while i < 15:
print(i)
i = i + 2 # нәтиже 5 7 9 11 13
Есеп №3. 2-нің 1-ден 10-ға дейінгі дәрежесін экранға шығару
for x in range(1,11):
print ( 2**x )
# 2 4 8 16 ... 1024
Функциялар
Функция белгілі бір тапсырманы орындайтын және бағдарламаның басқа бөліктерінде қайталап қолдануға болатын код блогы болып табылады.
Функцияның жазылу форматы:
def функция_аты ([параметрлер]):
инструкциялар
Жақша ішіндегі параметрлер міндетті емес.
Қарапайым функцияны қарастырайық:
def say_hello():
print("Hello")
Функцияны шақыру үшін функция аты және жақшаның ішінде параметрлерге берілетін мәндер көрсетіледі.
def say_hello():
print("Hello")
say_hello()
say_hello()
say_hello()
Мұнда say_hello функциясы үш рет шақырылып тұр. Нәтижесінде біз келесідей консольдық түр аламыз.
Енді функцияны параметрлерімен қолданайық.
def say_hello(name):
print("Hello,",name)
say_hello("Tom")
say_hello("Bob")
say_hello("Alice")
Функция name параметрін қабылдап, экранға келесі нәтиже шығады:
Достарыңызбен бөлісу: |