтарымыз үлкен, хош иісті гүлдерміз, биіктігіміз үшін бізге барлығы қызыға қарайды. Лавр: «Маған өсу үшін тамырымның күшті болғаны маңызды және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін» ,-дейтін. Бірде қатты жел соғып, тамырлары әлсіз сол ағаштар құлап қалады. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалтқаны болмаса, аман-есен қалады. Сол кезде ғана басқа ағаштар қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы күшіміз сақтап қалатынын түсінді.
Мәтін бойынша
|
Өмірмен байланыс
|
|
|
|
|
|
|