Мәнді айнымалыға меншіктеу: Python-да айнымалы типін хабарламалау қажет емес, ол автоматты түрде жүзеге асырылады. Мәнді айнымалыға меншіктеу үшін тең (=) белігісі қолданылады.
Мысалы:
country = "Swiss"
age = 23
print country
print age
Нәтижесі: Swiss 23
Сандарға қолданылатын операциялар, шартты өрнектер Меншіктелген арифметикалық операциялар Кейбір арнайы операциялар операция нәтижесін бірінші операндқа меншіктеуге мүмкіндік береді:
+=
Қосынды нәтижесін меншіктеу
-=
Азайту нәтижесін меншіктеу
*=
Көбейтінді нәтижесін меншіктеу
/=
Бөлінді нәтижесін меншіктеу
//=
Бүтін бөліндінің нәтижесін меншіктеу
**=
Санның дәрежесін меншіктеу
%=
Бөлінді қалдығын меншіктеу
Операциялар мысалдары:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
number = 10
number += 5
print(number) # 15
number -= 3
print(number) # 12
number *= 4
print(number) # 48
Шартты өрнектер Кейбір операциялар шартты өрнектерді білдіреді. Бұл операциялар екі операндты қабылдап, boolean типіндегі логикалық мәнді қайтарады. Тек екі логикалық мән ғана бар: True (ақиқат) және False (жалған).