Сабақ №3 Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар Жер дің қабаты



Дата05.11.2019
өлшемі0,96 Mb.
#51210
түріСабақ
Байланысты:
Геология №3 практика

Практикалық сабақ №3


  1. Жердің құрылысы.

  2. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар

  3. Жердің қабаты


Жер қабатының құрылымы — диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші  ғаламшалар.

Жер негізгі 3 геосферадан тұрады: Жер қыртысы , мантия, ядро.

Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.

Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқыжәне ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.

Жердің келесі қабаты —мантия (гр. mantion—жамылғы). Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.

Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы

Жер қыртысы деп — литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар — гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.

Жер беті бізге мызғымай, еш уақытта қозғалмайтын, бірқалыпта тыныш тұрғандай көрінеді. Ол шын мәнінде солай ма? Егер біз жердің адамзат баласы пайда болғаннан бергі тарихына үңілсек, онда жер беті үнемі қозғалыста болғанына көзіміз жетер еді. Ондай қозғалыстардың іздерін жер шарының көптеген өңірлерінен табуға болады. Мысалы: Италиядағы Венеция қаласы қазір жартылай су астында тұр,кезінде ол түгелдей құрлық бойына салынған Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. Жер қыртысы қозғалысының екі  түрі болады: 1 – жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі: Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріліп, ал Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар – түбектерге айналды.

Жер  қыртысының  екінші  қозғалысы   – тау жасалу процесі

Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.

Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды. Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі, центр – шеңбердің орталығы) деп аталады..



Жер қыртысы - Жердің сыртқы қатты қабаты. Басқа қабаттармен салыстырғанда оның құрылысы біртекті емес. Оның қалыңдығы 40 км-ден артық. Үстінен астына қарай ол үш қабатқа бөлінген: шөгінді, гранитті және базальтті (5 – сурет).

Шөгінді қабат көбінесе салыстырмалы түрде алғанда жұмсақ, кейде борпылдақ жыныстардан құралады. Олар сулы ортадан немесе ауадан Жер бетіне заттардың шөгілу нәтижесінде пайда болған. Көбінесе шөгінді тау жыныстар қабатты, қатпарлы болады. Олар салыстырмалы алғанда жұқа қабаттардан құралады. Олардың тығыздығы 1-ден 2,65 г/см3 аралығында ауытқиды. Шөгінді қабаттың қалыңдығы біркелкі емес: ол бірнеше метрден 10-15 км-ге дейін ауытқиды. Жер бетінде шөгінді қабаты жоқ жерлер де бар.

  А – жер қабығы;

В және С – жоғарғы және ортаңғы мантия:

D – төменгі мантия:

Е – ядроның сыртқы бөлігі:

F – ішкі және сыртқы ядро арасындағы өтпелі аймақ:

G – ішкі ядро:

d – тығыздық:

р – қысым. Сандармен (км) қабаттар қалыңдығы көрсетілген.

Гранитті қабат көбінесе магмалық және метаморфты жыныстардан құралады, олардың құрамында алюминий мен кремний басым болып келеді. Осы жыныстардың ішінде кремнеземнің орташа мөлшері 60% құрайды, сондықтан оларды қышқыл жыныстар деп атайды. Бұл жыныстардың тығыздығы 2,65-ден 2,8 г/см3-ге дейін ауытқиды. Гранитті қабаттың қалыңдығы тұрақты емес. Қазіргі тау жоталарының астында (Памир; Альпі) гранитті қабат 50-60км-ге дейінгі тереңдікте болады. Ал, Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары ойпаттарының астында бұл қабат жоқ немесе өте жұқа болады.

Базальт қабаты гранит қабатының астында орналасады. Қалыңдығы 5 км-ден 30 км-ге дейін ауытқиды. Бұл қабат физикалық қасиеттері және химиялық құрамы бойынша базальттарға жақын. Жыныстардың тығыздығы 3,32 г/см3 болады.

Жер қыртысы кейбір мұхиттардың астында жұқа шөгінді қабаттардан құралады және оның астында бірден 5-15 км қалыңдықты базальт қабаты жатады.



Жер мантиясы және ядросы. Жер қыртысының астында жер мантиясы жатады. Мантияның қалыңдығы 8...2900 км аралығында. Сейсмикалық толқындардың жылдамдылығының әсерінен мантия ұзына бойына өзгеріп, жоғарғы мантия – тереңдігі 8-400 км (В), ортаңғы мантия – тереңдігі 400-900 км (С) және төменгі мантия – тереңдігі 900-2900 км (D) болып үшке бөлінеді (5 сурет).
Жоғарғы мантия (В) қабаты негізінен, оливин және пироксен минералдарынан тұрады. Жоғарғы мантиямен келесідей құбылыстар байланысты: вулкандардың атқылауы, көптеген жер сілкіністері және тектоникалық үрдістер. Ортаңғы мантияда (С) қысым 24,6 мың МПА дейін жетеді. Сондықтан құрамында кездесетін заттар қатты және тығыздығы өте жоғары 4,68 г/см3. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығы 9-11,4 км/с аралығында. Ал, төменгі қабаттың (Д) құрамы біртекті, негізінен, темір тотығынан, магнийден тұрады және аз мөлшерде алюминий, титан кездеседі. Қабат тығыздылығы 5,69-9,4 г/см3 арасында ауытқиды, сейсмикалық толқындар жылдамдығы 11,4-13,6 км/с жоғарылайды. Мантия мен ядроның шектесуі 2900 км тереңдікте болады. Ядроның химиялық құрамы әлі белгісіз, 2 қабаттан, яғни сыртқы (қысымы 0,15 млн. МПА, тығыздығы 12 г/см3, сейсмикалық толқындардың жылдамдығы 8,1-10,4 км/с) және ішкі қабаттардан (қысымы 0,35 млн. МПА, тығыздығы 17,3-17,9 г/см3, сейсмикалық толқындардың жылдамдығы 9,5 км/с) тұрады. Сыртқы қабатының химиялық құрамы силикаттарға жақын, ал ішкі қабаты темірден құралады деген болжамдар бар. Кейбіреулерінің айтуы бойынша ядроның химиялық құрамы мантияның құрамына жақын, ол металданған күйде болады дейді. Өте жоғары тығыздық әсерінен (303 • 106кПа) ядрода ауыр металлдар қасиеті пайда болады. Сыртқы жер өзегі сілкініске сезімділігіне байланысты сұйықтардың қасиеттері бар, бірақ қаттылығы құрыштан да жоғары және көптеген механикалық қасиеттері бойынша материяның кристаллдық күйіне сай болады.










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет