Сабақ: 3 күні Тақырыбы : Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар



Дата27.07.2017
өлшемі26,97 Kb.
#22049
түріСабақ
Биология пәнінен сабақ жоспары

Сабақ: 3 күні ________

Тақырыбы:Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.

Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.

Ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды атаңдар. Олардың қандай еңбектері бар?

Қорық деген не? Еліміздегі басты қорықтарды атаңдар. Өзің қайсысында болдың?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


1. Микроскоптың шығу тарихы

2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі



1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.

Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған.



Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі туралы айту.

Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелер есте болуы керек:

А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;

Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі – кіші, екіншісі – үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;

Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;

В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;

Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды. Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза, құрғақ шкафқа орналастырады.Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі.

ІV. Бекіту.

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.



Үй тапсырмасы. Оқып, 1-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет