Сабақ №30 Тақырып: Ақуыздар Жоспар: Ақуыздар (нәруыздар) Нәруыздардың қасиеттері



бет2/3
Дата11.05.2022
өлшемі18,19 Kb.
#142644
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ХИМ Сабақ№ 30 2

2. Нәруыздардың қасиеттері
Физикалық қасиеттері. Қатты күйде нәруыздар ақ түсті ұнтақ заттар. Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, нәруыздардың нақты балқу температуралары болмайды.
Химиялық қасиеттері. Нәруыздардың ерігіштіктері әртүрлі. Нәруыздардың көбі сілте мен қышқыл ерітінділерінде ериді. Кейбіреулері суда және тұздардың сұйылтылған ерітінділерінде ериді. Нәруыздар ерігенде басқа да жоғары молекулалы қосылыстар сияқты коллоидті ерітінділер түзеді. Нәруыздар органикалық еріткіштерде (спирт, бензол) ерімейді.
Нәруыздардың екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көріршесі, т.б.) әлсіз болғандықтан оңай үзіліп, нәруыздардың кеңістік құрылымдарының бұзылуы нәруыздың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ұшыраған нәруыз өзінің биологиялық функциясын атқара алмайды. Қыздыру, радиация, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден нәруыз денатурацияланады.
Нәруыздың гидролизі. Сілті немесе қышқыл ерітінділерін қосып қыздырғанда, нәруыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді:
-НN - СН2 – СО –NН - СН – СО – NН - СН – СО - nH2O -----
/ /
СН3 СН2-SH
---- H2N –СН2 – СООН + Н2N – СН – СООН + Н2N – СН -СООН
глицин / /
СН3 СН2 – SH
аланин цистеин
Нәруыздардың түсті реакциялары. Нәруыздарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.
1. Биурет реакциясы. Мыс (ІІ) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен нәруыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция нәруыздардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.
2. Ксантопротеин реакциясы (грек. ксанто-сары) құрамында бензол ядросы бар нәруыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.
3. Құрамында күкірт бар нәруыздарға қорғасын ацетаты мен сілті қосып қыздарғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет